Бейсенбі, 8 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құлқынның құлы – ұлтының ұлы емес

01.07.2021
- Қоғам
0
534
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Асқазанында құрты бар адамның семірмейтіні сияқты, ішіне жемқорлық секілді жегіқұрт түскен мемлекет ешқашан дамымайды, халқы байымайды.

Құлқынның қамын басты орынға қоятын адамдары көбейіп кеткен қоғамда жемқорлық індеті әрдайым бүршік жарып, гүлдей беретіні даусыз. Бірақ, бұл – парақорлықпен күресті саябырсыту керек дегенді білдірмесе керек. Керісінше, күн өткен сайын онымен күрес қарқын ала түсуі тиіс.

Дегенмен, бір нәрсе ақиқат: адамның санасына парақорлыққа бой алдырудың мемлекетке де, өзіне де зияны мен күнәсі туралы түсінікті, жемқорлыққа деген жеккөрінішті жастайынан сіңірмесе, одан өзге күрес шаралары – құр тыраштану екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жемқорлықты іштей жақсы көріп, жаны қалап тұрған адам, қанша жерден тыйым салсаң да, заңмен қорқытсаң да, оған барудың түрлі жолын ойлап табады.

Жемқорлыққа қарсы жеккөрінішті қалай қалыптастырамыз? Ол көшелерге самұрықтың қанатындай далитып «Пара алмайық!», «Жемқорлық – жегіқұрт!», «Өзіңнен баста!» деген секілді девиз жазып қою арқылы қалыптаспаса керек. Бұл керісінше парақорлықпен айналысуға шақырып тұрғандай күлкілі нәрсе.

Діни сауаттылық – заман талабы

Діни сауаттылық – экстремизмге қарсы иммунитеттің негізі

05.10.2026
Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026

Осы орайда, біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін үгіт-насихат жүргізуде діннің әлеуеті өте зор. «Параны берген де, алған да, ортасында делдал болған да – тозақта» деген сияқты хадистерді баланың құлағына жас кезінен сіңіріп отырсақ, өскенде ол мұндай күнәлі, қоғамға зардабы мол істен аяғын тартып тұрар еді.

Пайғамбардың сахабасы, әйгілі халифа Омар ибн Хаттабтың өмірінен бір жақсы мысал бар. Мемлекет басшысы болып тұрған шағында оған бір адам келеді. Омар: «Шаруаңыз менің өзіме қатысты ма, әлде мемлекет ісіне қатысты ма?» – деп сұрайды. «Сіздің жеке өзіңізге қатысты шаруа», – деп жауап береді әлгі адам. Сонда халифа үстелінде жанып тұрған майшамды өшіріп, дәл сондай екінші майшамды жағады. Мұның мәнісін сұраған адамға: «Бірінші жанып тұрған майшам мемлекеттікі еді. Мынау екіншісі – өзімдікі. Сөйлесетін шаруамыз маған қатысты болғасын, өз майшамымды жақтым», – деген екен.

Бұдан біз әділеттің ақ туын көтерген халифалардың тіпті кішкене майшам секілді мемлекет мүлкіне ұқыптылықпен қарап, қара басының қамы үшін пайдаланбағанын көреміз.

Ал қазіргі кейбір шекпенділер мемлекет қаржысын миллиондап жұта салып, дым болмағандай, беті бүлк етпестен басшылық қызметте жүр. Сырттай ел басқарған іскер тұлға болып көрінгенімен, жұрт көзінен тасалана бере сол мемлекетті жауынан бетер тонап жатқан парақорларды нағыз «екіжүзді» деп атаса жарасады. Құранда мұндайларға қатысты: «Мұхаммед, қияметте екіжүзділерге қатты азап бар екенін өздеріне хабарла», – деген ескерту бар.

«Бақара» сүресінің 188-аятында: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ, біле тұра адамдардың малынан бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар», – деп тікелей жемқорларға қарата ескерту жасалады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте Ислам дінінде айтылған осындай рухани тәлімдерді бойға сіңіріп, адамның өз ішіндегі күресті, яғни күнәға деген жеккөрінішті күшейтудің пайдасы көбірек болса керек.

Ол үшін, әрине, ең біріншіден өмір сүруге қолайлы қоғам құрған жөн. Қазір, өкінішке қарай, біздің қоғамды өмір сүруге толыққанды ыңғайлы деп айта алмайсың. Бір істі қолға алайын десең, алдыңнан түрлі кедергі шыға келеді. Олардан «сүрінбей» өту үшін көп адам «сыбайластыққа» жүгінуді құп көреді. Кейде жемсаулары толмай жатқан жемқорлар осындай кедергілерді әдейі қолдан жасап, халықты пара беруге мәжбүрлеп қойған ба деп қаласың…

Асқазанында құрты бар адамның семірмейтіні сияқты, ішіне жемқорлық секілді жегіқұрт түскен мемлекет ешқашан дамымайды, халқы байымайды. Бұл әр адам есіне сақтап жүрер бұлжымас заңдылық!

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпЕскендір ЗұлқарнайкоррупцияПарақорлықсыбайлас жемқорлық
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ортақ құндылықтар төрге озады
Видео

Ортақ құндылықтар төрге озады

07.10.2026
Жаңалықтар

Мүфтият Исматулла Мақсұмға қатысты мәлімдеме жасады

01.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Суретшінің күнәсі перғауынның күнәсінен де ауыр ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    511
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    507
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    405
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    358
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    261

Соңғы жарияланымдар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026
Ғибратты әңгімелер

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026
Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі
Жаңалықтар

Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі

08.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00