Жұма, 17 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сафа мен Мәруа – Құрандағы қос төбе

17.08.2017
- Ислам
0
6.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сафа мен Мәруа арасы шамамен 400 метр. Ал, екеуінің арасындағы сағи[1] жасайтын жер 55 метр. Қазіргі таңда сағидің басталуы мен аяқталуын білдіретін жасыл түсті шам белгі жасалған. Сағи жасаудың тарихы Ибраһим (ғ.с.) заманынан бастау алады. Оқиға былай болған:

Ибраһим (ғ.с.) Алла Тағала тарапынан әйелі Хажар[2] мен баласы Исмаилды Меккеге апарып қоныстандыруға әмір келеді. Ол шақта Мекке сусыз және қылтиған ағашы жоқ шөл дала болатын. Жаратқанның пәрменіне бойұсынып, пайғамбар бала-шағасына аздаған азық-түлік пен су беріп, Меккеге тастап кете барды. Көп өтпей ана мен баланың суы таусылады. Аптап ыстықтан шөл қысқан жөргектегі Исмаил бала шырылдап жылай бастады. Жолаушылаған жан пенде бар ма екен деген үмітпен жанұшырған Хажар ана Сафа төбесіне мен Мәруа жотасына кезек-кезек жүгіріп, әуре-сарсаңға түсті. Осылайша, жеті рет шығып, жеті рет түсті. Төбеден түскенінде сайға қарай екпінімен жүгіргендіктен, қазіргі уақытта екі аралықтың 55 метрін сағи жасау, яғни жүгіріп өту содан қалған.

Кенет нәрестенің аяғының астынан бұлақ жарып шығыпты. Қатты қуанып, жүгіріп барып атқылап жатқан суды қолымен жинай бастады. Құмға сіңіп кетер ме екен деп өз тілінде «зәм-зәм» (жинал, жинал) деп жатты. Осылайша, Алла Тағала бұл отбасына тіршілік көзін берді. Қасиетті бұлақ пайда болғалы бір отбасының ғана емес, тұтастай аймақтың тіршілігі жандана түсті. Міне, бұл, Ибраһимнің (ғ.с.): «Раббым! Ақиқатында, мен ұрпағымнан (бір бөлігін) қасиетті етілген Үйіңнің (Қағбаның) жанындағы егінсіз алқапқа орналастырдым. Раббым! Олар намазды толық орындайтын болсын және адамдардан кейбірінің жүректерін оларға бұр әрі шүкір етулері үшін оларды жемістермен ризықтандыр[3]», – деп жасаған дұғасы қабыл болғанының көрінісі еді. 

Сафа мен Мәруа аралығында ер кісілер жүгіріп өтуі – сүннет. Ал, әйелдер жай жүріп өтуіне рұқсат етілген. Сафа мен Мәруа арасында жеті рет жүріп, сағи жасау – үлкен және кіші қажылықтың уәжіп амалы. Құран Кәрімде: «Расында, Сафа мен Мәруа – Алланың белгілерінен. Кім үйге (Кағбаға) қажылық немесе ұмра жасаса, оған екеуінің арасында жүруде ешқандай күнә жоқ. Ал, кім (өз еркімен) қосымша бір жақсылық істесе, әлбетте, Алла – алғысқа Бөлеуші, бәрін Білуші[4]», – деп әмір етілген.

KazIslam.kz

[1] Сағи – жылдам жүру, жүгіріп өту

[2] Хажар – Ажар

[3] Ибраһим сүресі, 37-аят

[4] Бақара сүресі, 158-аят

Құлшылық, құндылық һәм қасиет

Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

11.07.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?

Дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос тірегі

09.07.2026

Бөлісу154Твитерге96Бөлісу19Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Қазақ мәдениетінің бейбіт өмірге қосқан үлесі

17.07.2026
Хиджабты талап етіп жүрген кімдер?
Сұрақ-жауап

Арабтардың киімін кию сүннет пе?

17.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Харам мешіті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Азан айтуда сауап бар ма?

    Азан айтылғаннан кейін дұға жасауға бола ма?

    21
  • BaiQymyz-2026: 60-тан астам қымыз түрі ұсынылды

    16
  • «Құдайдан қорық» деп не үшін айтады?

    15
  • Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

    14
  • АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

    13

Соңғы жарияланымдар

Қоғам

Қазақ мәдениетінің бейбіт өмірге қосқан үлесі

17.07.2026
Хиджабты талап етіп жүрген кімдер?
Сұрақ-жауап

Арабтардың киімін кию сүннет пе?

17.07.2026
2 миллион адам театрға барды
Жаңалықтар

2 миллион адам театрға барды

17.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00