Жұма, 12 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жат ағымдардың басты қаупі – интернетте

08.10.2022
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
538
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Интернетте адасып кету оңай. Бірақ адаспаудың жолы көп. Бұл бүгінгі таңда аса өзекті мәселе.

Өйткені қазір деструктивті діни ағымдардың бәрі де интернетке көшкен. Бұрынғыдай көшеде алдыңнан шығып, парақшаларын тықпалайтын әдеттері баяғыда қалған.

Мамандардың айтуынша, ДАИШ экстремистік ұйымының жақтаушылары әлеуметтік желілерден 2 млн-ға жуық аккаунт ашыпты. Бұл олардың өздеріне қолшоқпар болатын ізбасарларын қай жақтан іздеу керектігін анық білгендігінің белгісі. Бүгінгі Таяу Шығыста орын алып жатқан жағдайлар соның айқын айғағы.

Біздің елімізде де деструктивті діни ағымның жeтегінде кеткендердің 88 пайызына әлеуметтік желі әсер еткенін мамандар айтып келеді. Лаңкестік әрекеттeрімен танылған ДАИШ халықаралық террористік ұйы­мы әлeуметтік медиа және ғаламтордың тeхнологиялық қосымшаларын пайдалану арқылы өзге елдерден келген содырлармен қатарын көбейтті. Әлем бойынша оларға қосылушылардың 80%-дан астамы – ғаламтор арқылы арбалғандар.

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026

Деструктивті діни ағымдардың  жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Теріс ағымды ұстанушылардың басым көпшілігін жастар құрайды. Олар діни ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Әсіресе олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады және діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп қатарына тартады.

Дінге қызығушылығы бар, алайда діни білімді еліміздегі мешіт, медреселерден алуға ниеті жоқ жастар ғаламторға бір кірген соң шетін идеологияларға тап келіп, сол жерлерде шырмалып қалып жатыр. Facebook,  Instagram, VКontakte сияқты басқа да әлеуметтік желілерде салафизм идеологиясындағы материалдармен танысуға, оны жүктеп алуға, кейін санасы уланған соң таратуға жол ашты.

Қазіргі таңда  жастарымыздың интернеттегі теріс ағымға арбалмауы үшін екі нәрсе керек. Олар – медиасауаттылық және сын тұрғысынан ойлау.

Ғаламтордағы сансыз ақпаратты қабылдау бар және оны ары қарай сараптау бар. Көбіне-көп дін жолына енді аяқ басып жатқан жастар әлемді өзгерткісі келеді. Осы жолда олар әлеуметтік желілер арқылы айтылған барлық ақпаратты сорғыш материал секілді қабылдай береді. Бұл өткінші кезең. Өкінішке қарай, осы өткінші кезеңде олар деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсіп қалып жатады.

Соңғы жылдары діни ағымдарды таратушы псевдошейхтар интернеттің күшін білгендіктен сол жаққа қарай ауыса бастаған болатын. Оған 2020 жылғы карантин қосылғаннан кейін олар түбегейлі интернетке көшіп алды. Ал соңғы 2-3 жылда TikTok әлеуметтік желісі пайда болғаннан кейін оның ақпарат тарату күші бұрынғы әлеуметтік желілерден әлдеқайда жылдам екені белгілі болып отыр. Әрине, бұл деструктивті діни ағымдардың назарынан тыс қалған емес.

Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық қауiпсіздік күн тәртібіндегі ең бiр өзекті мәселеге айналып отыр. Деструктивті діни ағымдардың идеологтары ұсынатын контенттер өте әсерлі, қысқа, түсінікті әртүрлі форматта болып келеді.

Бүгінгі таңда технологияның дамуына, заман талабына сай Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы интернетте отыр. Ендеше, бұғатталған деструктивті ағымдардан босаған орындарды ұлттық құндылықтарды насихаттайтын материалдармен толықтыру – уақыт талабы. Қазақтың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін насихаттау, ата-бабалар ұстанған дін мен дәстүр сабақтастығын жалғастыру – діни теріс ағымдарға бірден-бір тосқауыл болмақ.

Жоғарыда айтылғандай, медиасауаттылықпен қоса діни сауаттылықты арттыру – ғаламтордағы жат ағымдармен күрестің ең бастапқы жолы. Біз айтып өткен қауіп-қатерлер – көтеріліп отырған тақырыптың бергі жағы ғана. Теріс ағымдардың айла-әрекеттері күн өткен сайын жаңарып, түрлі іс-әрекеттері пайда болуда. Ендеше біз де олардан қалыс қалмай, қарсы насихат пен күрес амалдарын жүргізе беруіміз керек.

Серік ЖОМАРТОВ,

Жастар Қоғамдық даму орталығы КММ-нің

Дін мәселелері бойынша директордың орынбасары

Таңбалар: ваххабизмдеструктивті діни ағымдаржат діни ағымдарсалафизмсекта
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жалған ағым жанашырлықпен баурайды
Видео

Жалған ағым жанашырлықпен баурайды

11.06.2026
Келте шешім кесапаты
Видео

Келте шешім кесапаты

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Барлығы өліп қалғандай…»

«Барлығы өліп қалғандай...»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды
Жаңалықтар

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00