Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ер басынан аттаған палуан келіншектің хикаясы

31.01.2022
- Қоғам
0
336
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл оқиға өткен ғасырың басында Қытай билігі бақылауында ұстап отырған аймақ қазақтары арасында – Шолақ Терек, Ақдала маңында болған екен.

Албанның Жарты атасынан шыққан бір балуан келіншек сондағы бір үлкен тойда жұрттың бәрін жеңген атақты түйе палуанды жығып жүлде алыпты. Алғанда да жығып болғасын, қоя салмай, басынан кәдімгідей аттап өткен. Ал бұл рәсімнің мәні – ежелгі алыптар танымында «күшіңді алдым» дегенге саяды.

Алайда жігіт бұған қатты назаланып, налып, намыстанып қалған-дүр. Қанша дегенмен еркектік сезім бар, одан қалса бағын қайтарғандай басынан ұрғашы аттап отыр емес пе? Ерді жер қаптырған келіншектің ерлігі мен өнеріне сүйсінген желікті жұрт әйел балуанды қаумалап, у да шу болады. Той тойға ұласып, думандатып, күрестегі қызықтарды сөз қылып, ақыры кешкісін үйді-үйіне тарқайды.

Міне, қызық осы жерден басталған. Іңір түспестен, әлгі балуан келіншек өз шаңырағына келісімен тілі байланып, тынысы ауырлап, жағдайы қиындай берген. Алғашында туыстар жағы бұған аса мән бермей, уақытша ауырлық, «жазылар» деп отырады. Тек үлкендер араласып, бақсы, тәуіп іздей бастайды. Содан қариялар «Тойда не болып еді?» деп сұрамай ма?! Келіншек серіктері, «солай да солай, пәленшені жеңіп, басынан аттап кетті, басқа майып болатындай, денсаулығы құритындай ештеңе болмады» деседі. Қариялар мәселенің түйінін бірден түсініп, дереу әлгі келіншекті арбамен сол балуан жігіттің үйіне апарып, ат шапан айыптарын беріп, кешірім сұрап, келіншектің басынан кері аттатады. О ғажап, келіншек те ізінше сауығып, аяқ-қолын созып, тілге келіп, сыңсып жылап қоя берген екен.

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026
Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны

Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

18.09.2026

«Ерді қорласаң – састырар, асты қорласаң – құстырар» деген сөз бекер айтылмаса керек. «Ердің қадірі, ердің құны» деген де тектен-текке айтылмаған ғой. Бәрінің де бір астары бар.

Қытай тарабының қазағы, Жарты руының қызы, кейуана Кенжехан Жүнісқызының 30 жыл бұрын айтқан әңгімесін ұрпақтары айтуымен хатқа түсірген мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: Абылайхан Қалназаров
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

“Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті
Жаңалықтар

“Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті

01.04.2026
«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті
Жаңалықтар

«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті

19.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Ынтымақ жылы»: Бас мүфти шынайы бауыр болуға шақырды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

    86
  • «Бұл да бір күні өтеді…»

    29
  • Құбылаға қарап намаз оқу міндет пе?

    27
  • 25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні

    26
  • «Ой, папа, болды!..»

    23

Соңғы жарияланымдар

Дін насихаты эмоциямен жүрмейді
Видео

Дін насихаты эмоциямен жүрмейді

29.09.2026
Халал индустриясы саласындағы ынтыматақтастық жанданады
Жаңалықтар

Халал индустриясы саласындағы ынтыматақтастық жанданады

28.09.2026
Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Намаздағы ықылас

28.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00