Жұма, 23 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

07.09.2026
- Жаңалықтар
0
297
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХV республикалық байқауы мәресіне жетті.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблазимов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Қариларды марапаттау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Екі күн бойы Ақтөбе төрінде Құранның үні қалықтап, еліміздің әр өңірінен келген қарилар қасиетті кітапқа деген құрметін, білімін, жаттау қабілеті мен оқу шеберлігін көрсетті. Бұл жай ғана байқау емес.

Бұл – Құранға деген құрметтің мерекесі, ұстаз еңбегінің жемісі. Ата-ана тәрбиесінің көрінісі. Жастардың рухани ізденісінің айғағы. Ең бастысы бұл басқосу елімізде Құранды жаттайтын, оны оқып қана қоймай, мағынасын түсінуге және тағылымын өміріне арқау етуге ұмтылатын жас буынның өсіп келе жатқанын көрсетті.

Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесі өтті

Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесі өтті

22.10.2026
Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

21.10.2026

Бұл байқауда тек жүлде алғандар ғана жеңіске жеткен жоқ. Құран үшін жол жүріп келген әрбір қатысушы – жеңімпаз. Күн сайын Құран жаттауға уақыт бөлген шәкірт – жеңімпаз. Баласына Құран үйретуге жағдай жасаған ата-ана – жеңімпаз. Шәкіртінің әрбір әрпін түзеп, әрбір сүресін тыңдаған ұстаз – жеңімпаз. Себебі Құран жолындағы ең үлкен жеңіс – Алланың разылығына ұмтылу. Қасиетті Құранның шарапаты баршамызға жаусын!» – деді.

Бас мүфти өз сөзінде осымен он бесінші рет өткен Құран байқауын ұйымдастырушы мүфтият қызметкерлеріне, Ақтөбе облысының имамдарына, әділ бағасын берген әділқазы мүшелеріне алғысын жеткізді. Сонымен қатар сауапты іс-шараның бас демеушісі, асыл дініміздің жанашыры Аблазимов Бахаридин Нұғманұлына тағы да айрықша алғысын білдірді.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

Толық Құранды жатқа оқудан;

 

1-орын Автокөлік – Рахымжан Ержанұлы (Маңғыстау облысы)

2-орын (5 000 000 тг.) – Ахмад Махмадраджабұлы (Ұлытау облысы)

3-орын (4 000 000 тг.) – Нұртілеу Серікұлы (Қызылорда облысы)

4-орын (2 000 000 тг.) – Бекзат Дулатұлы (Ақтөбе облысы)

5-орын (1 500 000 тг.) – Мансұрхан Сарварханұлы (Қарағанды облысы)

 

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;

 

1-орын (3 000 000 тг.) – Айқын Ақылбекұлы (Астана қаласы)

2-орын (2 000 000 тг.) – Нұрислам Фархадұлы (Алматы қаласы)

3-орын (1 500 000 тг.) – Рахимәлі Хожаниязұлы (Шымкент қаласы)

4-орын (800 000 тг.) – Мұхаммад Хамзаәліұлы (Қостанай облысы)

5-орын (500 000 тг.) – Махмұт Жолдасұлы (Шығыс Қазақстан облысы)

 

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (1 500 000 тг.) – Мұхаммад-Юсуф Нұрасылұлы (Алматы облысы)

2-орын (1 000 000 тг.) – Омар Махамбетұлы (Батыс Қазақстан облысы)

3-орын (750 000 тг.) – Біләл Нәдірұлы (Павлодар облысы)

 

Құранды мәнерлеп оқу бойынша;

 

1-орын (700 000 тг.) – Нұрмұрат Абдулла (Павлодар облысы)

2-орын (500 000 тг.) – Мұсабек Мәделіұлы (Батыс Қазақстан облысы)

3-орын (300 000 тг.) – Хабибулла Исмаханұлы (Түркістан облысы)

Сондай-ақ, 10 пара бойынша сайысқа түскен ең жас қарилар Ахмет Нұрланұлы (ШҚО, 9 жаста) мен Әбділәзиз Әбдулбасит (Қарағанды облысы, 9 жаста) «Көрермен көзайымы» номинациясымен (300 000 теңгеден) марапатталды.

Жарысқа қатысып, жүлде алмаған үміткерлердің әрқайсына 80 000 теңгеден берілді.

Еске сала кетейік, екі күнге созылған Құран байқауын «Мүфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және «МҰНАРА ТВ» телеарнасынан онлайн көрсетілді.

Таңбалар: Ақтөбе облысыбасты тақырыпҚұран байқауы
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Жаңалықтар

2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

17.10.2026
Рухани келісім – бірліктің берік негізі
Мемлекет және дін

Рухани келісім – татулық пен өзара құрметтің негізі

15.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Кітапхана ісінің мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

    2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

    783
  • Йемен: Хуситтер шабуылынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

    510
  • Меккеден алған өмірлік сабақ

    361
  • Намаз уақыттарын білу үшін қандай кесте дұрыс?

    275
  • Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

    261

Соңғы жарияланымдар

О молитве джамаатом после намаза
Сұрақ-жауап

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность
Сұрақ-жауап

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026
Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

22.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00