Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көз тиюден сақтанудың жолдары

31.01.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
465
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі кезде тіл-көз тиюге байланысты қоғам екіге бөлінеді. Бірі көз тию дегенге сенбесе, енді бірі оның бар екендігіне күмән келтірмейді. Шынымен бұл ырым ба, әлде дінде бар құбылыс па деген сауал туындайды. Осыған байланысты дінтанушы мамандардың пікірлеріне жүгіндік.

Дінтанушы Алау Әділбаевтың айтуынша, көз тию шындық. Ол халық тәжірибесімен де, ғылыми нәтижелермен де расталған құбылыс.

– Шын мәнінде әлемде біз түсініп, түсіндіре алмайтын құбылыстар әлі көп. Сондықтан көз тиюден сақтану үшін материалдық қана емес, дұға және Аллаға сыйыну секілді рухани және діни себептерге жүгіну қажет, – дейді дінтанушы.

Ал Алматы облысы Қарасай ауданының бас имамы Ернар Мәженнің айтуынша, тіл-көз тию шариғатта бар және ол расталған.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026

– Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) «Көз тию хақ» деген хадисі бар. Пайғамбар заманында бір сахаба шомылып жатқанда екінші сахаба оған сұқтанып қарағаны салдарынан оның ауырып қалғаны туралы деректер бар. Сол кезде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) «Адамның бойынан жақсы бір қасиетті көрсеңіздер, оған дұға жасаңыздар» деген екен, – дейді имам.

Сондай-ақ Алау Әділбаев көз тиюден сақтану үшін мына нәрселерге ерекше мән берген жөн дейді:

  1. «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын, «Фатиха», «Аятул-курси», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін, сонымен қатар Алланың есімдері мен сипаттарын, Оның аты аталған аяттарды оқу қажет;
  2. Елдің назарын өзіне аудартатын, олардың қызығушылығы мен қызғанышын тудыратын киім-кешектер кию мен түрлі әрекеттерден сақтану;
  3. Өзін мақтаған кісілерге «машалла, баракалла деңіздер» деп кеңес беру. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла, баракалла» десе, оның қараған нәрсесіне көз тимейді», – деген.
  4. Көзі тигіш кісілер мен орталардан мүмкіндігінше алшақ жүру. Ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда ол жерлерге бармау, бара қалған жағдайда Аллаға сыйынып, жәрдем сұрап дұға жасау қажет.

Дінтанушы өзіне көзі өткен адам белгілі болса, ол кісі бір ыдысқа су құйып алып дәрет алуы керек дейді. Сосын көз тиген кісі сол адамның дәрет алған суын басынан бастап, денесіне түгел құйғаны абзал екен.

– Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларына осылай жасатқандығы мәлім. Егер көзі өткен адам белгісіз болса, Алладан жәрдем сұрап, дұға тілеу қажет. Осылай дұға жасауды терминологияда «руқия» деп атайды. Имам Муслимнің хадис жинағында Жәбірейіл періштенің Пайғамбарымызға үйреткен мынадай рұқия дұғасы бар: «Бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иашфикә». «Алланың атымен.. Саған қиындық пен ауртпалық берген барлық нәрседен, әрбір жанның және кез келген қызғаншақ, көреалмаушының жамандығынан саған руқия жасаймын» (Саған дем саламын). Себебі шипа беруші – бір Алла ғана, – дейді  Алау Әділбаев.

Көз тиюден қорғану үшін әрдайым Алланы зікір етіп жүру керек. Сондай-ақ Құран аяттарын, дұғаларды оқып жүрген абзал.

Тағы бір ескеретін жайт, көп жұрттың ортасында назарға ілінбеуге тырысу керек. Қазақта «шілде сақтау» деген түсінік бар – жаңадан босанған анасын да, баласында да қырық күнге дейін ешкімге көрсетпеуге тырысады. Себебі балаға көз тимесін дейді.

Кейбір өңірлерде жаңа үйленгендердің де шілдесін көрсетпейді. Мұның барлығы жұрт қызғанып, сұқтанып қарамаудан сақтаған.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: Ислам дінікөз тиюырым
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры
Сұрақ-жауап

Діндегі рухани байлық не?

22.04.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Жетімнің есебі ақыретте сұралады»

«Жетімнің есебі ақыретте сұралады»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123462 бөлісті
    Бөлісу 49385 Твитерге 30866
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00