Сәрсенбі, 29 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Экстремизммен күресте АТТ жұмысының маңызы зор

19.08.2019
- Ағымдар ақиқаты
0
621
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жобаны ұйымдастырған «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесінің директоры Индира Беркімбаева «Kazislam» ақпараттық-ағартушылық порталына арнайы «Ақпараттық-түсіндіру тобы қайта даярлаудан өтеді» деп сұхбат берген болатын.

АТТ жұмысының негізгі бағыты – радикалды идеялармен күрес

Қай уақытта болмасын адамзаттың қауіпсіздігі – қазіргі заманғы ең маңызды мәселелердің бірі.

Мемлекет үнемі деструктивті діни ағымға қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Діни ағымдар проблемасымен қалай күресу керек?

26.07.2026

Білімсіз “діндар” – дін бұзар…

09.07.2026

Қазіргі таңда көпшілік дәстүрлі деп тапқан ортадан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана әрекет жасаушы деген ұғыммен өмір сүретін деструктивті діни ағым өкілдері тек қана «менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс» деген қағидамен жүреді. Оларға дұрысын айтсаң не түсінбейді немесе түсінгісі келмейді.

Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді әсте мойындамайды. Міне, осы себептерден қоғамда түрлі текетірестер орын алуда.

Тіпті, олар көздеген мақсаттарына жету үшін өздерін құрбан етуге әзір. Олар заңдар мен сенімдерді аяққа таптап, дін атын бүркемелеп діттеген мақсаттарына жетуге тырысады.

Деструктивті діни ағым мүшелері діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып, халыққа түймедей нәрсені түйедей етіп көрсетеді.

Деструктивті діни ағымның соңынан қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан солардың соңынан еріп кетуде.

АТТ мүшелерін қайта даярлау – уақыт талабы

Бүгінде ақпарат кеңістігінде түрлі материалдардың жариялануы, оның ақ-қарасын ажырату үшін кез-келген азаматтың, әсіресе дін мәселесіне қатысты сауаттылықтың болуы маңызды.

Осы ретте ел тұрғындарымен етене жұмыс жасап жатқан АТТ мүшелерінің бірінші кезекте біліктіліктерін жетілдіру өзекті. Өңірлерде ұйымдастырылған курс барысында бүгінгі қоғамдағы дін мәселесіне қатысты ең өзекті деген мәселелер  көтеріліп, жан-жақты пікір алмасулар болуда.

Бүгінде еліміздегі барлық АТТ жұмыстары Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017–2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс жасауда.

Заң мен тұжырымдамаға сәйкес, діни экстремизммен күресу мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын, көпконфессиялы еліміздің бірлігі мен ұлттық қауіпсіздігін радикализм, экстремизм қатерінен қорғап, оның алдын алу, анықтау, жолын кесу – мемлекеттік органдардың басты міндеті. Қалалар мен облыстағы Дін істері басқармалары мен оған қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталықтар жергілікті АТТ жұмысын үйлестіріп, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүргізіп келеді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаты

Жалпы дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаты – мемлекеттің дін саласындағы саясатының түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру.  Сондай-ақ қоғамдағы зайырлылық сана-сезімін нығайту, азаматтар мен қоғамды сыртқы әртүрлі жалған ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету және халық санасында еліміздің болашағын зайырлылық қағидаларына негіздеу қажеттілігі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің бас сарапшысы Азамат Бисембаев:

– Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде дін мәселелері жөніндегі   ақпараттық-түсіндіру топтары қарқынды жұмыс жасап келеді. Елімізде 1 республикалық және 234 өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс жасайды. Оған 2670 адам мүше. Дін мәселелері жөніндегі АТТ қызметі конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, тұрғындардың, соның ішінде жастардың назарын дін саласындағы өзекті мәселелерге аударуға мемлекеттік-конфессиялық қатынас саласында орын алып отырған мәселелерді шешуге, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға үлкен септігін тигізіп келеді. Республика бойынша АТТ жұмысының нәтижесінде 2019 жылдың I ж.ж. 16 871 іс-шара өткізіліп, онда 1 миллионнан аса адамды қамтыған.

Жалпы АТТ халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Бірінші кезекте, жастар аудиториясын кеңінен қамтылуда. Бұл ретте халыққа діннің гуманистік құндылықтарын, дәстүрлі рухани дүниелерді дәріптеу және деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру туралы ақпараттар беріп келеді.

Сондықтан, бұл жұмыс – айтылуға жеңіл көрінгенімен, АТТ мүшелеріне артылар жүктің салмағы ауыр қызмет.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Тұрар Түгелұлыэкстремизм
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды
Жаңалықтар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Терроризм – мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатер
Ағымдар ақиқаты

Терроризм – мемлекет қауіпсіздігіне төнген қатер

07.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Осман мемлекетінің өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасы

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    35
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Арбаудың үш деңгейі
Видео

Арбаудың үш деңгейі

28.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00