Бейсенбі, 19 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жар таңдаудың жасампаз жолы

09.06.2020
- Қоғам
0
772
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дәстүрлі қазақ танымында «Жалғыздық бір Құдайға ғана жарасқан» деген ұғым бар. Жаратылыстың бәрі де жұп-жұбымен жаратылған. Адам да бұдан тысқары емес.

Ер мен әйел бір-біріне мұқтаж етіп жаратылғандықтан, үйлену – Адам ата мен Хауа анамыздан бері келе жатқан үрдіс. Қазақ қоғамында «13-те отау иесі» деп, баласын аяқтандыруға ерте бастан қам жасаған. Ол үшін оған ауыл-аймақтан қалыңдық болар қыз қарастырып, айналасынан сұрастыра бастаған.

Қазақтың «13-те отау иесі» деген түсінігінің өзі оның мұсылмандық танымынан туындайды. Себебі ханафи мәзһабы бойынша қыз баланың 9 жасынан бастап балиғатқа толуы мүмкін болса, ер баланың балиғатқа толуы 12 жастан бастап күтілген. Яғни ер бала 12 жасынан бұрын балиғатқа толмайды.

Ұл баланың 12 жасынан бастап балиғатқа толуы күтіліп, балиғатқа толғанда үйленуге оған шариғат бойынша рұқсат етіледі. Демек, қазақ халқы да ұлын үйлендіру үшін осы шариғаттың рұқсат еткен жасын күткен. Ары қарай шариғат бойынша оған үйленуге рұқсат екенін білдіру үшін «13-те отау иесі» деп мәлімдеген.

Әлемді алаңдатқан соғыс

Әлемді алаңдатқан соғыс

19.06.2025
Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025

Қазақ баласына жар таңдағанда ешқашан да адамның сұлулығын, келбетін бірінші орынға қоймаған, ақылына, парасатына, көргенді жерден шыққан тектілігіне баса назар аударған.

Бұл жайында сонау XI ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн бабамыз ұрпағына айтқан өсиетінде былай деген:

Әйел алмақ болсаң, егер, қарарсың,

Жіті бағып таңдаулысын аларсың.

Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,

Пәк ұятты болсын жанның тұнығы.

Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,

Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.

Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,

Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін.

Көркін емес, ізгі құлқын қаларсың,

Жақсы болса, құлқы – жайнап жанарсың![1]

Жүсіп Баласағұнның бұл өлең жолдары тек қана өсиет емес, сонымен қатар, сол кезеңдегі қазақ даласының төсін еміп өскен халықтың жар таңдаудағы ұстанымын да көрсететіні анық.

Көргенді жердің қызын алу керектігін меңзеген Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Қоқыстың арасында өскен қызыл гүлге қызықпаңдар», – деп ескертеді. Мәнісін сұраған сахабаларына «нашар ортада өскен сұлу әйел» деп түсіндірген.

Хазірет Омар (р.а.) осы хадиске сай:

«Жаман ортада өскен сұлу әйелден сақтаныңдар. Себебі, оның туған баласы тегіне ұқсамай қоймайды. Текті, көргенді жердің қызын алыңдар. Себебі, ол нағашыларына тартқан салиқалы ұрпақ дүниеге әкеледі», – деген.

Демек, жар таңдағанда оның әке-шешесінен, туған-туыстарынан алған тәрбиесіне де көп көңіл бөлу керек. Адамның мінез-құлқының қалыптасуында алған өнегесінің маңызы ерекше. Халқымыз да жар таңдауда қыздың тегіне қатты мән берген.

Мысалы, халық аузындағы «алма сабағынан алыс түспейді», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы», «тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы»,  «тегінде бар тектілік», «тектілік тұқым қуады», «текті жердің тұлпар ұлы», «тегі мықты», «тегі таза», «тегіне тартқан», «асылдың қиығы», «тектінің тұяғы», «жақсының көзі», «асылдың сынығы», «текті жердің қызы екен», «көргенді елдің ұлы» секілді сөздері осыған дәлел болса керек.

Сөздік қорын тектілікке байланысты осынша сөздермен безендірген халқымыздың құда түсіп, қыз айттыратын кезде тегіне аса мән бергенін атақты адамдардың жұбайларынан байқауымызға да болады.

Мысалы, Құнанбайдың жары Ұлжан туралы Қ. Мұхамедханұлы: «Абайдың анасы Ұлжан һақында: «Ұлжан Арғын руының ішіндегі Қаракесектен шыққан шешендік пен әзіл-қалжың, әжуалаумен аты мәшһүр болған Шаншар тобынан тараған қыз екен» дегендей мәлімет келтіреді. Осылай жіктей келе һәкім Абайдың анасы туралы толығырақ айту керек еді» деген.

Себебі, ақынның бойындағы асыл қасиеттерін, жақсы бейнесін қалыптастыруда нағашы жұртынан алған тағылымды үлгі-өнегесі де баршылық екендігін ескертеді. Нағашыларынан арғысы әйгілі Битен, Шитен, бергі тұста атақты шешен, сөзге тапқыр, әзілкеш әрі мысқылшылдар: «Қантай мен Тонтай және Жонтайлар» деп келтіреді.

Ал Абайдың анасы Ұлжанның әкесі Тұрпан жаңа есімдері келтірілген Тонтайдың інісі болатындығын анықтап жазудың маңыздылығын алға тартқан».[2]

«Абайдың өмірін зерттеген Мұхтар Әуезовтің: «Абайдың сөзіндегі салқын ақыл әкеден, ащы тілді мысқыл шеше жағынан деуге де бола ма дейміз», –  деп бекер болжамағаны рас».[3]

Міне, осы деректен Құнанбай секілді ұлы тұлға өзіне жар ретінде қарапайым жердің қызын таңдамағанын көреміз. Ақтамберді жырау айтқандай: 

Елден елді аралап,

Тектіден текті саралап,

Беглердің қызын айттырсам,

Нұсқасын байқап шамалап.

Сынға толса сияғы,

Әлбеті шамның шырағы,

Мұхиттан сүзіп шығарған

Қымбатты гауһар бағасы.

Жүз нарға кілем жаптырып,

Қазақтан сәнін арттырып,

Ұзатып алсам сәнменен

Көңілімді хош таптырып.

Бала берсе тезінен,

Пірлердің бітсе демінен,

Шілтеннің тиіп шылауы

Артылып туса өзімнен!

– деп әрбір пенде текті ұрпақты өмірге алып келетін, баласын текті етіп тәрбиелей білетін жар таңдауды өзіне арман еткен.

Бөстек сал Мәмидің қызына құда түсіп келгенде: «Текті атаның баласынан текті ұрпақ көремін бе деп отырмын»,[4] – деген екен.

Ата-ана балаларына болашақ жарды көбінесе өздері таңдаған. Олардың ұйғарымына балалары да онша қарсылық танытпаған. Себебі, жарға қатысты халық философиясы «көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «қатын алма, қайын ал», «алып анадан туады», «нағашысы жаманның жиені оңбас», «анасын көріп, қызын ал», «шешеге қарап қыз өсер», «ана көрген тон пішер» секілді ойлармен өрілгендіктен, бала кезінен бұл сөздер құлағына сіңіп өскен жастар да әке-шешесінің таңдауын құп көрген.

Бұқар жырау бұл туралы жастарға өсиетінде былай дейді:

Жал-құйрығы қаба деп,

Жабыдан айғыр салмаңыз.

Қалың малы арзан деп,

Жаман қатын алмаңыз!

Айтқанымды тексермей,

Алды-артыңды тектемей,

Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат тумас.

Ақылымды ескермей,

Жаман қатын алсаңыз,

Топқа кірер ұл тумас… [5]

Данышпан Абай атамыз да бұл жайында:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма,[6] – деп өсиеттейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) келесі бір хадисінде жар таңдаудағы басты ұстанымды былай деп көрсетеді: «Әйел байлығына, шыққан тегіне, көркіне және діндарлығына қарай таңдалады. Сен діндарын таңда, сонда бақыт табасың».[7] Тура осы хадисті өлең жолдарымен жырлаған Жүсіп бабамыз былай деп жыр шумақтарын өрген:

Әйел алса төрт белгісін көздейді,

Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.

Бай әйелді біреу іздеп жүреді,

Енді бірі сұлуға көз тігеді.

Бірі тілер тұқымы асыл, тектіні,

Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.

Бірі нәзік, имандысын таңдайды,

Оны тапса, көңілде алаң қалмайды.

Шырайлыны күллі ел сүйер, жақтар мың,

Оны Алланың құдіретімен сақтарсың!

Кездестірсең, ақылды, ізгі адамды,

Ай, ізгі ер, алғын қойып алаңды, – дейді Жүсіп Баласағұн.[8]

Жар таңдауда адамның иманы мен инабаттылығына қарау керектігі мұсылманшылықтың туы болған қасиетті кітап Құранда:

«Иманға келмейінше мүшрік әйелдерге үйленбеңдер. Шындап келгенде, мүмін күң өздеріңе ұнайтын басы азат мүшрік әйелден әлдеқайда қайырлы. Сондай-ақ, иманға келмейінше мүшрік ерлерге мүмін әйелдерді бермеңдер.

Шынтуайтында, мүмін құл өздеріңе ұнайтын басы азат мүшріктен әлдеқайда қайырлы. Өйткені, мүшріктер сендерді тозаққа шақырады. Алла тағала болса, Өзінің қалауымен жұмаққа және кеңшілігіне шақырады. Һәм адамдарға ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп, аяттарын ашып түсіндіреді»,[9] –

деп шегеленіп айтылған.

Бұл туралы Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) да өзінің үмбетіне келесі хадистерінде былай деп үйреткен:

«Әйелдерге сұлулықтарына қарап үйленбеңдер. Сұлулықтары оларды дандайсытуы мүмкін. Сондай-ақ, оларға байлықтарына бола үйленбеңдер. Байлығына мастанып азғындауы мүмкін. Сендер әйелдерге діндарлығына қарап үйленіңдер. Өйткені, ұсқынсыз зәңгі болса да діндар күң жақсы»;[10]

 

«Әйелдерге тек сұлулықтары үшін үйленбеңдер. Кейде сол сұлулықтары мінез-құлықтарының төмендеуіне апаруы мүмкін. Оларға дүниесі үшін де үйленбеңдер. Өйткені, дүниесі азғындауына жол ашуы мүмкін. Оларға тақуалығы үшін үйленіңдер. Жұпыны киімді діндар күң тақуа емес әйелден әлдеқайда артық».[11]

Жар таңдауға қатысты мұсылманшылықтың ұстанымдарын халқымыз өмірінің өзегіне айналдыра білген. Бір хадисінде Алла елшісі (с.а.с.): «Бұл дүние уақытша нығметтерге толы. Ондағы нығмет атаулының ең абзалы – салиқалы әйел»,[12] деп айтады.

Келесі бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Қандай әйел артық?» деген сұраққа: «Оған күйеуі қарағанда қуанатын, бұйырғанда бағынатын, өзіне һәм күйеуінің дүниесіне қатысты мәселелерде еріне қарсы шықпайтын әйел», – деген[13].

Ата-бабамыздың мұсылманшылық өмірінде негізгі тірегіне айналған хадистердегі жар таңдауға қатысты айтылған өсиеттер, әрине, аталы сөзге тоқтап, даналыққа мән берген халқымыздың күнделікті тіршілігіне, өмірлік ұстанымына айналған қағидалар екені сөзсіз. Осы қағидаларға үйлестіріп Төле би:

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысыңның тұрағы,[14] – деген.

Ал қаз дауысты Қазыбек би:

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе?

Атың жаман болса,

Шыбын жанның азабы емес пе?

Қатын жаман болса,

Бұл жалғанның тозағы емес пе?

Туған балаң жақсы болса,

Тән мен жанның шырағы емес пе!

Мінген атың жақсы болса,

Бұл дүниенің пырағы емес пе!

Алған жарың жақсы болса,

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе![15] – деген.

Алау ӘДІЛБАЕВ

[1] Он ғасыр жырлайды. (ред: Р.Бердібаев, т.б.) –Алматы, 2006. – 81-82 б.

[2] Кеңесбаева А., Әлемдік діндердегі әйел құқығы мәселесі, Маг. Диссертация, (қолжазба құқығында) – Алматы, 2018.– 34-б.

[3] Кеңесбаева А, Әлемдік діндердегі әйел құқығы мәселесі, Маг. Диссертация, (қолжазба құқығында) – Алматы, 2018. – 34-б.

[4] Бегманов Қ., Этнографпен әңгіме: көрнекті ақын, қаламгер Қасымхан Бегмановтың абыз, зерттеуші-ғалым Жағда Бабалықұлымен сыр-сұхбаты. –  Алматы, 2010. – 99-б.

[5] Он ғасыр жырлайды, (ред: Р.Бердібаев, т.б.) – Алматы, 2006. – 140 б.

[6] Он ғасыр жырлайды, (ред: Р.Бердібаев, т.б.) –  Алматы, 2006. – 245 б.

[7] Бұхари, Никаһ 15; Әбу Дәуіт, Никаһ 2; Нәсаи, Никаһ, 13; Ибн Мажә, Никаһ, 6

[8]Он ғасыр жырлайды, (ред: Р.Бердібаев, т.б.). –  Алматы, 2006. – 82-б.

[9]«Бақара» сүресі, 221-аят

[10]Бәйһақи,Сүнән, 7-т. – 80-б.

[11]Ибн Мажә, Никаһ, 6.

[12]Бәйһәқи,Сүнән, 7-т. – 80-б.

[13] Бәйһәқи, Сүнән, 7-т. – 82-б.

[14] Қазақтың би-шешендері. – Алматы: «Жалын» баспасы,1993. – 85-86-бб.

[15] Қазақтың би-шешендері, – Алматы: «Жалын» баспасы,1993. – 99-б.

Таңбалар: Алау Әділбаевбасты тақырыпжар таңдауотбасыүйлену
Бөлісу18Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік
Видео

Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік

17.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шындық сені үйлендірді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    37 бөлісті
    Бөлісу 15 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Әлемді алаңдатқан соғыс
Қоғам

Әлемді алаңдатқан соғыс

19.06.2025
V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Жаңалықтар

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00