Бейсенбі, 19 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ ағартушылары мектеп ашқан ба?

20.07.2019
- Қоғам
0
613
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Енді сол кешегі қазақ халқының ұлы тұлғаларының ағартушылық жолындағы кейбір істеріне тоқтала кетелік.

Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин И.Н. Ильминскийге жазған хатында:

«Осы жылы январьдің 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп  ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды… Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз күле беріңіз, мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда да болып қоям. Сөйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын. Менің үнемі ұмтылған тілегім, қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады» деген.

Сөзімен де, ісімен де халқы үшін зор еңбек сіңірген бабамыздың мына бір игілікті ісін айта кеткен жөн. Ол – 1887 жылы Торғай облысының Ырғыз аймағында қыздар мектебін ашады. Бұл ісінің де өзіндік мәні болғаны ақиқат. Нәзік жанды қыздарымыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуінің мәні ханды да, қараны да, батырды да, ақынды да дүниеге әкелетін болашақ аналардың тәрбиесін ертерек қолға алу болса керек.

XX ғасырда қазақ халқы арасында кең таралымда шығып тұрған «Айқап» журналында балаларды оқыту, мектеп ашу мәселесі төңірегінде мынадай әңгіме сөз етіледі:

Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025

Білім алу – басты парыз

10.06.2025

«…Сөз басында қайырлы ниет дегенім осы мектеп еді. Бір милләттің дүниеде уа ақыретте бақытты, шат уа рахатта тіршілік етуі, кем, қор, жарлы, жалқау болып жоғалмауына себеп нәрсе бар болса, әуелде ғылым, ғылымда тәртіпті мектептер ашып, заманға ылайық әдіспен оқытумен болады. Асылабөдке мәденилескен қазақтардың ең жиын жері болып, бірталай жақсы байлары да бар. Ноғай ағайындардың ашық пікірлі, халлы адамдарда бұл мектепте… жәрдемде болар.

Дүниеге нұрын шашқан ұсул жәдид (жаңаша оқыту әдісі) біздің қазақ арасына да ақырындап кіре бастаған еді, бірақ ер балалар орысша, мұсылманша оқытылса да милләттің жартысы әр үйдің, тіпті бүтін милләттің үлгісі болатұғын қыз балалар оқудан мақұрым еді. Құрметті Ахметжан қажы Андамасовтың жәрдемі арқасында Асылабөдкеде қыздар мектебі ашылып, елуден артығырақ қыз балалар екі сыныпқа айырылып оқып жатыр. Жоғарыдағы жақсы ырым дегенім осы кісінің ісі. Бұдан жақсы ырым, қайырлы іс болар ма?! …Хақ мұндай адамдарды көбейтіп, дүние және ақиретте бақытты етсін…

Мұндай қалың қараңғы тұман ішінде адасқан уақытта қызмет еткен мырзаларымыздың қадірі білінбесе де келешекте қадір-қызметке жолығады, тарих беттерінде есімдері қалады. Өздері жоғалған, біткен уақытта да аттары жоғалмас, бітпес»[1] деп, алғашқы кезеңдерде балаларды пәтер жалдап оқытқандары, кейін оқитын балалардың саны көбеюіне байланысты Есіркепов, Андамасовтар бастаған ауқатты адамдардың қолдауымен және халықтан жиналған құрбан терілері, підия малдары ғылым ордаларына жұмсалып, ұл балалар оқытатын мектептермен қатар, қыз балаларға да бөлек мектеп ашылғанын ерекше атай отырып, осындай игілік істерге мұрындық болып жүрген адамдарға алғыс білдіреді.

Аллаға сансыз шүкір! Бүгінде еліміздің оқу-ағарту ісі бір жүйеге түскен десек артық айтқандық болмас. Әйткенмен, мектеп құшағындағы балаларымызға әлі де болса рухани тәрбие жағы ақсап тұрғаны белгілі. Соның бір дәлелі ретінде мектеп жасындағы қыздарымыздың жүкті болып қалуы және т.б. мәселелерді айтуға болады. Міне, осындай кемшіл тұстарымызды толықтыру ісінде тарихымызда ашылмай жатқан мол қазына бар демекпіз.

Самет Оқанұлы,

исламтанушы

[1] Энциклопедия «Айқап»/Бас редактор Р.Нұрғалиев, 96-97 бб.

Таңбалар: Қазақмектеп
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бірінші сыныпқа қанша бала қабылданды және олар қандай тілді таңдады?
Жаңалықтар

Бірінші сыныпқа қанша бала қабылданды және олар қандай тілді таңдады?

04.06.2025
Қазақ пен мұсылман – бір ұғым
Видео

Қазақ пен мұсылман – бір ұғым

24.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қажылық қандай амал?

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    37 бөлісті
    Бөлісу 15 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған
Ғибратты әңгімелер

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Жаңалықтар

Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты

18.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00