Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ламин Ямаль: шыққан тегі, діні, рекордтары және арманы

12.07.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
Фото: https://www.fcbarcelonanoticias.com/

Фото: https://www.fcbarcelonanoticias.com/

1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Футболдан Еуропа чемпионаты әлемге жаңа жұлдызды жарқыратты. Ол – испаниялық вундеркинд Ламин Ямаль. Үш күн бұрын Францияға қарсы өткізген ойыннан кейін ол туралы бүкіл әлем БАҚ-тары шулап жазып жатыр.

Туған жері, ата-анасы

Ламин Ямаль 2007 жылы 13 шілдеде Испанияның Матаро қаласында дүниеге келген. Әкесі – марокколық, анасы – Экваторлық Гвинеядан шыққан. 2014 жылы «Барселона» клубының академиясына қабылданғаннан кейін балалық шағының көп бөлігін сол қалада өткізген.

Рекордтары

«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

24.08.2026
Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026

Ламин Ямальді вундеркинд деп атауға болатын себептер жетіп артылады. Атап айтқанда, ол көптеген рекордтардың иесі. Мәселен:

Photo by Joan Valls/Urbanandsport/NurPhoto via Getty Images
  • 2023 жылы 29 сәуірде «Барселона» құрамында Ла Лига матчына қатысқан ең жас футболшы атанды. Ол уақытта Ямальдың жасы 15 жас 290 күн болатын. Бірақ ол ойынды басынан бастаған жоқ;
  • Сол жылы 20 тамызда ол «Кадис» командасына қарсы өткізген ойында ең басынан алаңға шығып, тағы рекорд орнатты. 16 жас 38 күн болғанда Ла Лигада ойынның басынан алаңға шыққан ең жас футболшы атанды;
  • Сол жылы 27 тамызда «Вильярреал» командасына қарсы өткізген ойында жасы 16 жас 45 күн болғанда Ла Лигадағы ең жас ассист (голға ұласқан пас) иесі атанды;
  • 8 қыркүйекте Еуро-2024 турниріне іріктеуде Грузияға қарсы ойынға қатысып, өз елінің тарихындағы ұлттық құрамада ойнаған ең жас футболшы атанды;
  • Осы ойында гол салып, ұлттық құрама тарихындағы гол салған ең жас ойыншы атанды;
  • 4 қазанда Чемпиондар лигасында «Порту» командасына қарсы өткізген ойында осы турнирде ең басынан алаңға шыққан ең жас ойыншы атанды;
  • 4 желтоқсанда Golden Boy марапатына ұсынылған ең жас ойыншыға табысталатын The Youngest сыйлығын иеленді;
  • Биыл Еуропа чемпионатында Хорватияға қарсы өткізген ойынға ең басынан алаңға шығып, 16 жас 338 күн болғанда Еуропа чемпионаттарына қатысқан ең жас футболшы атанды;
  • Сол ойында ассист жасап, турнир тарихындағы ең жас ассист иесі атанды;
  • Францияға қарсы өткізген жартылай финал матчында ірі турнирлердің жартылай финалына шыққан ең жас футболшы (16 жас 362 күн) атанып, Пеленің рекордын (17 жас 244 күн) бұзды;
  • Осы ойында гол салып, Еуропа чемпионаттарында гол салған ең жас футболшы атанып, Йохан Фонлантеннің рекордын (18 жас 4 ай) бұзды.

Оның ендігі арманы – Еуропа чемпионатын ұтып алған ең жас ойыншы атану. Бұл арман орындала ма – оны ертеңгі ойыннан кейін көреміз.

Месси аузына түкірген бе?

Жақын күндері Лионель Мессидің сәби Ламин Ямальді шомылдырып жатқан суреті жарияланды. 2007 жылы түсірілген бұл сурет Барселонаның күнтізбесіне арналған фотосессия екен. Бәлкім сол кезде Месси қазақтың ырымымен оның аузына түкірді ме екен?

Ламин Ямаль қай дінді ұстанады

Футболшының өзі ешқашан қай дінді ұстанатынын айтқан емес. Алайда әкесінің марокколық екенін есепке алсақ, оның мұсылман болу ықтималдығы жоғары.

Интернетте Ламиннің ойын алдында мұсылманша қол жайып, дұға тілеп жатқан суреті жүр. Одан бөлек туыстарымен түскен суретте мұсылманша орамал таққан әйелдерді көруге болады. Осы суретте екі кішкентай сәбидің бетін смайликпен жауып қойған. “Көз тиеді” деп сәбидің жүзін көрсетпеу мұсылмандардың ырымы емес пе? Сондықтан вундеркинд Ислам дінін ұстануы мүмкін деген болжам шындыққа саяды.

Айтпақшы, ертең Ламиннің туған күні, 17 жасқа толады. Сіз қалай ойлайсыз: осы мерейлі сәтте оның арманы орындала ма? Испания жеңіске жете ме?

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: басты тақырып
Бөлісу30Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет
Сұхбат

Толеранттылық тәрбиесі – экстремизмге қарсы иммунитет

21.08.2026
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі
Қоғам

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тойдың маңызы мен ерекшелігі

13.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Расписание времени поста и намаза на месяц Шавваль-2022 по городам Казахстана

Таһажуд намазын оқу үшін бір ұйықтап ояну керек пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    26
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    24
  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    23
  • Тәлімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

    17
  • Түркістан: «Мектепке жол – 2026» қайырымдылық акциясы өтті

    16

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Дінді бұрмалаудың салдары не болмақ?

24.08.2026
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар

«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

24.08.2026
Саналы ойлау – қоғамды қорғайды
Сұхбат

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

23.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00