Сейсенбі, 15 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ізгі ниет

07.10.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
Silhouette of muslim woman praying with prayer beads during sunset background

Silhouette of muslim woman praying with prayer beads during sunset background

135
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тар пейілді кеңімес,

Кең пейілді кемімес.

(Бұқар жырау)

 

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Қазақта пейілге байланысты ұмытылып бара жатқан «Пейілсіз істе қайыр жоқ», «Әркім өз пейілінен табады», «Жақсы ниет – жарым ырыс», «Адамның құлқы түзелмей, құлпы түзелмейді» деген тамаша нақыл сөздер бар.

Қазіргі қарбалас заманда ізгілік пен кеңпейілдік ең маңызды қасиеттерге айналды. Маңыздылығы сол, бүгінде адамдар бар қиындықты жеңуде, өз өмірінен шынайы қуаныш пен тіпті өмірінің мағынасын табуға көмекші құрал ретінде бұл қасиетті зерделей бастады. Қазіргі тоқтық, бәрі жеткілікті уақытта қоршаған ортамен, өзгелермен материалдық құндылықтарды емес, ең құнды уақытыңмен бөлісу, қамқорлық пен көңіл бөлу сияқты ниет пен пейілдің рухани жағы басымдық алды. Үнемі шаршап жүретін, ештеңеге зауқы жоқ, немесе бір ауыз сөзге бола ашулана қалатындар ортамызда қаптап жүр. Ал жадырап-жайнап, көңіліңді аулауға тырысатын, позитив туралы лекция оқып тұрған танысыңды көрсең, әңгімесінің ауанында ол желілік (сетевой) маркентингте дәрумен, не басқасын сатып жүр. Тізімге алған тапсырмасы бойынша алыс-жақын таныстарын іздеп, сол кәсібін жүргіземін деп шаршап жүр. Әрине, бұл маркетинг саласының да пайдалы жақтары көп: адамдарды тіл табысуға, әлемдік деңгейдегі кітаптарды оқуға, салаларды салыстыруға көмектесіп, көкжиекті кеңейтіп, дамытады, түсіне білгендерге. Алайда қазіргі тақырып бұл сала туралы емес. Ал шын пейілмен, ізгі ниетпен жылы ұшырай кететіндер саусақпен санарлықтай боп барады.

Шәкәрім атамыз ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам екенін айтады. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын адам болады деген. Ал адам бола білу – ең қиын мамандық. Ізгі ниетті, ақ ниетті, пейілі кең (кеңпейіл), ықыласты деп кей адамдарды бөле-жара жақсы көріп, іш тартып тұратынымыз рас. Бірақ бірен-саран сондай адамдарымызды өзіміз қадіріне жетпей, бағасын білмей, алыстатып алып жатамыз.  Қазіргі уақыттағы кең пейілділік – әлемге жарқын көзқараспен, сеніммен қарауға мүмкіндік беретін адамның ішкі жан-күйі. Өзгелерге деген құрмет пен сүйіспеншілікке үйрену, өзгеде барды қызғанбау, нәпсіні тәрбиелеп, ешкімді айыптамау, рухани ризығын арттырып, рухани ресурспен бөлісу – бүгінде біздің басты үйренуге қажетті мұқтаждықтарымыз болып отыр.

Қызмет көрсету саласында ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқандықтан қызмет көрсету деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын барлық жаңа дағды, тренинг, жаңа оқыту бағыттарын зерделеп жүреміз. Барша «оқытушылардың» үйрететіні өзгені күлімсіреп қарсылап алып, өзге адамның бабын табу, көңілін аулау, қызықтыра білу, т.с.с болып созыла береді. Әйтсе де Сізді қанша оқытса да, өзгеге деген шын жанашырлық ықыласыңыз бен ақ пейіліңіз болмаса, қызмет көрсетуші роботтан айырмашылығыңыз жоқ емес пе? Көңіл күйіне қарай бірде олай, бірде былай боп құбылып отырған адамнан гөрі, бағдарламасы нақты жазылған робот-техника сіз бен бізден тіпті тиімдірек болмай ма?

Ыбырай Алтынсарин атамыз «көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» деп бойымызға сіңіртуге тырысқан осы ниет тазалығы Құран кәрімде «(Мүміндерге): Көкіректеріңдегіні (ниет-пиғылдарыңды) жасырсаңдар да, жария етсеңдер де, бәрібір, Алла Тағала бәрін біледі. Сондай-ақ, Ол – жеті қат аспан мен жердегінің бәрін біледі. Алланың құдыреті бәріне толық жетеді» – деп айт» делінген екен (Әли Имран сүресі, 29-аят).

Біз ризық тақырыбында сөз қозғағанда ризығым артсын десең тәубеге кеп, кешірім сұрау қажеттілігі туралы тілге тиек еткенбіз. Еш жамандық жасамаған болсақ та, кешірім сұраймыз ба деушілер қатары болады. Ал ниетіміздің, пиғылымыздың теріс болғанын, пасық ойларға берілгенімізді адамдардан жасыра алсақ та, мынау кіршіксіз әлем біздің әр ойымыздан хабардар. Сондықтан әр қисық ойымыз үшін де біз тәубеге келіп, кешірім сұрауымыз қажет екен.

«Кең пейілді кем болмас» дейді. Ризығымыз бен өміріміз, алға басқан әр қадамымыз өзіміздің ниет-пейлімізге сай келіп отыратынын терең сезіне алсақ, жолымыздың ашыла берері сөзсіз. Осы азайып бара жатқан кеңпейілділіктің сипаттарына тоқтала кетсек:

Олар басқалардың артықшылықтарын көріп, жеткізе алады, өзгенің көңілін аулау үшін бақай есеппен емес, шынайы ниетімен басым қасиеттерін мақтан тұтып, әрі қарай да дамып, жарқырай беруіне тілекші болады. Ал қазір өзгелердің абыройын төккісі кеп, өзгені төмендету арқылы өзін биік көрсетем деп қателесушілердің легі көбейді.

Өзгелердің жетістіктеріне қуана алады. Ал қазір өзгелердің жетістігіне қуанбақ түгілі, басқаның шексіз қуанышын көре алмай, ал менде сол нәрсе жоқ деп қайғырып, тілінен зәр, көңілінен у шашқандар легі көбейді.

Өзгелерді түсінеді, құрметтейді. Ал қазір өзгелерді түсініп, тыңдамақ түгіл, өздерін түсіне алмай жүргендер, не қалайтынын өзі білмейтіндер де бар.

Қанағатты біліп, есептесіп жатпайды, ал бүгінде бір тапсырма берілсе де, бұл жұмысым үшін мен не аламын деп есебін алға тартатындар қанша.

Көңілінен шыққан әр шаруаға риза боп, артығымен сыйақысын төлеуге дайын тұрады, ал бүгінде керсініше бөлген уақытыңның қадіріне жетпей, осы ғана ма деп қызметіңді барынша төмендетіп, берер бағасын қызғанып, саудаласатындар көбейді. Осылайша құндылықтарының қалай өзгеріп кеткенін байқамай қалған пенделер өз болмыстарынан алыстап, дүниенің артынан қуып, асар таулары мен алар асулары бойынша жоспарлары кеңейіп, ал пейілдері барған сайын тарыла түскенін өздері байқамай қалады. Қатеге ұрынып, шығынға батқанда барып, мен не жазып едім деп, өзінен басқа кінәліні іздеуді шығарады. Ал күллі адамзаттан жасырса да, ниеті мен амалының күндердің күнінде алдынан шығатынын бала күнінен ертегі мен аңыздан оқып-тоқығанын ұмытты. Рухтың мықтылығы аңызға айнала бастады.

Біреулері атақ пен абырой іздеп жанын салады, ал ізгілер «Уа, Аллам, егер мені бұл дүниеде танымал қылуың ақыретте масқара ету үшін болса, онда бұл танымалдықты менен алып таста!» дейді екен. Ниетіміз тек адамзатқа пайдалы дүниелер әкелу болса, әлбетте «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» ешқашан.

Жазушы А.П.Чехов «бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат» деп жазғанындай, өзі үшін ғана күйттеген, әлеуметтік өмірге түк қатысы жоқ, «өзім» дегендер қатары пайда болды. Сырт көзге ортаның қамымен жүргендей боп көрінгенмен, ниеті – қалтасын қалай толтырам деп уайым жегендер де көбейді.

Әбу һурайра Абдуррахмен ибн Сахрдан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, Алла тағала сендердің дене-бітімдеріңе де, түр-тұрпаттарыңа да емес, жүректерің мен істеріңе қарайды», – деп айтты» – делінген екен. (Муслим, бирр 33). Маған сол ішкі әлемінің мән-мағынасын келтіре алмағандар үнемі сыртқы бейнесімен алысып жүретіндей-ақ боп көрінеді.

В.Франклинше айтқанда негізінде «кісі ақылына құлақ аспайтын адамдарға жәрдемдесудің қажеті де жоқ». Әркім өзі білсін деп томсырайып, жанашырлық танытпайтындарың қатарында бола беруге болады-ақ. Алайда ішкі әлемі алай-дүлей болып, өз-өзін таба алмай жүргендерге сырттан бақыт іздей бермей, өз ішіне үңіліп, ниеттерін бір тексеріп алу үшін де бұл сөздер бүгін жазылған шығар. Пейілсіз істе қайыр жоқ екенін ұғынып, әр басқан қадамымызда ниетімізді туралап алсақ, керемет емес пе? Құдай пейілдеріңізге берсін дейміз!

                                                                              АйШаНұр,

Орал қаласы                       

Таңбалар: ниет
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Алла» деп айтудан асқан бақыт жоқ
Ғибратты әңгімелер

Амалдың дұрыс болуы – сүннетке сай келуі

13.05.2025
Ашық садақа беру дінге қайшы емес пе?
Ғибратты әңгімелер

Адамның ниеті маңызды

06.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстанның Түрікменстандағы мəдениет күндері басталды

Қазақстанның Түрікменстандағы мəдениет күндері басталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00