Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды

28.11.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
267
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған кезеңнен бастап өз мемлекеттік позициясын айқындап алды және бұл кезеңде толеранттылық мәселесі де тысқары қалған жоқ. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі экономикалық дағдарыс жылдары да халқымыз өзіне тән толеранттылық сипатын сақтап қалды.

Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың қол жеткізген жетістіктеріне, сондай-ақ, адами құндылықтарға баса назар аударылып отырғанына қарамастан, қауіп-қатер де белең алғаны жасырын емес. Нақтылап айтар болсақ, өркениетке қадам басқан бүгінгі әлемнің түкпір-түкпірінде дау-дамай, жанжал және соғыс ошақтары баршылық. Мемлекетаралық, дінаралық дүрдараздықтар, экстремистік, лаңкестік топтар тарапынан болып жатқан қысым, адам құқығын таптау секілді келеңсіздіктер тыйылар емес. Бұл арада әлемдегі экономикалық, әлеуметтік-экологиялық мәселелердің де біздің болашағымызға, тіпті, бүкіл адамзат өркениетіне қауіп төндіріп тұрғанын айтпай өтуге болмайды. Ол өз кезегінде адами және рухани құндылықтарға да кері әсерін тигізеді.

Толеранттылық (латын тілінде – шыдамдылық, төзімділік қабілеті, көнбістік) – басқа дүниетанымға, өмір салт-дәстүріне, мінез-құлық пен әдет-ғұрыпқа төзімділіктің социологиялық термині. Толеранттылық немқұрайдылықпен бірдей емес. Бұл сонымен қатар басқа дүниетанымды немесе өмір салтын қабылдау дегенді білдірмейді, ол басқаларға өз дүниетанымына сәйкес өмір сүруге құқық беруінен тұрады.

Осынау сын-қатерлерге лайықты жауап қайтару үшін адамзат толеранттылыққа, төзімділікке, тағаттылыққа, өзара келісімге басымдық беріп, адамгершілікке жүгінуі тиіс. Толеранттылық қай кезеңде болсын ізгілікті іс ретінде саналған. Ол – рухани бірлікке апарар жол. Түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің ортаймауына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы сақталады. Негізінен, әр адамның татулықты қалауы қоғамның тұтастығын қамтамасыз етудің бір тетігі.

Дипломсыз медресе – дүбара дін

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина Мүнәууәрәда тығыз байланыстың орнауы үшін көшіп келген мұхажирлер мен оларды үйлеріне қонақ еткен ансарларды (араб тілінде – көмекшілер, қолдаушылар) бір-біріне бауыр етті. Әрбір мәдиналық мұсылман жерін, бау-бақшасын, үйін, малын, несі бар болса бәрін екіге бөліп, жартысын мұхажир (жаман істі тастап, одан сақтанған адам) бауырына қуана-қуана берді.

Мұхажир Абдуррахман бин Ауф былай дейді: «Біз Мәдинаға көшкен кезде пайғамбарымыз Са’д бин Рәби екеумізді бауыр етті. Осыған байланысты бауырым Са’д маған: «Ей, бауырым Абдуррахман! Мен мал-мүлік жағынан мәдиналық мұсылмандардың ішіндегі ең байымын. Мүлкімнің жартысы сенікі», – деді. Мен оған «Алла Тағала мал-мүлкіңе береке берсін. Менің малға қажеттілігім жоқ. Мені базарларыңа апар, сол жетеді», дедім» – деген еді.

Қазақтың басынан қаншама зұлмат заман өткенін тарихтан білеміз. Кеңес заманында ұжымдастыру, тәркілеу, тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға көптеп қоныстануы және оларға қазақтар қолында барымен, әрі бір үзім нанымен де бөлісті. Сол кезеңдегі қазақтың қонақжайлығын, қадірін біліп және бүгінде Қазақстан көптеген ұлттар өкілдерінің ортақ үйі, қасиетті отаны болып отыр.

Діні, мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі әртүрлі ұлттардың елімізде тату-тәтті өмір сүріп келе жатқаны абыройымызды арттыра түсуде. Бұл мәселеде Қазақстанды әлем үлгі тұтады. Ұлы Даламызда бұрыннан қалыптасқан толеранттылық, төзімділік үрдістері бүгінгі Қазақстан қоғамындағы азаматтық татулық пен келісімнің, ұлтаралық, дінаралық теңдіктің бастауында тұр. Толеранттылық пен дін еркіндігі еліміздегі дінаралық келісімнің орнауын қамтамасыз етуде.

Дәстүрлі ислам отандас өзге дін өкілдерімен әділ, әрі жақсылықта өмір сүруді және зұлымдық жасамауды ескерткен. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кім де кім бір зиммиға (мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері) қиыншылық көрсететін болса, мен ол адамның дұшпанымын. Ал мен кімнің дұшпаны болсам, онымен ақырет күні жеке есептесемін», – деген болатын.

Сонымен қатар, Алла Тағала адамдардың өмір сүруіне қолайлы болуы үшін қауым-қауым етіп жаратты. Хужурат сүресінің 13-аятында: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шексіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы» – делінген.

Ендеше белгілі бір қауыммен араласа отырып, тағдырлас болып өмір сүру – Жаратушы Алла Тағала қойған заңдылық. Осыны меңзеген пайғамбарымыз бір елде, бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамдарды бір кемедегі кісілерге ұқсатып, жақсылығы да, жамандығы да ортақ екендігін айтады. Қазақта «Кемедегінің жаны бір» деген сөз осыдан қалса керек-ті.

Жаңа ғасырдағы толеранттылық – бұл адамзат қоғамындағы қозғаушы күш, қоғамдағы үйлесімді қарым-қатынастың бірегей шарты болмақ. Міне, осы қағидат тұрғысында қоғамды толеранттылыққа тәрбиелеудің барлық мүмкін құралдары педагогикалық заңдылықтарға негізделіп іске қосылуы тиіс. Тек тың идеялар батыл іске асырылса ғана жемісті нәтижеге жеткізетіні белгілі дүние. Бұл өз кезегінде Қазақстанның қай салада болсын дамуына тікелей әсерін тигізеді. Бұл бағытта әрбір істі өзара келісіммен, бірлікпен шешкен жөн.

Қазіргі таңда уақыт біздің ғана емес, бүкіл әлемнің алдына толеранттылықтың, төзімділіктің мән-маңызын түсінудің қажеттігін алға тартуда. Толеранттылық болмай әлем қауіп-қатерден арылмайды.

Жәнібек ӨТЕГЕНОВ,

Дін мәселелерін зерттеу орталығы

КММ-нің Арал аудандық бөлім меңгерушісі,

Қызылорда облысы

Таңбалар: дінаралық татулықзайырлылық қағидаларыконфессияаралық келісімТолеранттылық
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды
Мемлекет және дін

Өзге дін өкілін құрметтеу – толеранттылықтың белгісі

24.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Теріс ағым өкілдері өз қылмыстарын дінмен ақтауға тырысады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123360 бөлісті
    Бөлісу 49344 Твитерге 30840
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5257 бөлісті
    Бөлісу 2102 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00