Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діндарларға тек діни сауат ашу жеткіліксіз

24.04.2019
- Қоғам
0
147
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Соңғы кездері әлеуметтік желінің беттерінен мұсылмандардың келеңсіз әрекеттері мен керітартпа қылықтарын көрсететін бейнекөріністер таралып жүр. Оның үстіне әлемдік қауымдастықты алып қарағанда дамыған 8 елді былай қойғанда 20-лықтың ішінде бірде-бір мұсылман елі жоқ. Мұның жауабы қайда, себебі не деген сұрақ туындары сөзсіз.

Бірінші жауап, мұсылмандар бұл дүниенің жетістігіне қызықпайды. Өйткені, хадисте «Бұл дүние мұсылманның зынданы, кәпірдің жәннәты» делінеді. Яғни, бұдан мұсылмандарға бұл дүниеде ұжымақ жоқ, қиыншылық, ауыртпашылық, кедейлік тән. Себебі, сол арқылы жәннатқа барады деген мағынаға жабысу. Бұл ұстаным өте үлкен қателік. Олай болатыны, Алла барлық нығыметін жаратып одан өзінің сүйікті құлдарын мақрұм етуі мүмкін бе?! Оның үстіне дүние нығметі кәпірге немесе мұсылманға тән емес, кім еңбек етсе, кім талпынса, кім өнер тапса соларға тән екендігін көзіқарақты адам түсінеді. Демек, мұсылмандар өздерінің сана жабықтығын, жалқаулықтарын ақтап алу мақсатында аталмыш хадистің сыртқы мағынасына жабысады да өздеріне ғылым мен техниканың, дамудың есігін жауып алады. Соңғы кездердегі кейбір мұсылман елдерінің дамуға ұмтылуы (Индонезия, Малайзия секілді) басқа мұсылмандарға үлгі болуы тиіс.

Екінші жауап, жаратылыс мақсатын түсінбеуі. Исламның жіберілу мақсаты не деген сұраққа көбіміз Құранда «Мен адамдар мен жындарды өзіме құлшылық ету үшін ғана жараттым» (Зарият сүресі 51/56) аят. Көпшілігіміз  осы жерде айтылған құлшылықты намаз, ораза, қажылық сияқты нақты әрекеттер деп түсінеміз. Ал шын мәнісінде сауапқа себеп болатын әрекеттердің барлығы діни сенім бойынша құлшылыққа жатады. Олай болса, адамдардың өмірін жеңілдетуге, бай-қуатты өмір сүрулеріне, денсаулығына қатысты жасайтын қызметтеріміздің барлығы құлшылықтың бір түрі емес пе?! Бір адам білікті дәрігер болып адамдарға көмектессе мешіттегі имамнан артық сауап алуы жоққа шығарылмайды. Биолог шипа боларлық дәрі өндірсе қаншалықты сауапқа бөленетіндігін мұсылмандар терістей алмайды. Онда неге ғылым мен білімге ұмтылмай, діннің сыртқы көрінісіне ғана жабысып, сырттай діндар болып көрінген адамдарды да бағалау белең алған?! Мақсаттан ауытқып кеткеніміз осыдан байқалады.

Үшінші жауап, басқаларды менсінбеу. Мұсылмандардың басым көпшілігіне тән дерт. Негізі мұсылмандар «Жүрегінде зәррәдай тәкәппарлық болған адам жәннәтқа кіре алмайды» дейді. Дінге жақын, өзін діндармын деп санайтын адамдар өздерін жоғары ұстап, басқалармен санаспауды әдетке айналдырған. Тіпті радикалды бағыттағыларды былай қойғанда қалыпты мұсылмандардың көбіне тән ерекшелік. Демек мұсылмандар діннің мазмұнынан алшақтап, өздері уағыздайтын құндылықтарды өмірде өздері орындамайтын жаппай дертке ұшыраған. Өзгелердің жетістігін мойындамау, басқаны діннің, иманның әлсіздігімен айыптау, тозақпен қорқыту әрекеттерінің астында осындай тәкәппарлық сипаттар жатыр. Бұны «Мысық бойы жетпеген етті сасық дейді» деген мәтелмен ғана сипаттауға болады.

Сондықтан ислам әлемінің дамуы, гүлденуі мұсылмандардың алдыңғы қатарлы технологиялар мен өркениетке ие болуының (ислам бұған кедергі емес) алғашқы қадамы сана ашықтығын қалыптастырудан басталмақ. Өзгелермен санасу, өз кемшіліктерін мойындау, өз қоғамына объективті тұрғыдан қарау мұсылмандардың алға жылжуына исламофобиядан құтылуына, өркениетті қоғам құруына алғышарт болып саналады. Бірақ, бұл «ояну» ұзақ үрдіс болмақ. Әсіресе Қазақ елі осы мұсылман елдеріне тән дертке ұшырамаса екен деп әрекет етуіміз керек! Ол үшін қазіргі діндарларға тек діни сауат беруден бас тартып, ғылым мен білімді, тарих пен мәдениетті қатар оқытуымыз заманның, өркениетке бет бұрған қоғамның талабы. Олай болмағанда санамыз орта ғасырларда, өзіміз жаңа дәуірде өмір сүруді жалғастыра бермекпіз!

Білім алу – басты парыз

10.06.2025
Қайырымдылық эстафетасы

Қайырымдылық эстафетасы

06.06.2025

Кеңшілік Тышқан,

дінтанушы

Таңбалар: БілімғылымКеңшілік Тышхансауат ашу
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды
Жаңалықтар

Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

11.06.2025
Бас мешіт түлектеріне сертификат табысталды
Жаңалықтар

Бас мешіт түлектеріне сертификат табысталды

19.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Талас тудырған тақырып: Алланың «мекені»

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80961 бөлісті
    Бөлісу 32384 Твитерге 20240
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    20 бөлісті
    Бөлісу 8 Твитерге 5

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00