Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шәууәл оразасы – мұстахаб амал

29.05.2020
- Ислам
0
496
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шәууәл – қамари жыл санауы бойынша Рамазан айынан кейінгі және Зүлқада айынан бұрынғы оныншы ай. «Шәууәл» сөздікте «жоғарыға қарай ұшу, көтерілу, көтеру» деген мағынадағы сөздердің түбірінен шыққан.

Бұл ай исламнан бұрынғы Арабы-Баида [1] заманында «Уағил» деп аталғаны жайлы тарих кітаптарында айтылған. Ал, «Шәууәл» деп Арабы-Мүстаридә [2] кезінен бастап қолданылған, сондай-ақ, бұл атау исламнан кейін де бүгінгі күнге дейін қолданылуда. Шәууәлдің оныншы ай болуының бірнеше себептері бар.

Арабтар қамари жыл санауының ескі аттарын ауыстырғанда, бұл ай жаз мезгіліне сәйкес келіп ыстық болғаны үшін айтылған. Енді бір риуаятта түйелердің жұптасу мезгілінде құйрықтарын көтергені үшін осылай аталған, сондай-ақ, ауа-райының ыстық болуы мен түйелер сүтінің азайып кеткені үшін де «Шәууәл» деп аталғаны жайлы деректерде айтылған.

Арабтар бұл айды сәтсіздік айы деп санағандықтан, некелеспейтін болған. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Хз. Айша анамызбен Шәууәл айында үйленіп, бұндай сенімнің қате екенін амалы арқылы көрсеткен.

Дұрыс діни білім көркем мінезге жетелейді

Дұрыс діни білім көркем мінезге жетелейді

10.09.2026
Как принять Ислам и стать мусульманином?

Соңғы сәт қайырлы болсын

27.08.2026

Шәууәл айының бірінші күні – Рамазан айтта ораза ұстауға дінімізде тыйым салынған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Рамазан айын оразамен өткізіп, Шәууәл айында алты күнін ораза ұстаған адам, бір жыл бойы ораза ұстағанмен тең», – деп бұйырған.

Ислам ғұламалары Шәууәл айында ораза ұстауды мұстахаб амал санаған. Яғни, Шәууәл айында ораза ұстап, ұстамау – мұсылманның өз еркі. Ораза ұстаса, сауап алады, ал ұстамаса, күнәһар болмайды.

Шәууәл оразасын Рамазан айттан кейінгі күннен бастап ұстау абзал. Сондай-ақ, оны Шәууәл айының кез келген күнінде бөліп немесе қатарынан 6 күн ұстауға да болады.

Мұсылмандардың бесінші парызы болған қажылықтың алғашқы айы Шәууәл айымен басталады. Ислам тарихында Шәууәл айында орын алған маңызды оқиғалар бар. Олардың кейбіріне тоқталсақ: Бәни Кайнуқа қақтығысы (2-хижри /624-миләди), Ұхұд қақтығысы (3/625), Хунайн қақтығысы (8/630), Тайф қақтығысы (8/630).

Бір риуаятта Хз. Пайғамбарымыздың ұлы Ибрахимнің бақилық (10/632) болған. Бұл айда Ислам әлемін билеген Осман мемлекеті маңызды деп санаған қызметкерлерінің міндетін ауыстырған. Сондықтан оны Осман ұрпақтары «Шәууәли таужихат» деп атаған.

Жаратушы Алла ешбір нәрсені жаман етіп жаратпаған. Мұсылмандар үшін барлық күн берекетті әрі қасиетті. Өйткені, Құран Кәрімде Алла Тағала «Уақытқа» ант еткенде барлық мерзімді қамтығаны жайында деректер бар.

Сол себептен де бұл айда ұстаған оразаларымыз қабыл болып, Алла баршамызға екі дүние бақытын нәсіп еткей… Әумин!

Исатай БЕРДАЛИЕВ

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Әбу л-Фазл Жамалуддин Мұхаммад б. Мукаррам б. Али б. Ахмад әл-Ансари әр-Руәйфи (ө. 711/1311), Лисану л-Араб, «шул» бабы.
  2. Яхия б. Зияд әл-Фарра, әл-Әйман уа л-Лайали уа ш-Шухур (қайта жазып шыққан Ибрахим әл-Әдияр) Каир 1400/1980, 46 және 52 беттер.
  3. Ахмад б. Хусайн әл-Бейхаки, Фазилату л-Әуқат (қайта жазып шыққан Аднан Абдуррахман мәждид әл-Кайси), Мекке 1410/1990, 325-334 беттер.
  4. Зәкария б. Мұхаммад әл-Казуани, Ажаибу л-Махлукат, Бәирут, Дару ш-Шарки л-Араби, 71-бет.
  5. Әнас Фаррахи, Әсмә у-Әшхур уә л-Әдад уә л-Әймән уә тафсиру мәаниха, Траблюс 1988, 71-73, 75-77 беттер.

 

[1] Арабы Баида (түрікше – Arab-ı Baide) – өткен пайғамбарлар заманында өздері мен ұрпақтары қалмаған, Нұх (ғ.с.) пайғамбардан кейінгі Араб түбегінде өмір сүрген арабтар. Ад, Сәмуд және Амалика қауымы осыған кіреді.

[2] Арабы Мүстарибә (түрікше – Arab-ı Müsta’ribe) – Ысмайылдың  (ғ.с.) он екі ұлының Арабы Арибәмен араласуынан пайда болған қауым. (Арабы Арибә – Баида арабтарынан кейін Йеменде өмір сүрген Кахтан ұрпақтары)

Таңбалар: Исатай Бердалиевисламқасиетті айШәууәл айы
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда сөз бостандығы бар ма?
Сұрақ-жауап

Исламда сөз бостандығы бар ма?

21.08.2026
Тарихқа тағылым болған әділет
Ғибратты әңгімелер

Тарихқа тағылым болған әділет

05.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Халал сұлулық салоны: Сертификаттың қажеті болмады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    525
  • Қару-жарақ тәркіленді

    517
  • Мешіт құрылысымен танысты

    516
  • Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    280
  • Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

    272

Соңғы жарияланымдар

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?
Сұрақ-жауап

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді
Видео

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026
Түрлі шарттарда жасалғанына қарамастан күнә барлық адам үшін бірдей ме?
Сұрақ-жауап

Ислам діні зұлымдыққа жол аша ма?

11.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00