Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламдағы туысқа, көршіге және қоғамға қатысты міндеттер

22.06.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
207
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Асыл дініміз туыстық байланыстарды сақтауға үлкен мән береді. Сол себепті жанұямыздың бір бөлігі болып табылатын туыстарымызға қатысты белгілі-бір міндеттеріміз бар.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Аллаға қарсы келуден һәм туыстық байланысты үзуден (туған-туыстың ақысын аяқ асты етуден) сақтаныңдар. Шүбәсіз, Алла – сендерді әрдайым көріп, бақылап тұрушы», («ан-Ниса» сүресі, 1 аят) деп бұйырады.

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де осы туыстық байланыстардың маңыздылығы көп көтеріледі. Солардың бірінде Алла елшісі былай деп айтқан:

«Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, қонағын сыйлап, құрметтесін. Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, туысқанымен қарым-қатынасын үзбей, жалғастырсын. Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» (Бұхари, Мүслим).

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026

Сонымен қатар туыстардың бір-бірін зиярат етуі – ризық-несібенің артуына ықпал етсе (Бұхари), жақындарына қаржылай көмек көрсеткендердің сауабы бейтаныс адамға көмектескеннен екі есе көп болады (Нәсаи).

Отбасылық қарым-қатынасты сүйіспеншілікпен, сыйластықпен дамыту, қиналғанда қол ұшын беру, қонаққа бару, сый-сияпат беру, алу – біздің діни және адамдық парызымыз.

Жанұямыз бен туыстардан кейін ең жақын адамдарымыз – көршілеріміз. Біз олармен жақын жерде тұрамыз, күн сайын кездесеміз, амандасамыз.

Көршілермен байланыс жақын өмір сүрудің нәтижесінде қалыптасады. Бұл байланыстарды оң бағытта дамыту үшін бірқатар ережелерді сақтау қажет.

Алла Тағала Құранда жақын және алыс көршілерге жақсылық жасауды бұйырады («ан-Ниса» сүресі, 36 аят).

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көршілерімізге қолайсыздық тудырмауды, оларға жақсылық жасауды және оларға қатысты жаман мінез-құлықтан аулақ болуды өсиет еткен.

Көрші-қолаңмен қарым-қатынас сүйіспеншілік пен құрмет негізінде құрылуы керек. Оларға жақсы сөздер айтылуы керек. Сөзбен де, іспен де ренжітпей, қуанышта да, қайғыда да бірге болуымыз қажет. Ауырып қалса, көңілін сұрауға, қайтыс болса, жаназасына қатысуға міндеттіміз.

Әр адамның өзі өмір сүріп жатқан қоғам алдында жауапкершілігі болады. Бейбіт және бақытты қоғам құру үшін өз ортаңызда сүйіспеншілік, бауырмалдық, мейірімділік, әділдік, төзімділік қалыптастыруға үлес қосуңыз керек. Қоғам сүйіспеншілікпен байланысады және әділеттілікпен өмір сүреді. Осы жағдайда ғана адамдар бір-біріне көмектесіп, өзінің ғана емес, өзгенің де бақытын ойлайды.

Құран адам баласына қоғамдық қатынастардың қағидаларын баяндайды. Адам баласы құқықтарын, бостандықтарын және әлеуметтік жауапкершілікті теңестіруі керек. Әркімнің өмір сүру құқығын мойындауымыз, құрметпен қарап, кішіпейіл болғанымыз абзал.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Астана қаласы «Діндерді зерттеу» орталығының теолог маманы,

(PhD) доктор

Таңбалар: жақсылықИсатай Бердалиевқайырымдылықтуыстық қатынас
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Орал: “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтті
Жаңалықтар

Орал: “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы өтті

02.09.2026
Көп балалы отбасыға пәтер берілді
Жаңалықтар

Көп балалы отбасыға пәтер берілді

31.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Республикалық Құран кәрім байқауы өтеді

Республикалық Құран кәрім байқауы өтеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    525
  • Қару-жарақ тәркіленді

    517
  • Мешіт құрылысымен танысты

    516
  • Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    280
  • Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

    272

Соңғы жарияланымдар

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?
Сұрақ-жауап

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді
Видео

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026
Түрлі шарттарда жасалғанына қарамастан күнә барлық адам үшін бірдей ме?
Сұрақ-жауап

Ислам діні зұлымдыққа жол аша ма?

11.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00