Сейсенбі, 15 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Сенімге қатысты сөз таластырмадым»

14.06.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласының Құдайға деген сенімі дұрыс қалыптаспасса дүниедегі ең қиыны сол екен. Жақында бір кісімен ұялы телефон арқылы сөйлескен едім. Өзін білдей ғылым адамымын дейді. Оқығаны айтқан әңгімесінен білініп-ақ тұр. Дегенмен Аллаға деген сенімі бір жамағаттық топтың шеңберінен әрі аса алмады. Құдіреті шексіз болған Құдай Тағаланы көзқарасы мен санасы шектеулі діни бір топтың ұстанымынан асыра алмады. Өкінішті. Оған не айтайын?! Сенімге қатысты сөз таластырмадым. Себебі, біріншіден, оның діни санасының дұрыс қалыптаспағанын аңғардым. Екіншіден, кейбір азаматтарымыз деструктивті көзқарастарын өзгелерге тықпалап, келіспеген жағдайда кінәлап, айыпты санайтынын өмірде талай мәрте көріп жүрміз.

Егер адамның діни санасы дұрыс қалыптасса – онда ол өзге адамдардың да діни сеніміне құрметпен қарайды және олардың еркіндігін бағалай да біледі.

Соқыр сенімнің жетегіне ерген кез келген адам жамағаттан, қоғамнан, отбасынан оқшауланып, өзінікін ғана дұрыс, қалғандарының көзқарастары бұрыс деген қасаң қағиданы ұстанатынына тағы бір мәрте көзім жетті.

Көбіміз кейде мән бере қоймайтын сенім деген қасиет құлаққа жай ғана естіле салатын әрі «менмұндалап» айғайлап тұратын жарнама емес. Сенім – адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын, үміттен басталатын құбылыс емес пе?! Онда неге теріс, жат көзқарастағылар болашақтан, үмітінен қол үзіп жүр?!

Сенім адам баласына жақсылық та, жамандық та әкелетін, бақыт пен қайғы-қасірет те беретін, бізді адамшылыққа, не қаныпезерлікке жетелейтін де сенім екендігін білуіміз керек. Ол – адам алғаш жаратылғаннан осы бүгінге дейін бар болмысымызды билеп алған ұғым. Оның дұрысы мен терісі, шындығы мен ақылға сыйымсызы бар. Бұл арада күнбе-күнгі өз арамызда бола беретін, тіршіліктегі бір-біріне сену, илану деген де бар. Біз сөз етіп отырған мәселе адамдардың діни сеніміне және діни санасына байланысты.

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Біздің елімізде діни сенім бостандығы қамтамасыз етілген, яғни Құдайға сенуге немесе сенбеуге де азаматтардың құқығы бар. Біле білсек, ол құқық – адал жолмен жүру немесе ешкімге діни көзқарасына байланысты қоғамға, отбасына және өзгелерге кедергі келтірмеу деген сөз. Демек, кез келген азамат діни көзқарасына байланысты өзге діни көзқарастағыларды айыптамаса екен дейміз. Әрине радикалды, экстремистік және террористік көзқарастан бөлек.

Өкінішке орай, бір ғана мектептегі қыздардың орамал тағуына қатысты көтерілген мәселеге байланысты әлеуметтік желілерде азаматтарымыз бірін бірі сеніміне байланысты мұқатып, кекетіп, ары мен намысына тиетін сөздер айтуда. Зайырлы елде өмір сүріп жатқан соң шексіз еркіндік дегеннің болмайтынын сол зайырлы мемлекет туралы әңгіме жазғандардың өздері де ұмытып кеткен секілді.

Аға буын өкілдері жастарымызды ой-санасын, рухын, ар-ожданын кірлететін кез келген теріс іс-әрекеттен сақтандыруымыз керек емес пе?!

Алайда есте ұстайтын бір нәрсе, санада қалып кеткен жағымсыз жайттар кез келген жерде бұрқ ете қалуы ғажап емес. Мәселен, көз тыйым салынған бір нәрсеге түсіп кеткен кезде адамның жады оны міндетті түрде сақтап қояды дейді психологтар. Адам жадында сақталған бұл ақпарат күндердің күнінде сыртқа шығары сөзсіз. Мұндай жағдай адамды жаман ойларға, теріс пікірлерге, тіпті теріс әрекеттерге итермелеп, қалыпты, дәстүрлі деген жолдан тайдыра бастайды. Адам ондай кезде шамасы жеткенше өз-өзін қатаң бақылауда ұстауы шарт. Оның үстіне дәстүрлі діннің өкілдері адамның ой-санасын жаман пікірлер жаулай бастағанда дереу ондай атмосферадан алыстауды өсиет етеді. Кейде адам өзінің көзқарасы радикалданып, сеніміне селкеу түсіріп жатқанын сезбей де қалуы мүмкін?!

Осы ретте діни сананың дұрыс қалыптаспауы азаматтың өзіне де, өзгелерге де зиянды екенін естен шығармауымыз қажет. Діни сана қалыптастыру – қоғам дамуының негізгі көрсеткіштерінен, яғни, қоғамдық ізгілікті жоғары қою. Діни санасы дұрыс қалыптасқан тұлға – отанды сүюді, өмір сүріп отырған ортаңды қастерлеуді, үлкенді құрметтеуді, кішіге ізетті болуды біледі. Тіпті мұндай тұлға ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген кемел азамат болары да сөзсіз.

Қазақстан қоғамы үшін дәстүрлі емес, тарихи тамыры жоқ түрлі бағыттағы, дін атын жамылған ағымдардың идеологиясы салдарынан дінге сенуші жекелеген азаматтардың санасы радикалдануда. Әсіресе, бұл үрдістің жастар түгілі көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың да арасында белең алуы алаңдатарлық жәйт. Мамандар діни радикалдық көзқарастың пайда болуының басты екі себебін айтып отыр. Алғашқысы – діни сананың толыққанды қалыптасып үлгермеуі, кейінгісі – елімізге сырттан енген діни радикализмнің насихаттары.

Санасы радикалданған кез келген азамат дәстүрлі ұлттық рухани құндылықтарды, қалыптасқан жергілікті діни тәжірибені жоққа шығарып, мойындамайтынын білікті сарапшылар тарапынан сан мәрте айтылуда. Олар қоғамдағы қалыпты өмірден баз кешіп, деструктивті идеологияның қолшоқпарына айналды. Олардың әрекеттері дәстүрлі дінді ұстанушы көпшілікке де кері әсерін тигізуде. Осыған орай, азаматтардың радикалдануына жетелейтін факторларды анықтап, олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды үнемі жүргізу қажеттілігі күн тәртібінен түсірмеу керек деймін.

Қай уақытта болмасын ұлттық құндылықтарымызға қайшы келетін, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімге, мемлекеттің тұтастығына кері әсер ететін, елдігіміздің шырқын бұзатын жат діни көзқарастардан сақ болу – әрбіріміздің борышымыз дегім келеді.

Тұрар ӘБУОВ

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ауыл тұрғындары бірігіп мешіт іргетасын қалады

Ауыл тұрғындары бірігіп мешіт іргетасын қалады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00