Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Орамал тағу білім алу құқығынан айырмайды

20.07.2023
- Қоғам, Мақалалар
0
83
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде мектеп қабырғасында орамал тағу туралы дау әлі шешімін таппай келе жатыр. Бұған бірі қыз балалар жастайынан орамал тағу керек десе, енді бірі мектепте бірыңғай мектеп формасының болуын құптады. Кереғар екі жақты ұстанымға қоғам жаңашырлары өз ойларымен бөлісті.

Еске салсақ, бір жыл бұрын Жаңаөзенде хиджаб мәселесі үлкен дауға түскен болатын. Шамамен алпысқа жуық оқушы бастарына орамал таққандары үшін сабаққа бара алмаған.

Бұған қоғамдық кеңес мүшесі Рүстем Ашетов кейбір ата-аналар мектепке балаларын жібермейді деген жай сылтау дейді. Мың жерден ата-анасы болса да баланың білім алу құқығынан айыруға ешкімнің хақысы жоқ екендігін алға тартты. Оған байланысты арнайы заңның да бар екендігін айтты.

– Онлайн оқытып жатырмыз деп, шындығында ешқандай оқытып жатқан жоқ, «білім алмай жатқан қыздардың саны артуда» деген бос сөз. Бұл не сонда?! Вахабисттер қыздарын мектепке жібермеуінен қорқып, солардың ығына жығылу ма? Мемлекеттік ұстаным мен білім беру ордаларындағы ішкі тәртіп –  әр түсініктегі топтардың талаптарына қарай ойыса беретін болса, бұл қандай мемлекеттік ұстаным,- дейді Рүстем мырза.

Салт-дәстүрді жоққа шығаратындар кімдер?

Жат діни ағымдардың алдын алу – қоғам қауіпсіздігі

26.04.2026
Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды

Өзге дін өкілін құрметтеу – толеранттылықтың белгісі

24.04.2026

Ал белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы жоғарғы сыныптағы қыздардың басын жауып жүруіне рұқсат беріп, жастарына сай жарасымды, заманауи, арнайы бас киім үлгісін бекіту керек деді.

– Сосын әлеуметтік желіде жиі айтылып жүрген «қазақта тұрмысқа шыққанға дейін қыз баласы орамал тақпаған» деген аргумент орынсыз деп ойлаймын. Дәл осы принципті негізге алар болсақ, күйеуге шыққан қанша келін үйде де, түзде де орамалын басынан тастамай тағып жүр? Қанша әйел кісі кимешегін киіп жүр? Тарихта қыз баласының орамал тақпауының әлеуметтік өзіндік себептері бар болғаны түсінікті мәселе. Қазір заман өзгерді. Қазақта болмаған талай дүниені еш қымсынбастан жасап жүрміз. Ал басқаларға жүре бермейтін талапты неліктен дінге бет бұрғандардан ғана талап етіп отырмыз,- дейді дінтанушы.

Ұстаз Айнұр Әбдірасылқызы кейбір адамдар тарапынан түсінбеушілік  болып тұрады дейді. «Діни атрибутика қолданылмайды» деген сөз тұр ғой, осы талаптар да норма емес пе» деп. Біз айтар едік, мектеп формасын сақтау деген ұғымның өзі басқа ешбір атрибутиканы қолданбау дегенді білдіреді. Және бұл тек дінге қатысты емес. Біз соны дұрыс түсінуіміз керек. Мектеп формасын сақтау деген талап  -бұл алабөтен хиджапқа келген жау емес. Мемлекет заңына қарсылықтың өзі діннің негіздерін дұрыс түсінбеуден туындап отыр.

Бұл мәселеге өнертану ғылымдарының докторы Молдияр Ергебеков өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларының бірінде бала мен діннің қарым-қатынасы көбінесе оның ата-анасының дінге қарым-қатынасына қарай қалыптасатынын айтты.

– Десек те баланың рухы әрдайым еркін. Басын орамалмен тұмшалау – ешбір баланың өз қалауы емес. Сондықтан да балаларымызды 18 жасқа келгенге дейін діни символдардан алыс, еркін түрде өсіруіміз керек.

Алайда кейбір ата-аналардың осынау қысымшыл іс-әрекетіне мемлекет те қысымшыл іс-әрекетпен жауап бермеуі керек. Өйткені білім алу – адам құқы! Басына орамал тағылғаны немесе тартқызылғаны үшін қыз балаларымыз  жазаланбауы керек! Өкінішке қарай қазірге дейін осы бір мәселенің құрбаны -– қыздарымыз. Хәм екі жақты құрбан. Біріншіден, ата-анасы тарапынан жасалатын қысымның құрбаны. Екіншіден, мемлекет тарапынан жасалатын қысымның құрбаны.

Бұл қатеге бір жақты болса да тоқтау жасауға ұмтылып жатқан білім министірлігінің бастамасын қолдаймын. Қандай жағдайда да мемлекет қамтушы (инклюзив) болуға міндетті. Сол кезде басты функцияларының бірін іске асырады,- деді ғылым докторы.

Сонымен қатар қыздарымыздың білім алуы – олардың келешектері үшін өте маңызды және бәрінен бұрын елді сүю, адамның сол елдің азаматы ретінде сезіне алуынан бастау алатынын айтты.

Көпті көрген асыл тұқымның келіні Зейнеп Ахметованың айтуынша, қазақтың қызы тұрмысқа шыққанға дейін басына орамал салмаған. Кəмшат бөрік, құндыз бөрік, үкілі тақия, шашақты сорабақ, моншақты қасаба, жырға деген сондай əдемі бас киімдер болған. Шаштарын он күн тарап бес күн өрген деген, шаш күтіміне көп көңіл бөлген. Қолаң шаш, сүмбіл шаш, қара шаш, алтын шаш соның бəрі қыздың шашы. Сонда не мұсылман болады екенбіз деп соның бəрін жерге көмуіміз керек пе? Ананың барлығы арабтардыкі,- деді.

Зейнеп әжейдің айтуынша, арабтың жері ыстық, құм боран соққан бұрын. Сонда еркегі бар əйелдің бəрі көзінен басқаның бəрін жауып тастаған қарамен. Енді соны алып келіп бізге тықпалайды деп өз назын білдірді.

Қасиетті Құранда әйелдер өз сұлулығын жариялап көрсетпеуі керек, олар өз әуретін жасырып, жабық киінуі керек делінген.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: мектепорамал
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Орамалдың қызметіне зияны тиген кезі жоқ
Сұхбат

Орамалдың қызметіне зияны тиген кезі жоқ

12.04.2026
20 мың теңге айыппұл: Сабақ үстінде телефон қолдануға болмайды
Жаңалықтар

20 мың теңге айыппұл: Сабақ үстінде телефон қолдануға болмайды

06.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шошқа етінен жасалған «халал шұжықтар»

Шошқа етінен жасалған "халал шұжықтар"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123359 бөлісті
    Бөлісу 49344 Твитерге 30840
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5257 бөлісті
    Бөлісу 2102 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00