Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зекет беруден бас тартқан сахаба

17.06.2023
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
588
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында Салаба есімді сахабаның дү­ние-мүлік­ке, байлыққа құштарлығы ерекше болыпты. Күндіз-түні баюды армандаған ол ақыры Пай­ғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп былай депті:

– О, Алланың Елшісі! Мен үшін «бай болсын» деп Аллаға дұға еті­ңізші!  Пайғамбарымыз оған:

– Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе? – деп қайтарып жібереді. Салаба екінші рет келеді. Бұл жолы Пайғамбар қабағын түйіп:

– Аллаға ант етейін, егер шын тілесем мына тау мен тастың бәрі маған алтын боп берілер еді, бірақ мен қаламадым, – дейді.

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел

Шынайы тәуекел

28.10.2026

Шындығында, Пайғамбардың үйінде апта бойы, кейде ай бойы тіске басар тамақ табылмаған кездер болған екен. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  аузын ашарда үш-төрт құрмамен шектелетін.

Уақыт өте келе «Байысам, кедей-кепшік­терге қол ұшын беріп, кө­бірек сауап жинамас па едім» деген ойлар мазалаған Салаба Пайғам­бар­ға тағы да қолқа салады. Егер байыса, жарлы-жақыбайларға кө­мек­тесеті­нін айтып, Алланың атымен ант ішеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаға дұға жасайды. Көп ұзамай Салабаның малы көбейе бастайды.

Бұрын пайғамбарымыздың ізімен мешіттен шықпай, үзбей намаз оқитындығы үшін «мешіт құсы» атанып кеткен Салаба мешіт­ке анда-санда ғана бас сұғатын болды, көбіне-көп малын игере алмай намазын қаза етіп жүрді. Аз уақытта асып-тасқан малына жаңа жайылымдар іздеген ол тек жұма намаздарына келетінді шығарды.

Уақыт өте келе бірте-бірте бес уақыт намаз түгілі жұма намазына да келуді қойды. Осы уақытта зекет-садақа жайлы Алланың аяттары түсіп, әр мұсылман ша­ма-шарқынша өзгелерге көмек­тесіп жатқанда, Салаба:

– Бұларың қып-қызыл адам талау емес пе? – деп малының зекетін өтемей қойған екен.   Мұны естіген Арадақты Пайғамбарымыз:

– Қап, Салабаға обал болған екен, – деп мұңайыпты.

Бір күні Салабаға туыстарының бірі жанына қатты батыра айтуынан соң кедейлердің ақысын беріп, Алла алдындағы күнәсін жумақ боп арық, қоңы төмен малын айдап пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келгенде, ол кісі Алланың тыйым салуымен Салабаның малын енді қабылдай алмайтынын айтады.

Кейіннен Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дү­ние­ден өткеннен кейін халифалар хазіреті Әбубәкір мен ха­зіреті Омар да (Алла олардан разы болсын) Салабаның зекетін қабылдамаған екен. Халифа хазіреті Осман (Алла одан разы болсын) тұсында Салаба қайтыс болар алдында құлағына хазіреті Пайғамбарымыздың:

«Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе?» – деген сөздері жаң­ғырып тұрды.

Иә, Салабаның бұл әрекеті зекетін шынайы ықыласпен бермейтін бүгінгі сараң байларға үлгі боларлық өнеге.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz

Таңбалар: ҒибратЗекетсахаба
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші
Ғибратты әңгімелер

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

23.07.2026
Бір кесе сорпаның бағасы
Ғибратты әңгімелер

Бір кесе сорпаның бағасы

22.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қажылар туралы хикаялар – 3

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    174
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    75
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    68

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00