Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шугаринг жасауға рұқсат па?

22.01.2020
- Сұрақ-жауап
0
3.5k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Шариғатта шугаринг пен пилинг жасауға рұқсат етілген бе?

Жауап: Шугаринг деп қантты пастамен денедегі түктерді кетіруді айтады. Қазіргі таңда адамдар оның түрлі әдістерін қолданып келеді. Ал ислам дінінде қолтық астындағы түктер мен әуреттегі түктерді ағарту тазалық саналады.

Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Он нәрсе табиғи гигиенаға жатады. Олар – мұртты қысқарту, сақал қою, мисуакпен ауызды тазалау, мұрынды шаю, тырнақтарды қысқарту, саусақтардың арасын салалап жуу, қолтық түктерін жұлу, әурет түктерін қыру, асты дәрет алу». Хадисті риуаят етуші: Оныншысын ұмыттым. Меніңше, ауыз шаю», – деген [Муслим риуаят еткен].

Ал, басқа (бет, аяқ және қолдағы) түктерді себепсіз жұлу дұрыс емес. Пилинг деген – терінің сыртқы қабатын жаңартуды көздейтін косметикалық әдіс. Пилинг терінің өлген қабатын алу, денені безеу мен дақтардан тазалау, әжім мен кертіктерді кетіру үшін жасалады. Ол жеңіл, орта және терең (күрделі) түрлерге бөлінеді.

О молитве джамаатом после намаза

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026

Ислам – тазалыққа құрылған дін. Дене тазалығы құлшылық болып есептеледі. Мысалы, шариғатта намаз оқу, Қағбаны тәуап ету үшін дәретті болу, жүніп болғанда, әйел адам етеккірден тазарғанда ғұсыл алу талап етіледі. Үмметіне тазалықта үлгі бола білген Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аптасына бір рет жұма күні басты және бүкіл денені жууды айтқан.

Құран Кәрімде: «Алла тазаланушыларды сүйеді» [«Тәубе» сүресі, 108-аят], – деген. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның бір бөлігі», «Шынында, Алла көркем, көркемдікті ұнатады», – деді [Муслим риуаят еткен].

Тазалық мақсатында және қажеттілікке байланысты шариғат пилинг жасауға рұқсат етеді. Бірақ, оған төмендегі шарттар табылуы тиіс:

1) қажетті жағдай – әйел адам өзінің куйеуіне әдемі көріну, зиянның (безеу, дақ т.б.) денеге таралуын тоқтату;

2) біреуге күрделі пилинг жасайтын адам тиісті бейіндегі маман болуы;

3) одан басқа жеңілірек әдістің табылмауы;

4) теріге пайда беретініне анық сену;

5) терідегі нұқсанның асқынып кетпеуіне көзі жету.

Жай ермек үшін немесе өзіне зиян келетінін біле тұра пилинг жасату дұрыс емес. Себебі, дінімізде өзіне де, өзгеге де зиян тигізуге болмайды.

Сонымен қатар, ер адам ерге, әйел адам әйелге шугаринг немесе пилинг жасағанда олардың әуреті, яғни тізе мен кіндік арасы жабық болуы талап етіледі. Ал ер адамның бөгде әйелге, әйел адамның бөгде ерге шугаринг немесе пилинг жасатуы мүлдем дұрыс емес. Өйткені, Алла Тағала ұятты жерлерімізді жабуды, бөгде біреуге көрсетпеуді бұйырады.

Хасан АМАНҚҰЛОВ

Бөлісу83Твитерге52Бөлісу10Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Төрт шырақтың әңгімесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    71
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)

26.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00