Бейсенбі, 7 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сұрақ: Жоқтау айтып жылау харам ба?

23.09.2020
- Сұрақ-жауап
0
3.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Жоқтау айтып жылау харам ба?

Жауап: Қайтыс болған адамның артынан жоқтау айтып жылау – барлық халықтарда бар ғұрыптардың бірі. Қазақ халқында да жоқтау айтудың өзіндік үлгілері қалыптасқан.

Жоқтау – ауыр қайғыға, қасіретке тап болған адамның шерін, мұңын тарқатып, басқа түскен қайғысын жеңілдетуге септесетін іс-шараның бірі. Ислам шариғаты жоқтау айтып жылауды жойып жіберген жоқ. Қайта керісінше, Алланың жазғанына, тағдырға сенген мұсылман пендесіне шариғат шеңберінен шықпай, шерін төгіп, көңілін босатуға рұқсат еткен[1].

Ислам шариғатында дүниеден озған кісінің артынан жылауға рұқсат екендігіне қатысты ижма, яғни бірауыздан келісім бар. Мұндай жағдайда жыламау үшін адам тасжүрек болу керек.

VIP қажылық ысырап емес пе?

VIP қажылық ысырап емес пе?

05.05.2026

Ғаламтордағы ашық діни ақпараттың қаупі қандай?

04.05.2026

Жылау – Алла тағаланың адам баласының жүрегіне салған мейірімнің белгісі. Осыған қатысты Имам Бұхари мен Муслимнің хадис жинағында мынадай хадис келген:

«Алла елшісіне (с.а.с.) жан тәсілім етер алдында қиналып жатқан немересі (қызының баласы) әкелінген кезде қос жанары жасқа толып, жылады. Мұны көрген Сағыд (р.а.): «Уа, Алланың елшісі бұныңыз не? (яғни, жылауға бола ма?)» – деген кезде Ардақты елші: «Бұл – пенделерінің жүрегіне Алланың қойған рақымы. Алла мейірімді болған құлдарына ғана мейірімін төгеді», – деген еді».

Өз баласы Ибрахим қайтыс болған кезде де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жылап: «Жүрек қайғырып, көзге жас келеді. Алайда, Жаратқан Иеміз разы болатын сөзден басқаны айтпаймыз», – деп жылауға рұқсат екенін көрсетіп кеткен.

Бірақ, үсті-басын жыртып, беттерін тырмалап, Алла тағаланың тағдырына наразылық танытып жыламау қажет. Бұған шариғатта тыйым салынған[2].

«Шариғатта жылауға болмайды. Артындағылар жылаған сайын, қабірде оған азап беріледі» деген мәселеге келсек. Бұхари мен Муслимнің хадис жинақтарында: «Қайтыс болған адамның артында қалған отбасы мүшелері жыласа, оған азап беріледі», – деген хадис бар. Ғалымдардың көпшілігінің айтуынша, бұл хадис отбасы мүшелеріне артынан жылауды арнайы өсиет етіп қалдырып кеткен адамға қатысты айтылған. Өйткені, сол кездері арабтарда қайтыс болған соң артынан жылауды өсиет етіп кету кең тараған әдет еді. Сондықтан хадистегі мұндай үкім өз еріктерімен, табиғи сезімдері нәтижесінде жылауға емес, сол кездің әдетіне сай, адамдардың қайтыс болғаннан кейін, өзін ұлықтап, құрмет көрсетілуін талап еткен адамның қалауынан туындаған жағымсыз әрекетке қатысты айтылған.

Жарық дүниемен қош айтысқан адамның артындағылар өсиет үшін емес, өздігінен жыласа, қабірдегілерге ешқандай азап берілмейді. Өйткені Айша анамыз (р.а.) қабірде жатқан адамдардың артынан жылаған адамдардың қылығы үшін азапқа тартылуының Құран аятына қайшы екенін алға тарта отырып, «Әнғам» сүресіндегі мына: «Ешкім басқа адамның күнәсі үшін жауапқа тартылмайды»[3], деген аятты сөздеріне дәлелге келтірген.

Ислам дінін қабылдап, бойына сіңірген халқымызда да жоқтау айтудың мұсылмандыққа сай үрдісі қалыптасқан. Мәселен, жоқтаудың көне де көркем үлгілерінің бірі ретінде Қаз дауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауына тоқтала кетейік:

«Біссмілләдан бастайын,
Шариғаттан аспайын,
Ішім толды қайғыға,
Азырақ көзім жастайын»;

Үмбетей жырау Абылайға Бөгенбайдың қаза тапқанын жеткізер кезде, оның батырлығын, елге жасаған жақсылықтарын айта келе:

 «…Бөгембайдай батырдың

Береке берсін артына,

Бірлік берсін халқына.

Жаратқан ием жар болып,

Пейіште нұры шалқығай!» деп түйіндеген.

Мәшһүр Жүсіп Мұса Шорманұлын келінінің жоқтауын:

«Бісмілла сөздің басында,

Көрдім бір қасірет жасымда!

Опасыз дүние-ай, дариға,

Жан атам өтті, жарандар,

Иманы жолдас қасында.

Халайық, бір сөз қозғайын,

Сүннеттен асып, озбайын,

Асылық сөйлеп Аллаға

Шариғат сөзін бұзбайын», – деп келтірген[4].

Әбдірахман дүниеден озғанда ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы да:

«…Қажыны алған бұл өлім
Сабырлық қылсақ керек-ті» деп жақындарына жұбату айтқан-ды[5].

Алау ӘДІЛБАЕВ

[1]Ибн Абидин. Хашият кітабы, 3/147.

[2]әз-ЗуһәйлийУ. әл-Фиқһул-Ислами уә әдилләтуһ, 3-т., 93-94-б.

[3]«Әнғам» сүресі, 164-аят

[4] Әбдірәсілқызы А.. http://ansar-aktobe.kz/index.php/kz/vopros-otvet/2-uncategorised/83-din-zh-ne-d-st-r-20-s-ra-pen-zhauap

[5]Абай.  Энциклопедия. (Бас  ред.  Р.Н.  Нұрғалиев). –Алматы:«Қазақ  энциклопедиясының  Бас  Редакция сы, «Атамұра» баспасы, 1995.-720 бет.

Таңбалар: Алау Әділбаевкөңіл айту
Бөлісу85Твитерге53Бөлісу11Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сәбиі қайтқан адамға қалай көңіл айту керек?
Сұрақ-жауап

Сәбиі қайтқан адамға қалай көңіл айту керек?

19.11.2025
Қазақ музыкасының жанашыры өмірден озды
Жаңалықтар

Қазақ музыкасының жанашыры өмірден озды

20.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құранда үйленуге бұйыратын аяттар бар ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    204
  • Өте маңызды өсиет

    165
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    101
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    101
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    97

Соңғы жарияланымдар

Қарағанды: «Үздік ұстаз – 2026» атты ұстаздар сайысы өтті
Жаңалықтар

Қарағанды: «Үздік ұстаз – 2026» атты ұстаздар сайысы өтті

07.05.2026
«Иншалла» – сөзінің салмағы
Ғибратты әңгімелер

«Иншалла» – сөзінің салмағы

07.05.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Прездент Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00