Дүйсенбі, 15 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Рамазан сыйы»: «Жусан» операциясымен елге оралғандарға сертификат берілді

25.04.2022
- Жаңалықтар
0
244
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өткен аптада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин Атырау облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Алдымен Қанат Қоянбекұлы орталық «Иманғали» мешітінде жергілікті жамағатпен кездесті. Жұма уағызын жүргізген ұстаз Қанат Қыдырмин «Қасиетті Құрандағы мүминнің сипаты» тақырыбында уағыз айтты.

«Мұсылман мұсылманның бауыры. Мұсылман бауырына зұлымдық етпейді, оны сөкпейді. Кім бұл дүниеде мұсылман бауырының айыбын жасырған болса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады» деп атап өтті ұстаз Қанат Қыдырмин.

Бұдан кейін орталық мешітте қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық акциясы өтті. «Рамазан сыйы» жобасы аясында 50 мұқтаж отбасына қалалық супермаркеттің сертификаттары табысталды. Әрқайсысы 10 мың теңгелік сертификат әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, «Жусан» операциясымен елге оралғандарға берілді. Акцияға «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты Рамазан айымен құттықтады.

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026

Сондай-ақ Қанат Қоянбекұлына облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінің жұмысын таныстырды. Бас имам қазіргі таңда орталық мешіт жанынан «amin.kz» медиастудиясы, Қайырымдылық мекемесі жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ал заманауи құрылғылармен жабдықталған студия жұмысын көріп шыққан Қанат Қыдырмин медиа саласын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарын бөлісті. Сонымен бірге, Қайырымдылық мекемесінің жұмысымен танысып, саладағы бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды.

«Қайырымдылық – өте нәзік сала. Қазіргі таңда мұқтаж жандар өте көп. Аудитория тым ауқымды. Сондықтан, аудиторияны толық қамтамасыз етудің тетіктерін қарастыру қажет» деп атап өтті «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры.

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қанат Қоянбекұлы мешіт имамдарына семинар өткізді. Зекет тақырыбына арналған семинар барысында спикер мұсылман қауымы үшін бес парыздың бірі саналатын зекеттің мағынасы, оны жұмсаудың үкімі туралы кеңінен ақпарат берді.

«Рамазан айында мұқтаж жандарға демеу көбірек көрсетілуі керек. Мешіттеріміз мұң-мұқтаждарға рухани әрі әлеуметтік қолдау көрсететін орталыққа айналуы тиіс. Осы ретте, қайырымдылық бағыттағы шараларға көбірек назар салуға шақырамын. Зекет негізінен мұқтаж жандардың қажеттілігіне жұмсалуы керек» деп атап өтті «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин.

Еске сала кетелік, семинарға Атырау облысы бойынша қала, аудан, селолық округ мешіттерінің имамдары қатысты.

Одан бөлек қор директоры «Иманғали» мешітінде балалар арасында өткен рухани сайысты тамашалады. Бүлдіршіндер Алланың 99 есімін жаттаудан сынға түссе, олардың білімін мешіт ұстаздары сарапқа салды. «Алланың 99 көркем есімі» сайысында озық білімімен көзге түскен «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің шәкірті Зираш Ислам бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Атырау селолық мешітінің шәкірті Арайлым Қасымқызы лайық деп танылды. Ал үшінші орын Индер аудандық орталық мешітінің шәкірті Дәурен Саламатұлына бұйырды.

Жеңімпаздарды «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин мен Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құттықтап, сыйлықтарды табыс етсе, барлық қатысушы бүлдіршінге «Рамазан сыйы» үлестірілді.

«Шараның мақсаты – балаларға рухани тәрбие беру. Балаларымызды ізгілікке үндеу, есте сақтау қабілеттерін шыңдау» дейді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қанат Қоянбекұлы жергілікті «Атырау» телеарнасынан күн сайын көрерменге ұсынылатын «Рамазан – руханият айы» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында садақа берудің сауабы, дұғаның қабыл болуы турасында көрерменге насихат айтты.

Не арқылы: muftyat.kz
Таңбалар: "Жусан" операциясықайырымдылықРамазан
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Уақып – сарқылмас сауап
Қоғам

Шариғаттағы уақып ұғымы мен қазақ даласындағы Аққұла дәстүрінің сабақтастығы

12.06.2026
Зекеттің жалпы пайдалары
Сұрақ-жауап

Зекет пен садақаның айырмасы қандай?

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мектеп оқушыларының ораза ұстағаны дұрыс па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    56
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00