Сәрсенбі, 15 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл: Еліміздің бірнеше аймақтарында ескерткіш орнатылады

26.01.2022
- Жаңалықтар
0
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші орнатылады.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты.

Үкімет мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды.

Президенттің Жарлығына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы аталған комиссия төрағасы болып белгіленді.

Ұлттық кітап күні атап өтіледі

Ұлттық кітап күні атап өтіледі

14.04.2026
Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

14.04.2026

2021 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар бекітілді. Жоспарда Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұраларын халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде насихаттау мақсатында ғылыми, мәдени-ағартушылық, ақпараттық-имидждік іс-шаралар қамтылған.

Бұл жоспарда депутаттық сауалда көтерілген бірқатар мәселелер қарастырылған. Атап айтсақ, Қостанай облысы Жангелді ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылындағы тұлға өмірге келген үйді қалпына келтіріп, жәдігерлермен толықтырып, музей-үй етіп ашу және Байтұрсын әулетінің қорымын қоршауын жаңарту, Қостанай облысының аумағында Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық кешенін салу, Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды күрделі жөндеуден өткізу, Қостанай облысындағы «Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайын», Алматы қаласындағы «Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін» абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген Сарытүбек қонысы аймақтық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілген, – деп айтты Ералы Тоғжанов.

Оның сөзінше, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 51 шешіміне сәйкес жеке меншіктен коммуналдық меншікке алынды. Аталған жоспарға сәйкес ағымдағы жылы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінің ғылыми-реставрациялық жұмыстары үшін ғылыми-жобалау құжаттамасы әзірленеді.

Жангелдин ауданының атын өзгерту, Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру мәселесі қоғамның пікірін ескеру мақсатында жергілікті халықпен, ауылдық округпен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен, ардагерлер кеңесімен талқылау жұмысы, кездесулер ұйымдастырылғаннан кейін нәтижесіне қарай қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес іске асырылады. Ахмет Байтұрсынұлының есімін облыс орталықтарындағы мектептерге, орталық көшелерге (даңғылдарға) беру мәселесі жергілікті жерлердің ономастикалық комиссия отырыстарында қаралатын болды. Бұл мақсаттағы жұмыстар заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес барлық өңірлердің әкімдіктері тарапынан іске асырылады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесі де Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ал Түркияның Анкара қаласында, Ресейдің Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесін қарастыру аталған жоспарда қамтылған, – деп айтты Премьер-министрдің орынбасары депутаттарға берген жауабында.

Оның сөзінше, жоспарда Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын түркі әлеміне насихаттау мақсатында ТҮРКСОЙ ұйымының, отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ыстамбұл қаласында дөңгелек үстел, фотокөрме ұйымдастыру, Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресін өткізу, сонымен қатар Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Баку қаласында «Баку конгресі және Ахмет Байтұрсынұлы» атты конференция, Орынбор және Ташкент қалаларында мерейтойға арналған іс-шараларды өткізу қарастырылған.

Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлттық кітап күні атап өтіледі
Жаңалықтар

Ұлттық кітап күні атап өтіледі

14.04.2026
Баланы ұрып-соғу арқылы тәрбиелеуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Балаға намазды ұрып үйретуге бола ма?

14.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Қасіретті қаңтар" деректі фильмі жарыққа шықты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122627 бөлісті
    Бөлісу 49051 Твитерге 30657
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    531 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    454 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық кітап күні атап өтіледі
Жаңалықтар

Ұлттық кітап күні атап өтіледі

14.04.2026
Баланы ұрып-соғу арқылы тәрбиелеуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Балаға намазды ұрып үйретуге бола ма?

14.04.2026
Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар

Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

14.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00