Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жусан» операциясы мемлекеттің өз азаматтары үшін жауапты екенін көрсетті

13.05.2019
- Сұхбат
0
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

— Асылбек мырза, осымен екінші рет жүзеге асырылып жатқан “Жусан”операциясының еліміз үшін маңызы қандай?

— Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін бұл әлемдік қауымдастық алдындағы өте маңызды іс шара. «Жусан» операциясы мемлекет өз азаматтары үшін жауапты екендігінің бірден бір нышаны.

Жалпы еліміз – әлемнің саяси картасында бейбітшілік пен тұрақтылық арқылы танытқан ел. Бұл ретте дін атын жамылып,  қақтығыс болған аймақтан өз азаматтарын алдыру және ол адамдарға жауапты екенін білдіру өте маңызды және батыл әрекет.

«Жусан» операциясы – мемлекеттің өз азаматтары үшін жауапты екендігінің бірден-бір нышаны.

Батыл деп айтатын себебіміз, Еуропаның және де әлемнің басқа да мемлекеттері Сирия жеріндегі өз азаматтарын қабылдау немесе олардан бас тарту жөнінде әлі де нақты қадамдарға барып жатқан жоқ. Ал біздің жағдайымызға келер болсақ, нақ осы Сирия мәселесі бойынша БҰҰ-ның «Женева – 3» деп аталатын бейбіт келісімге келу отырыстарынан кейін, «Астана – бейбіт келіссөздер» алаңын ұйымдастыра алдық.

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

14.06.2026
Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы

Сүйіспеншілік пен бірлік мейрамы

25.05.2026

Астанада ресми Сирия билігінің өкілдері және оппозиция (Джейш аль-Ислам) мен Иран, Түркия, Ресей біріккен келіссөздер жүргізілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде осы отандастармыз орналыстырылған демилитирациялық аймақтардың құрылуы болды.  Аталған қарулы қақтығыстардан тыс келісім аймақтары қаншама адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізді.

Мінекей, осындай ауқымды іс-шараларға мұрындық болып отырған мемлекет үшін «Жусан» секілді операция тек қана жауапкершілік пен беделді арттырмаса, кемітпейтіні анық. Және де бұл жердегі басты мақсат «Сирия» немесе «терроризм» мәселесінен бұрын, адамдардың өмірі және қауіпсіздігі болғанын айта кету керек.

— Әлеуметтік желідегі пікірлерге көз жүгіртсек, көпшілік Сириядан елге жеткізілген қандастарымызды тарихи отанына әкелу бос әурешілік деп ойлайды.  Яғни оларды “сатқын” деп санайды. Бір жағынан қарасаңыз, олардың пікірі де құптауға болады. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

— Біріншіден, мынаны ескерген жөн, ешкім білгендігінен адасқан жоқ! Тағы бір маңызды жағдай елге қайтарылып жатқан азаматтардың басым көпшілігі —  балалар мен әйелдер. Ал «джихадтік романтикаға» берілген,  детструктивті ислам атын жамылған қозғалыс сипатына қарасаңыз, бұл жерде әйелдердің рөлі мүлде жоқ және ешқандай маңызға ие емес екенін көресіз. Яғни Сирияға кеткен бұл әйелдер тек қана өздерінің күйеулерінің нұсқауын орындаған деп айтуға болады.

Біз Сириядан радикалды, террорист болған арабтарды немесе сол еуропалықтарды алдырып жатқан жоқпыз, өзіміздің қаракөз қазақтар. Бұлар – сіз бен біздің туысымыз болмаса да, келесі бір қазақтың бауыр еті – баласы, ағасы мен інісі, әпкесі мен қарындасы.

Дәл осы мәселеге параллель бола алатын мына мысалға қараңыз, Еуропаның кей мемлекеттерінен кезінде Сирияға халифатқа қызмет етуге  «жыныстық жихад» деген желеумен аттанған жас қыздар көп болды. Сондағы кейіпкердің бірі британиялық Шамима Бегумнің оқиғасын еске алайық, 19 жасар қыз өзінің құрбыларымен халифат содырларына жыныстық қызмет көрсету үшін отанын тастап кетеді. Бұл азаматшалар о бастан қайда бара жатқандарын білді.

«Халықаралық радикилизацияны зерттеу орталығының» 2018 жылғы деректері бойынша, ДАИШ тың қатарына әлем бойынша 41 490 адам қосылған.  Олардың 13 пайызы әйелдер, оның ішінде 4600-дей жасөспірім мен бойжеткендер бар.  Олардың басым көпшілігі Еуропадан. Бүгіндері міне осы азаматшалардан  Еуропа мемлекеттері бас тартып жатыр.

Қазақстанға келер болсақ, күні бүгінге дейін  баласын арқалап немесе жалғыз өзі «жихадқа» аттанған әйелдердің оқиғасы туралы мәлімет кездескен емес. Бір ғана сәт бар, ол қазақ қызы Сирияда жүрген қазақ жігітімен ғаламтор арқылы сөйлесіп, некесін қиып шекарадан өткен. Сол себепті Еуропа немесе басқа да аймақтардағы «радикалды лиризммен» ауырған нәзік жандылармен біздегі өз қалауынан тыс, қатаң діни догмалардың құрбаны болған әйелдерді салыстыруға келмейді деп ойлаймын.

Біз Сириядан радикалды, террорист болған арабтарды немесе сол еуропалықтарды алдырып жатқан жоқпыз, қайта өзіміздің қаракөз қазақтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріп жатырмыз. Бұл сіз бен біздің туысымыз болмаса да, келесі бір қазақтың бауыр еті – баласы, ағасы мен інісі, әпкесі мен қарындасы.

— Сириядан оралған қандастарымыздың бұрынғы діни көзқарастарын өзгерту мүмкін бе? Олар қарапайым азамат ретінде қоғам қатарына қосылып кете ала ма?

Ешқандай азаматтың тағдырын ғаламторда  пікір немесе жазба жазып, шеше салуға біздің құқығымыз жоқ!

— Әлбетте, бұл азаматтардың қоғамымыздың толыққанды мүшесі болуына барлық жағдай жасалған деуге болады. Оңалту орталықтарында оларға барынша кәсіби көмек көрсетіледі.

Бізде діннің деструктивті, радикалды конструкттарын танып, олармен сол деңгейде жұмыс жасап, қате түсінген жерлерін қайта түсіндіріп, діни танымын дәстүрлі қазақи бағытқа бұра алатын мамандар жеткілікті. Бұл тек уақыттың еншісіндегі мәселе ғана.

Ешқандай азаматтың тағдырын ғаламторда  пікір немесе жазба жазып, шеше салуға біздің құқығымыз жоқ. Егер райынан қайтпайтындай немесе қылмысты екені расталатын жағдай болса, біздің мемлекетіміздің құқық қорғау ұйымдары аталған факторларды өз назарына алатыны анық. Сондықтан кімнің болсын адамзат алдындағы қылмысы жауапсыз қалмайды деп сенемін!

— Әлемдегі өзге елдер практикасында осындай “Жусан” сынды операциялар бар ма?

— Иә, жүргізіліп жатқан репатриациялық жұмыстар бар.  Алайда дәл «Жусан» жобасы секілді өз азаматтарын қайтарып жатқан операциялар жоқтың қасы.

Ресми ДАИШ Сирия жерінде жеңіліс тауып, күйреп жатқанымен, елдегі қарулы қақтығыстар мен Сирия мемлекетінің ресми билігіне қарсы, сол жердегі геосаяси ойындарға мүдделі топтардың әсерінен орын алып отырған жағдай өте күрделі.

Біздің жағдаймызда Сирия мемлекетінің ресми билігімен және Ресей тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар дәл осындай операцияны орындауға мүмкіндік беріп отыр. Ал енді басқа елдердің азаматтары босқын ретінде халықаралық ұйымдардың көмегімен Еуропаның, Түркияның босқындарды қабылдау орталықтарына орналастырылып жатқанымен, көптеген адамдар  әлі де сол демилитиризацияланған аймақтарда қалып қойды.

Таңбалар: "Жусан" операциясыАсылбек СнадинСирия
Бөлісу30Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

“Отанның қадірін кеш түсіндік…”
Видео

“Отанның қадірін кеш түсіндік…”

26.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қытайдағы алғашқы ислам университеті

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00