Жұма, 12 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нәпсінің құлы болған жат ағым өкілдері

19.07.2024
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
147
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сіздің де назарыңызды аударды ма, білмеймін. Бір кездері көшеде бұзақы болып жүрген немесе ынжық ешкіммен тіл табыса алмайтын жігіттер қауымы Ислам дінін ұстанып, оның ішінде деструктивті бағытқа бейімді болып келеді. Міне осындай психологиясы бұзылған адамдардың барлығынан көрінетін ортақ қасиет бар. Осындай азаматтардың мінез-құлықтары, жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттері, әдептері мен сөздері, тәрбиесі әртүрлі болғанымен, түптеп келгенде, олардың барлығы Құранда айтылғандай «өзін тәңір тұту» деп аталатын құбылысқа негізделген.

Құран Кәрімде Раббымыз не деді? «Өз нәпсісін тәңір тұтқан және Алла оны білімімен адастырған, құлағы мен жүрегіне мөр басып, көздеріне перде қойғанды көрдің бе? Енді оны Алладан басқа кім оң жолға сала алады? Сабақ алмайсың ба? (Жәсия сүресі, 23-аят) Кез келген адам өз ақыл-ойының шегін, оның білімінің жете алатын нүктелерін, өмірінің шектеулілігін және тәжірибесінің аздығын ұмытып, кенеттен оның ақыл-ойын (оны қалауы деп те атауға болады) жалғыз нәрсе ретінде көріп сөйлей бастайды.

Мәселен, күні кешеге дейін Құран Кәрімнің бір әрпін білмей иман келтіре отырып, «Құран Кәрімнен дәлелің бар ма? Немесе Пайғамбарымыздың сахих хадистерінде айтылған ба?» дей келе өзі осылардың бірде-бірін білмеуімен қатар, оқуға сауаты да жетпейді. Алланың жіберген кітабы Құран Кәрімде айтылмаған сөзді бар деу үлкен күнәлардан болып саналады. Құран Кәрімнен дәлел сұрау Құранды толық меңгерген адамдардың сұрайтын сұрағы екенін ескергеніміз абзал.

Бұл сөйлемнің талдауы мынадай: «Мен, Алла нені айта алады, нені айта алмайтынын, қалай үкім ететінін және қалай болмайтынын анықтайтын дәрежеге жеттім. Әділдік пен зұлымдықтың не екенін, дұрыс пен бұрыстың не екенін айыра алатын санаға жеттім. Мен ақиқат пен шындықтың өлшемімін. Сонда менің қалауым мен талғамыма сай келмейтін Алланың кітабының қай жерінде жазылыпты» дегенге саяды. Бұндай түсініктегі адамдардың тағы бір пікірлеріне тоқталар болсақ, бір хадис айтылғанда, өздеріне сәйкес келмейтін хадистерді теріске шығарып, «пайғамбарым мұндай сөзді айтпайды» деумен қатар, Сахих Бұхаридегі өздерінің нәпсілеріне ауыр келетін хадистерді көргісі келмейді немесе аудармасында алмайды. Бұлай деуінің негізгі астары, пайғамбарлықтың не екенін, пайғамбардың нені айтып, нені айтпайтынын анықтайтын дәрежеге жеткен асқан ақылды адамдардың бірі екенін көрсетеді. Бұл да нәпсісінің құлы емей немене.

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026

Шын мәнінде, адам баласы сөзбе-сөз «шектелген», «қабілетсіз» және «әлсіз» жаратылыс. Бұл өмірдің де бір күні аяқталатыны сияқты, оның ақыл-ойы да, білімі де, тәжірибесі де, күші де, мүмкіндігі де шексіз емес. Ол тіпті өзінің балалық және сәбилік шағын есіне түсіре алмайды, өмірінің соңғы жылдарында оның психикалық қабілеттері жиі бұзылады.

Адамның өзін мықты деп сезінетін кезеңі ол жастық шағы мен  қартайған кемелдік кезеңі. Олай болса, аспан астында жаңа ештеңе жоқ. Күмән мен қатыгездік, адасушылық пен араңдаушылық, ғайбат пен күпір кеше бойларында көрінгеніндей ертең де жалғаса береді. Өйткені естірге құлақтарын өз қолдарымен жауып, жүректерін кірлетіп жатқанын бірі білсе, бірі білмейді.

Ал ендеше біз дінде тура жолды ұстанамыз ба, жоқ па, оны  анықтайтын Құран Кәрімді және Пайғамбарымыздың сенен де, менен де жақсы түсінген, ғалым ұстаздарымыздың айтқан сөздері мен амалдарына көзқарасымыз бен нәпсіміздің тәрбиесі.

Құдайдың бар және бір екенін мойындасақ, өз дәрменсіздігімізді түсініп, Оған әр демімізде мұқтаж екенімізді және көзді ашып-жұмғанша өз жанымыздың басқаруына сенсек, басымызға үлкен қиыншылықтар түсетінін мойындасақ, тағдырымыз да жақсылық Алладан, жамандық (келеңсіздіктер мен бұзғыншылықтар) шайтаннан екенін ғана біз хидаят (жақсылық) жолында қалуға мүмкіндігіміз бар. Құдайға мұқтаж екенімізді ұмытып, өз санамызды жеткілікті санап, дүниелік сынақты елемей, дін атынан сөз сөйлеп жанымыздың азғырулары мен шайтанның сыбдырына немқұрайлы қарайтын болсақ, Құдай сақтасын аяғымыз тайып, екі өмірімізде берекетсіз болады.

Сөз соңын қорытындылайтын болсақ, Раббымыз, бізді көзді ашып-жұмғанша нәпсіміздің жетегінде кетуден сақтасын! Раббымыз, бізді тура жолға салғаннан кейін жүректерімізді адастырма және бізге Өз тарапынан бір мейірім сыйла. Күдіксіз сен ұлылардың ұлысың. Дініме және діліме, жеріме және жерлестеріме, ұлтыма және ұлысыма зиян беретін әрекеттерден сақта мені және бауырларымды.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Астана қаласы «Діндерді зерттеу» орталығының

теолог маманы, (PhD) доктор

Таңбалар: деструктивті діни ағымжат ағымсекта
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Жалған ағым жанашырлықпен баурайды
Видео

Жалған ағым жанашырлықпен баурайды

11.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ақ некенің артықшылықтары

Ақ некенің артықшылықтары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды
Жаңалықтар

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00