Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам діні жұқпалы дерттен қорғану туралы не айтады?

14.03.2020
- Сұрақ-жауап
1
590
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ислам діні жұқпалы дерттен қорғану туралы не айтады?

Жауап: Ислам діні бір қандай қауіп-қатер болмасын оның алдын алуға, онымен дер кезінде күресуге, індеттің таралмауына баса назар аударады. Хақ діннің үкімдерінің негізгі қорғайтын бес нәрсесі – дін, ақыл, мал-мүлік, ар-намыс пен ұрпақ және адам өмірі («Исра» сүресі, 33-аят) екені белгілі. Алла Тағала Құран Кәрімнің Худ, Мәрием, Нұр, Талақ, Бақара, Қассас, Зарият, Араф, Фатыр, Нахл, Исра, Тәкуир, Әнғам, Ниса сүрелерінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіпті жәйттардан қорғану туралы жан-жақты баяндайды. Яғни, қасиетті Құрандағы ең маңызды нысанның бірі – адам, оның өмірі мен денсаулығы болып саналады.

Алла Елшісі (с.ғ.с) адам денсаулығын қорғауға қатысты көптеген өсиеттер айтқан. Әз пайғамбардың (с.ғ.с) денсаулыққа қатысты хадис шәріптерінің бір бөлігі адамның физикалық болмысын қуаттандыруға қатысты айтылса, келесі бір бөлігі белгілі бір дерттерден нақты қалай емделу керектігі турасында айтылған. Мысалы, Алла Елшісінің (с.ғ.с) жүгіру, суға жүзу, күреспен шұғылдану, атқа міну, хижама жасату, бал жеу, сүт ішу және өзгеде ризықтармен қоректенудің артықшылығы туралы айтқан хадис шәріптері жалпы адам баласының денсаулығын күтіп ұстауға қатысты айтылған еді. Ал, Алла Елшісі (с.ғ.с) өзінің хадис шәріптерінде ақыл-естің кемістігі, алапес, оба, безгек, көксау, қызылша, тіс ауру, бас ауруы және т.б. дерттерден емделудің нақты жолдарын көрсеткен. Мәселен, Алла Елшісі (с.ғ.с) безгек дертінен емделу жолы ретінде:

«Таңғы намаздан кейін күн шыққанға дейінгі аралықта өзенге түссін. Судың ағысына қарсы тұрып былай деп дұға жасасын: «Алланың атымен, уа Аллам! Құлыңа шипа бер…» деп үш күн жасасын. Егер, үш күнде емделмесе, бес күн, жеті күн жасасын. Алланың рұқсатыме бұл дерт тоғыз күннен аспайды» (Тирмизи, Тибб: 33) дейді.

Алла Елшісі (с.ғ.с) дерттердің ішінде жұқпалы аурулардың алдын алуға баса назар аударған. Айталық, ардақты пайғамбар (с.ғ.с) оба ауруы туралы:

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

«Бір жерден оба ауруы шыққанын білсеңіз, ол жерге бармаңыз. Отырған жеріңізден оба ауруы шықса, басқа жерге қозғалмаңыз» (Бұқари, Тибб: 30, Муслим, Сәлам: 92. Тирмизи, Жанайз: 66) – дейді.

Бұл хадистен Алла Елшісінің (с.ғ.с) жұқпалы індеттің таралып кетпеуіне баса көңіл бөлгенін аңғарамыз. Яғни, адам көздеген мақсатыңа қол жеткізу үшін, пәлекеттен қорғану үшін алдымен қолынан келер бар әрекетін жасауы керек. Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Әуелі түйені байлап, сосын тәуекел ет» (Тирмизи, Қияма: 60) деген хадисінің мәні де осында жатыр.

Алла Елшісі (с.ғ.с) 629 жылы Табук жорығына шығып, Сирия жеріне аяқ басып, іле-шала кері шегініп кетуіне осында оба ауруының шығуы себеп болған еді. Әзіреті Омардың  (р.а) халифалығы кезінде Шам жорығында, ол жерден оба індетінің шыққанын естіп, кері шегінуі кезінде, Әбу Убайда (р.а): «Алланың тағдырынан қашамысың?» – деген еді. Сонда, Омар (р.а): «Иә, Алланың тағдырынан тағы да Алланың тағдырына қашып барамыз» (Бұқари, Тибб: 30) деген болатын. Демек, жұқпалы індеттен сақтану – мұсылманның асыл уәзипаларының бірі болып саналады.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: вирусдертисламқоғаммұсылмандар
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Сұрақ-жауап

Мұсылманның қоғамдағы орны қандай болу керек?

16.04.2026
Дінді саясиландыру қауіпті ме?
Сұрақ-жауап

Дінді саясиландыру қауіпті ме?

07.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адамда жаман қасиеттер көп болса да, жұмаққа бара ала ма?

Пікір 1

  1. Ерлан жазған:
    6 жыл бұрын

    Қазіргі коронавирустың кезінде осындай кеңірек түсіндіру жетіспей жатыр. Өте жақсы

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123444 бөлісті
    Бөлісу 49378 Твитерге 30861
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5259 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00