Жұма, 11 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бейішке жеткізер бес амал

19.07.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
561
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Егер маған бір адам келіп: «Исламды қысқаша айтып бере аласыз ба?» – деп сұраса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисімен қысқаша жауап берер едім.

Бір күні Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларына: «Менде бес сөйлем (үкімім) бар, олармен амал ететін немесе амал ететіндерді үйрететін кім бар?» – деп сұрады. Әбу Хурайра (р.а.) дереу алға шығып: «Мен! Уа, Алланың Елшісі», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.) оның қолынан ұстап былай деді:

  1. Алланың харам еткен (тыйым салған) нәрселерінен сақ бол, сонда сен Аллаға ең көп құлшылық ететін адам боласың.
  2. Алланың (бөліп) бергеніне қанағат ет, сонда сен адамдардың ең байы боласың.
  3. Жақыныңа (көршіңе) жақсылық жаса, сонда сен нағыз мүмин боласың.
  4. Өзің үшін қалаған нәрселерді өзгеге де қалайтын болсаң, нағыз мұсылман боласың.
  5. Күлуді асыра шектен шығарып алма, өйткені көп күлу жүректі өлтіреді (қарайтады). (Тирмизи, Зухд бабы, 2- хадис)

Бұл хадистің арапша мәтіні былай деп келеді:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ يَأْخُذُ عَنِّي هَؤُلاَءِ الكَلِمَاتِ فَيَعْمَلُ بِهِنَّ أَوْ يُعَلِّمُ مَنْ يَعْمَلُ بِهِنَّ؟ فَقَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: فَقُلْتُ: أَنَا يَا رَسُولَ اللهِ، فَأَخَذَ بِيَدِي فَعَدَّ خَمْسًا وَقَالَ:

Бірлік болу үшін білім керек

Бірлік болу үшін білім керек

11.09.2026
Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
  1. اتَّقِ الْمَحَارِمَ تَكُنْ أَعْبَدَ النَّاسِ،
  2. وَارْضَ بِمَا قَسَمَ اللَّهُ لَكَ تَكُنْ أَغْنَى النَّاسِ،
  3. وَأَحْسِنْ إِلَى جَارِكَ تَكُنْ مُؤْمِنًا،
  4. وَأَحِبَّ لِلنَّاسِ مَا تُحِبُّ لِنَفْسِكَ تَكُنْ مُسْلِمًا،
  5. وَلاَ تُكْثِرِ الضَّحِكَ، فَإِنَّ كَثْرَةَ الضَّحِكِ تُمِيتُ القَلْبَ.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осы қысқа әрі нұсқа сөзімен әрбір мұсылманның бұл өмірде жасауы керек болған ең маңызды қағиданы тізбектеп бес сөйлемге сыйғызып берді. Мұсылман өміріндегі маңызды деген бұл бес қағиданы қысқаша ашықтап түсіндіріп көрейік.

  1. Алланың тыйым салған (харам) нәрселерінен аулақ болу дегеніміз ол тақуалық.

Біздің жаратылудағы мақсатымыз – Құдайға қызмет ету. Бұл қызмет Құдайдың тыйым салған нәрселерінен бас тарту, бұйырғын орындаудан тұрады. Ал бұл бұйрықтарды орындамау мен тыйымдарынан бас тартпайтын болсақ, яғни Құдайдың пенделеріне сызған шеңберінің сыртына шығып кететін болсақ, жазалануға лайық боламыз. Ендеше, баршамыз Құдайдың сызған шеңберінен шықпауға тырыссақ, әмірлерін орып, тыйымдарынан бас тартсақ, жаратылуымыздың мақсатына лайықты әрекет еткен адам боламыз. Бес күндік дүние үшін жаратылу мақсатына қайшы әрекет етіп, одан ләззат алу – даналық емес.

  1. Алланың (бөліп) бергеніне қанағат ету.

Құдай пендесін жаратқанда жынысы, ата-анасы, дене ерекшеліктері және ризық-несібесі сынды т.б. жаратты. Бұлар біздің ең негізгі сынақтарымыздың бірі. Кейбіреулеріміз бұл тағдырымыз деп бойсұнып, өзгенің мүлкіне көз салмай, Құдайдың бергеніне қанағат етіп, шүкіршілік етуді де ұмытпайды. Бұндай адамның жүрегі бай, пейлі кең болып келеді.

Ал, кейбір адамдар тағдырына бойсұнбай әрқашан басқалардың қолындағы мүмкіндіктерді, өзінен жоғары тұрғандарға қарап, қолындағыны барына шүкірлік етпейді. Мұндай адамның кедейлігі созылмалы, тұрақты, экзистенциалды кедейлік болып келеді. Өйткені оның қолында не болса да, одан жақсы/көрікті/бағалы әрқашан біреу болады, оған қарасаң «неге менде жоқ?» деген ой оны әрдайым мазалайды да тұрады.

Алланың бергеніне қанағат ету дегеніміз, өзгертуге болатын мәселелерде күш салудан тыйылу дегенді білдірмейді. Әрине, күнкөрісімізді табуға күш саламыз, еңбек етеміз, маңдай терімізбен рызқымызды табамыз, тапқанымызға қанағат етеміз, ұрламаймыз, зұлымдық жасамаймыз және «анаау менен неге артық?», «осы менде неге жоқ?» деп ешқашан Құдайға арыз айтпаймыз және бұндай сөздерден аулақ боламыз.

  1. Жақыныңа (көршіңе) жақсылық жасау.

«Мүмин» сөзінің бір мағынасы да «сенім» дегенді білдіреді. Бір қоғамда тұратын жақындарымыз бен көршілеріміз сізді сенімді деп санаса, онда сізде иманның ең негізгі сипаттамаларының бірі бар. Егер «Пәленше деген адамға шартсыз сенуге болады, одан саған зиян келмейді, мүлкіңді және жаныңды оған аманат етуіңе болады» деп айтқыза алсаң, жамандықтан аулақ болып қана қоймай, жақсылық жасайтын болсаң, міне бұл сенің шынайы сеніміңнің белгісі. Сенімің мен амалыңды жақсы жағынан бойыңнан көрсете алу әрбір мұсылманның бойынан табылуы керек болған қасиеттерден.

  1. Өзі үшін қалаған нәрселерді өзгеге де қалау

Адамның Аллаға мойынсұнуының және оның мұсылмандық сипатының бір белгісі де «Өзіне қалағанын басқа да мүмін бауырына да қалауы». Бұл жайында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Сендердің біреулерің өзі үшін қалағанын мүмін бауырына да тілемейінше мүмін бола алмайды», – деген (Бұхари, «Иман» бабы, 6-хадис).

Бір мұсылман адам дүние мен ақырет бақыты үшін нені өзі үшін қаласа, неден қорықса, барша діндес бауырлары үшін де сол тілек пен қамқорлықты сезіне білуі керек. Осылай ойлай білген, осындай ойға еріксіз баратын адамның бойындағы бұндай қасиет – шынайы мұсылмандықтың белгісі. Егер адам өзімшіл болса, дүниелік істерде басқалармен жарысса, олардан қызғанып, нығметтерінің кетуін қаласа, сәттілік пен бақыт тек өзімде ғана болса десе, бұл кісінің мұсылмандығында кінарат бар.

  1. Күлуді асыра шектен шығарып алмау

Күлу, күлкі – адам өмірдегі табиғи құбылыстардың бірі. Бұл жайында Құран Кәрімнің «Нәжім» сүресінің 43-аятында  «Күлдірген де жылатқанда тек ол (Алла)» деп айтылған.

Алла Елшісі кейде «тістері азға көрінетіндей» күлетін. Дегенмен, кез келген нәрсенің артық болуы зиян. Сіздің денеңізге қуат беретін тағамды шамадан тыс жесеңіз, ол сіздің кеселге ұрынуыңызға, тіпті бақилық да болуып кетуге себеп болуы мүмкін. Күлу мен жылау сияқты эмоциялар осындай.

Бұл сынақ өмірде жеңімпаз болу – байыппен қарауымызға байланысты. Көңілді, арзан күлкіге толы атмосферада өмір сүру және үнемі әзілдер, анекдоттар мен күлкілермен уақыт өткізу мүміннің уақыт өте байыптылығын эрозияға әкеледі.

Әлемдерге рахмет болған сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан бұл хадис жайында бір кітап жазуға да болады. Алайда біз ұзақ сөзді осы жерде дұғамен аяқтағанды жөн көрдік:

Жоқтан бар етіп жаратқан Раббымыз бізді Өзіне шынайы құлшылық ететін, берген рызық-несібесіне разы болатын, иман мен мойынсұнушылықтың тұрақтылығына, өзі үшін жақсы көргенін мүмин бауырына да жақсы көретін және қалайтын пенделерінің қатарынан болуды баршамызға нәсіп етсін.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

PhD. Доктор

Таңбалар: басты тақырыпИсатай Бердалиевисламтақуалық
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті
Жаңалықтар

Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

07.09.2026
Тәрбиесіз берілген дін қауіпті
Видео

Тәрбиесіз берілген дін қауіпті

03.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Біреуге лақап ат қойған дұрыс па?

Біреуге лақап ат қойған дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    535
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    523
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    517
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Бірлік болу үшін білім керек
Видео

Бірлік болу үшін білім керек

11.09.2026
Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді
Жаңалықтар

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00