Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ас қорытатын дәріге неге жүгінеміз?

09.10.2019
- Қоғам
0
2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ «ауру – астан, дау – қарындастан» екенін жақсы білсе де, «жақсы тамақ қалғанша, жаман қарын жарылсын» деген мақалға көбірек тәбеті тартып тұрады. Осының нәтижесінде бүгінде екінің бірінің ас қорыту жүйесі бұзылған.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

«Адам баласы асқазанынан асқан жаман бір ыдыс толтырмаған. Бірнеше үзім нан адамға белін тіктеп жүруге жеткілікті. Егер де бұл өлшемнен қалай да асатын болса, онда асқазанының үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға, қалған үштен бір бөлігін ауаға қалдырсын», – деген сөзіне құлақ асып жатқан адамды аз көреміз.

Негізінен мұсылмандарда таңғы ас, түскі ас, бестің шайы, кешкі ас деген ұғымдар болмаған. Бұл батыстан келген бір «мәдениет». Мұсылмандар тек ашыққанда ғана тамақтанған. Оның өзінде де тоймайтындай ғана жүрек жалғаған. Мөңке бидің:

«Ақырзаман адамы

Сағынып тамақ жемейді,

Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025

Білім алу – басты парыз

10.06.2025

Ащыны ащы демейді», – дегенінің мәнісі де осы емес пе? Ақырзаман адамдары, яғни, біздер, бүгінде қарнымыз ашып, тамақты әбден сағынғанда емес, «түскі астың уақыты келді», «бестің шайы болды», «кешкі ас ішер уақыт таяды» деп, қарнымыз ашпаса да, әйтеуір жеу керек болған соң жейтін болдық. Асқазанды аузы-мұрнына дейін толтырғаннан кейін оны қорытатын дәрі іздеп, дәріханалардың да табалдырығын тоздырамыз.

Сондықтан да, бүгінде қай үйге барсаңыз да, дәрі құтысынан «Фестал», «Мезим Форте», «Креон», «Аллохол», «Панкреатин» секілді дәрілердің әйтеуір біреуін табасыз. Бұл дәрілердің барлығында «панкреатин» қолданылады. Ал панкреатинді көбіне доңыздың ұйқы безінен алатынын білуші ме едіңіз? Сенбесеңіз, жоғарыда аталған дәрілердің құрамын оқып көріңіз. Доңыздан алатын себебі де – өте арзан болғандықтан әрі доңыздың ағзасы адам ағзасымен сәйкесетіндіктен.

Осыдан кейін сіз асқазанды аузы-мұрнына дейін толтыру арқылы бір проблема тапсаңыз, оны қорытамын деп доңыздан алынған харам өніммен тағы да бір бәлеге кезігесіз. Ал шариғатымызда, өзіңіз білетіндей, харам жеген адамның қылған ғибадат-құлшылығы, жасаған дұға-тілегі қабыл болмайды. «Дұға – мұсылманның қаруы» екенін ескерсек, бүгінде біздің «қарулардың патрондары» – «холостой». Яғни, қанша жерден дұға етсек те, асқазанға харам барған соң, қылған дұғаларымыз межесіне жетпейді, нысанаға тимейді.

Сондықтан да, бұл мәселеде Абдуллаһ ибн Омарға қатысты мына бір жағдай баршамызға үлгі аларлықтай. Бір күні Абдуллаһ ибн Омардың досы оған ыдыс толы бір сыйлық алып келеді. Ибн Омар да:

– Бұл не? – деп сұрайды. Досы:

– Саған сыйлық ретінде Ирактан алып келген дәрім, – деп жауап береді.

– Бұл дәрі не нәрсеге арналған? – деп сұрайды Ибн Омар.

– Тамақ қорытатын дәрі, – дейді досы.

– Тамақ қорытады дейсің бе? – деп Ибн Омар күледі де: – Қырық жылдан бері дастарханнан тойып тұрмағам, бұл дәрі маған неге керек?.. – дейді.

Абдуллаһ ибн Омар бұны кедейліктен емес, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиеті болғандықтан әрі Аллаһ Елшісіне (с.ғ.с.) ұқсауы үшін осылай істейтін. Міне, сондықтан да, Ибн Омардың дәріге мұқтаждығы болмады. Бәлкім, енді түсінікті болған шығар, не себепті әрқайсымыздың үйімізден ас қорыту дәрісінің табылатыны. Сондықтан да, денсаулықтың кепілі – аз жеуде!

Аз жеуге байланысты кім не деген?

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

«Мүмин бір асқазанмен, ал мұнафиқ жеті азқазанмен жейді».

Хазіреті Омар:

«Тоя тамақ жеуден сақтаныңдар, өйткені тоя тамақ жеу – бұл өмірде ауырлық, өлгеннен соң – сасу».

Лұқман Хакім:

«Ей, ұл! Асқазанды толтырған уақытыңда пікір – маубас, хикмет – мылқау, ағзалар ғибадатқа жалқау болады».

Әбу Сүйлейман Дарани:

«Аштық – Алланың қазыналарынан, оны тек сүйген құлдарына ғана береді».

Сәһл ибн Түстери:

«Ақылдылар мейлі дін үшін болсын, мейлі дүние үшін болсын, аштықтан асқан пайдалы нәрсе көрмеген. Ақыреттің бақытын қалағандар үшін көп жеуден асқан зиянды нәрсе жоқ. Хикмет пен ілім – аштықта, асылық пен надандық болса, тоқтықта».

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Таңбалар: салтан сайранұлы
Бөлісу48Твитерге30Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Тәңіршілдік» деген дін бар ма?
Ағымдар ақиқаты

«Тәңіршілдік» жобасының артында не тұр?

02.11.2022
Қоғам

Құранға құрмет көрсеткеннің бірі – әулие, бірі – патша болды…

23.10.2019
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Өзін-өзі жаратындарды» қалай дайындайды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81176 бөлісті
    Бөлісу 32470 Твитерге 20294
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1480 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    23 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2541 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Үйленудің сауабы мен әдебі
Қоғам

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00