Дүйсенбі, 27 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам діні қараңғылыққа бастай ма?

24.11.2020
- Сұрақ-жауап
0
290
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ислам діні ілім-білім үйренуге қалай қарайды?

Жауап: Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы – білім алу және іздену. Алла Тағала Құран Кәрімде білімнің артықшылығын бізге: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» – деп баяндайды («Зумар» сүресі, 9-аят).

Оған қоса Алла Тағала ілім берілген мүміндердің дәрежелерін басқалардан жоғары етеді. Құранда: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады. Алла сендердің істегендеріңнен хабардар», – деп бұйырылады («Мужәдәлә» сүресі,11-аят).

Ардақты пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде  «Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деген.

Қазақ жері – толеранттылықтың алтын бесігі

Діни төзімділік деген не?

27.07.2026
В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы

Жамағат намазында сапты не үшін түзеу керек?

27.07.2026

Ибн Масғұд (р.а.) «Ғылымның жоғалуы – ғалымдардың өлімімен болады. Жаным құзырында болған Алланың атымен ант етемін, Алла разылығы үшін өлген шейіттер ғалымдарға берілген жоғарғы дәрежелерді көргенде, ғалым болу үшін дүниеге қайта келуді тілейді», – дейді.

Ибн Аббас (р.а.): «Мен үшін түннің аз да болса бөлігін ғылым үйренумен өткізу, түні бойы ғибадат етуден жоғары», – дейді.

Алла Тағала Құранда адамдарды ойлануға, айналадағы жаратылыстарға қарап, оның кереметтігіне көз жеткізуді бұйырады. Осы арқылы дүние заңдылықтарының даналықпен орналастырылғандығын түсініп, бұның бір құдіретті жаратушысы бар екенін еріксіз сезінеді.

Алла тағала Құран Кәрімде: «Ақиқатында аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің алмасуында, адамдар үшін пайдалы нәрселер мен теңізде жүретін кемеде және Алланың аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оны тірілтуінде әрі онда түрлі жануарларды таратуында және желдердің алмасуында, аспан мен жер арасындағы бағынышты бұлттарды басқаруында ақыл иелері үшін (Жаратушының бірден бір екенін дәлелдейтін) даусыз дәлелдер бар», – деп адамзатты ойлануға шақырады («Бақара» сүресі, 164-аят).

Демек, адамға үйретілген ілімі тек шариғи білім емес екен. Адам баласы жаратылыстану ғылымдарын назардан тыс қалдырған жағдайда, жер бетіне жіберілген халифалық миссиясын толыққанды атқара алмайды. Сондықтан екі ғылымды да қатар алып жүру – мұсылман үмбетінің негізгі міндеті.

Мұсылман ғалымдары көптеген заманауи шариғи, фиқх мәселелерде халал немесе харам екендігіне қатысты дұрыс шешім шығара алу үшін медицина, химия, астрономия, т.б. ғылым салаларының мәліметтеріне жүгінуіне тура келеді.

Мысал ретінде экономика, сауда саласын алсақ, фақиһ ғалым сауда, экономикадағы барлық қарым-қатынас түрлерін білмесе, соған қатысты мәселе туындаған жағдайда қалайша дұрыс үкімдер шығармақ? Банкте, биржада орындалатын түрлі кіріс-шығыс айналымдары жайлы тек осы саланың мамандарының көзқарасына жүгіну арқылы ғана дұрыс көзқарас айта алады.

 Ұлы  Абай: «Жасымда  ғылым  бар  деп  ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім», –десе, Шәкәрім адам өмірін үш кезеңге бөліп, оның сол Абай меңзеген ең қуатты жастық шағын ғылымға арнауды насихаттайды.

Қазіргі заманғы ғылымдарды игеріп, дамуға кедергі келтіретін надандық, кедейлік және идеялық жікшілдікпен күресудің ең маңызды жолы білімнен басталады. Өкінішке орай, білімсіздік мұсылман жамағатын жік-жікке  бөліп, Ислам  әлеміне  қара  күйе  жақтырады. Сол  себепті ілімсіздіктің залалы шаш етектен екендігін ұмытпайық.

Даналарымыздан «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім…», – деген қанатты сөз қалған.  Шындығында, адамның және жалпы ұлттың қадірі оның білімімен өлшенеді. Халықтың жері қаншалықты бай болса да, оны игеретін ғалымы, білімді азаматы болмаса одан не пайда?!

Сондықтан келешегі кемел, жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу ішін, білімді, көкірегі ояу, бәсекеге қабілетті жаһандық нарықта бағасы бар, сапасы жағынан өзгелерден ұтымды дүние ұсына алатын халық ретінде қалыптасуға ұмтылғанымыз абзал.

Ең жақсы мирас – білім!

Балғабек МЫРЗАЕВ

Таңбалар: білім-ғылымИслам дініілім алу
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос тірегі

09.07.2026
Ал сіз әлемге не бердіңіз?
Сұрақ-жауап

Исламда өмірдің қадірі мен мәні жайлы не айтылған?

01.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шариғат уринотерапияға рұқсат ете ме?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    515
  • Бір кесе сорпаның бағасы

    46
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    27
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    22
  • Намаздың хикметі неде?

    19

Соңғы жарияланымдар

На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Қоғам

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026
Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным
Сұхбат

Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

27.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00