Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мысырдағы маңызды іс-шаралар

31.01.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
93
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дәл осы күндері Мысыр елінде Қазақстан Республикасының Каир қаласындағы елшілігі «Тәуелсіз Қазақстанда Ислам мәдениетін дамытудағы академик, шейх Әбсаттар Дербісәлінің қосқан үлесі» атты халықаралық конференция өткізіп жатыр. Сондай-ақ Әл-Азһар жанындағы Ислам зертетулер Академиясымен бірлесіп, «Екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді.  

Каирға ат терлетіп жеткен қазақ делегациясы атынан сөз алған Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев Мысыр мен Қазақстан елшілігіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауымен бірге сәлемін жеткізді. Әрі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасын 13 жылдай басқарған,  ұстаздардың ұстазы болған Әбсаттар қажы Дербісәлінің шығыстану ғылымы мен ислам саласына қосқан үлесі жайлы баяндама жасады. Отандық шығыстану, арабтану ғылымының негізін қалаушы, қазақ тілінде араб әдебиетін тұңғыш зерттеген, арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы, профессоры, ұлт руханиятын жаңғыртуда үлесі орасан филолог ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбсаттар Бағысбайұлының Мысыр мен Қазақ елі достығын арттыруда еңбегі өлшеусіз. Соның бір дәлелі, екі ел арасында алтын көпірге айналған Нұр-Мүбарак университетінің ашылуына тікелей ұйытқы болып, қазақстандық ислам ғылымының дамуына жол салды. Сондай-ақ қазақ даласынан шыққан ортағасырлық ғалымдар мен ойшылдарды ғылыми айналымға енгізіп, Қазақстан тарихында исламтану саласы бойынша алғаш қорғалған докторлық диссертацияға жетекшілік еткен ұлағатты ұстаз екенін атап өтті.

Қазақ даласындағы ортағасырлық 100-ге жуық ғалымдар мен ойшылдарды анықтап, еңбектерін ғылыми айналымға енгізіп, ханафи ғалымдарын қамтыған алғаш тарихи ғұмырнамалық (табақат) еңбектің авторы Әбсаттар қажы Дербісәлі ғылым мен руханият көпіріне де айналғаны ақиқат.

Сондай-ақ қазақстандық делегация әлемнің екінші ұстазы атанған бабамыздың «Екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі» атты кітап тұсаукесеріне куә болды. ҚР-ның ЕАР-дағы Төтенше және өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф бастаған елшілік ұйымдастырған шаралар ғылым мен білімді құрметтеу ғана емес, екі ел арасындағы, ислам әлеміндегі тарихты жаңғыртып, өткеннің үздік дәстүрлерін қастерлеп, болашаққа жол салудың айқын көрінісі деуге болады.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Таңбалар: Абу Насыр аль-Фарабимысыр
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

21.11.2025
Дін қызметкерлері Мысырда біліктілігін арттыруда
Жаңалықтар

Дін қызметкерлері Мысырда біліктілігін арттыруда

24.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Қылует» рухани орталығының құрылысымен танысты

"Қылует" рухани орталығының құрылысымен танысты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123478 бөлісті
    Бөлісу 49391 Твитерге 30870
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00