Жұма, 17 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ханафи ғалымдары сахабалардың сөзін дәлелге санаған ба?

18.08.2017
- Ислам
0
119
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Имам Ағзам Әбу Ханифа діни үкім шығаруға қатысты өз сөзінде: «Мен ең әуелі Алланың кітабымен, сосын Пайғамбарымыздың сүннетімен амал етемін. Одан кейін әуелі сахабалардың келіспеген тоқтамдарынан бұрын бірауыздан келісімін берген байламдарына үңілемін. Солардың ішінен өзімнің көңіліме жақын келгенін аламын. Содан кейін барып қана қияс жасаймын»[1] деген.

Әбу Ханифа осы дәстүрден ауытқымаған, дәлелдерге ерекше мән берген, діни мәселелерге үлкен жауапкершілікпен қараған мүжтәхид болатын. Имам Әбу Ханифаның сахабалар көзқарастарын алып, солардың айтқан өлшемдерінің шеңберінен шықпай жүруі, оларға сеніп, құрмет етуі үкімдерінің тек қана өз ойынан шықпағандығын көрсетеді. 

Осылайша, Әбу Ханифа сахабалардың сөздерін дәлел деп тапқан. Әрине, сахабалардың бәрінің дәрежесі бірдей емес еді. Олардың арасында дінді терең меңгеріп, үкім шығаруда ерекше қабілеттерімен танылғандары да бар еді.

Ханафи ғалымдары осы тектес сахаба пәтуаларына мысал ретінде әйел адамның етеккір мерзімі ары кетсе 3 күнге созылатындығына қатысты Абдуллаһ ибн Мәсғұдтан (р.а.), жүктілік мерзімінің екі жылдан бір сәт артық созылмайтындығына қатысты Айша анамыздан (р.а.) келіп жеткен көзқарастарды келтірген.

Имам Сарахси «Күмәнсіз, уахидан нәр алған Пайғамбарымыздан естіген болуы мүмкін деген ықтимал қиястан жоғары тұрады. Сондықтан, сахабалардың пәтуасын жеке көзқарастан (райдан) жоғары санау ахад хабарды қиястан жоғары қою секілді. Сахабалардың көзқарасы өз ойынан туындаған болса, олардың көзқарастары басқаларыныкіне қарағанда әлдеқайда сенімді болып табылады. Өйткені, олар Құранның түскеніне куәлік етіп, Пайғамбарымыздың берген пәтуаларын өз көздерімен көрді»[2],– дейді.

Ханафи ғалымдары қияс жасамастан бұрын сахабалардың пәтуаларына қарайтын. Сахабалардың бірауыздан келіскен шешімдерін алып, қиясты тәрк ететін. Осыған қатысты Кәрхи Әбу Юсуфтың мына сөздерін келтіреді: «Дәрет пен ғұсылдың екеуінде де ауыз бен мұрынға су алу қиясқа салсақ – сүннет. Бірақ, Ибн Аббастың сөзін негізге алып, қиясты тәрк еттік. Жараның аузынан ақпаған қан қияс бойынша дәретті бұзғанымен, Ибн Аббастың сөзін негізге алып, қиясты тәрк еттік. Бір күн, бір түн немесе одан да аз уақытқа талып қалғанда қияс бойынша оқылмаған намаздардың қазасын өтеу қажет болса, бұл қиясты Аммар ибн Ясирдің сөзіне сүйене отырып, тәрк еттік…»[3]

Жалпы, ханафилар сахабалардан келіп жеткен және ол жайлы дау тудырмаған қандай да бір хадисті дәлел ретінде қабылдаған. Олардың бір тоқтамға келмей, түрлі көзқарас білдірген хабарларын үкімге негіз етіп алмаған. Ондай жағдайда хабарды жеткізуші қаталескен немесе ол үкімнің күші жойылған деп бағалаған. Мәселен, Амр ибн Шұғайыбтың әкесі және атасы арқылы Пайғамбарымыздан риуаят еткен «Зекет, оны жеп тауыспастан бұрын жетімдердің дүние-мүлкінен жақсылық жолында жұмсаңдар»[4] деген хадиске сүйене отырып, сахабалар балиғатқа толмаған баланың дүние-мүлкінен зекет беріп-берілмейтіндігі жайлы өзара бір ортақ тоқтамға келе алмаған. Хазірет Әли мен Ибн Аббас секілді сахабалар осы хадисті дәлел ретінде қолданып, зекет берілу қажет деп тапса, Ибн Мәсғуд өсиет тасталған баланың зекет берілуі тиіс жылдарды есептеп, балиғатқа жеткен соң оған хабар беру керектігін, алайда, беріп-бермеуге келгенде ерікті екенін айтқан. Ханафилар бойынша, егер бұл хадис нақты болса, сахабалар арасында кең тарап, пікір қайшылығы туындаған жағдайда дәлел ретінде қолданылар еді ғой деп ой түйген[5]. 

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

[1]    Бағдади, Тарих, 13-т., 368-б.

[2]    Сарахси, Усулус-Сарахси, (Тахқиқ Әбул Уәфә әл-Әфғани), Стамбул, 1984, 2-т., 108-б.

[3]    Сарахси, Усул, 2-т., 106-б.

[4]    Осыған ұқсас риуаятқа қараңыз: Муатта, Зекет, 12

[5]    И. Хаккы Үнал, 164-165-б.

Құлшылық, құндылық һәм қасиет

Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

11.07.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?

Дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос тірегі

09.07.2026

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Қазақ мәдениетінің бейбіт өмірге қосқан үлесі

17.07.2026
Хиджабты талап етіп жүрген кімдер?
Сұрақ-жауап

Арабтардың киімін кию сүннет пе?

17.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имам Әбу Ханифа мен Матуридидің пікір сабақтастығы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Азан айтуда сауап бар ма?

    Азан айтылғаннан кейін дұға жасауға бола ма?

    21
  • BaiQymyz-2026: 60-тан астам қымыз түрі ұсынылды

    16
  • «Құдайдан қорық» деп не үшін айтады?

    15
  • Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

    14
  • АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

    13

Соңғы жарияланымдар

Қоғам

Қазақ мәдениетінің бейбіт өмірге қосқан үлесі

17.07.2026
Хиджабты талап етіп жүрген кімдер?
Сұрақ-жауап

Арабтардың киімін кию сүннет пе?

17.07.2026
2 миллион адам театрға барды
Жаңалықтар

2 миллион адам театрға барды

17.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00