Дүйсенбі, 4 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Долкунтай АБДУЛХАЛИЛ: Мұқтажға көмек – азаматтық міндет

22.06.2017
- Сұхбат
0
136
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Жақсылықты жар сала айту да жақсы емес, әрине. Десе де, сіздің бастамаңызбен қолға алынған игі істер елдің ықыласын оятып, алғысын алуда. Қаражаттан қысылып, қамыққан жандарға көптен бері қол ұшын созып жүрсіз бе?

– Алла жұмыр басты пендесін кедейлікпен де, байлықпен де сынайды ғой. Қолымызда бар дүние, алдымен Жаратқан берген несібеден, содан кейін ғана еңбегімізбен біткені анық. Сондықтан, айналамыздағы ағайынның қиналғанына көз жұма қарай алмаймыз. Жалпы, компанияның атынан 1995 жылдан бері қайырымдылық шараларына қатысудамыз. Сол кезден былтырға дейін көмекке жаратқан қаражатымыздың жалпы есебі 37 миллион теңгеге жетіпті. Әсіресе, жетім балаларға, қарттар үйіне, ардагерлерге көбірек назар аударамыз.

– Соңғы рет елордадағы ЭКСПО көрмесіне Жетісу жерінен 500 жеткіншекті әкелдіңіздер…

– Иә, қазақтың Астанасында ұйымдастырылып отырған бұл шараның маңызы зор. Сол себепті мұны еліміздің әрбір тұрғыны тамашаласа артықтық етпейді деп білемін. Алайда, оған көпшілігіміздің мүмкіндігіміз бола бермейтіні тағы рас. Осы орайда, тұрмысы төмен, көп балалы, материалдық жағынан аз қамтылған отбасы балаларына 500 билет алып бергенді жөн көрдік. Шара біткенше тағы да жүз шақты жеткіншекті жолпұлымен, тағам-сусындарымен, жатын орындарымен қамтып, елордаға әкелсек деген ойымыз бар.

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

25.04.2026
Геральдикада терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындық қажет

Геральдикада терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындық қажет

24.04.2026

– Көпке шарапаты тиген өзге шаруаларыңыздан там-тұмдап айта кетсеңіз.

– Биылдыққа 600-ге жуық отбасына азық-түлік пакеттерін ұсындық. Олардың қатарындағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне қажет протездерін сұратса, қаржылай жәрдемдесуді өтінгендерге керек сомаларын бердік. Бұдан бөлек, бокс, күрес, ережесіз жекпе-жек сынды спорт түрлерінен Қазақстан, Азия чемпиондарына демеушілік жасадық.

Жұмысшыларымыздың әлеуметтік ахуалын да назардан тыс қалдырған емеспіз. Олардың уақытында емделуіне, мереке кездерінде сыйақы алуына, жалақыларын кешіктірмеуге барынша күш саламыз. Мемлекет қазынасына түсетін салығымызды да уақытынан шегіндірген емеспіз.

Орайы келгенде мақтана салайын, осындай және өзге де қайырымдылық шараларымызды ескерсе керек, өткен жылы Алматы қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының ұсынысымен «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығын еншіледік. Басқа да көптеген Алғыс хаттармен марапатталғанымыз бар. Әрине, игілікті істерімізді марапат алайық деп істемейміз ғой, оны көптің бағасы, рахметі деп ұқтық.

– «Мұсылман, ең алдымен, мейірімді болу керек» дегенді пайғамбар хадистерінен білеміз. Іс-әрекеттеріңізден, әсіресе, балаларды қуанышқа бөлеуге құштарлығыңыздан жүрегіңізде сол мейірімнің бары аңғарылады. Өзіңіз мұсылманның бес парызын қалай атқарып жүрсіз?

– Алланың көзі тура болғандықтан шығар, бес уақыт намазым түгел. Жұма намаздарынан қалмауға тырысамын. Оразаны жыл сайын ұстап келемін. Биыл да, Алла нәсіп қылып, аузымды бекіттім. Жыл сайын жиған дүниемнің зекетін мұқтаж жандарға таратып тұрамын. Ал қажылықтың реті әлі келмей жатыр. Тәңір бұйырған күні ол жолға да аттанармын деп ойлаймын.

– Өндіріс – ел экономикасының негізгі тірегі. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан осы саланы қолдау мақсатында бөлінетін қаражат та еселеп өскен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауларында да шағын және орта кәсіпкерлікті ілгерілету, дамыту мәселелері сөз болып, қаржыландыру ісін жүйелендіру тапсырылады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы – сөзіміздің нақты дәлелі. Енді өзіңіз басқарып отырған ЖШС жайында білсек.

– «MetallPromGroup» ЖШС осыдан сегіз жыл бұрын ірге қалаған. Компания бірнеше жыл бойы жоғары сапалы болат қорытып қана қоймай, отандық шикізатты пайдаланып, металл илеу нарығында өнімді жұмыс істеді. Бүгінде шаруамызды жолға қойып, профильді, шаршы және дөңгелек құбырлар, профильді төсем, директорат, бұрыштаушы краб, мырышталған тегіс жабын, сылақ торы сынды, әсіресе құрылысқа қажет темір-терсектер өндіреміз.

Әу баста он адамнан тұратын ұжым мүшелері қазіргі таңда 130-ға жетті. Олардың қатарында он бес ұлттың өкілі бар. Алғашқы жылдары ай сайын 500 тонна өнім өндіретін болсақ, қазір 3500 тоннаға жеткіздік бұл көрсеткішті. Өнімдерімізді Қазақстанның он үш қаласына жібереміз. Ал шет мемлекеттерден Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларына экспорттаймыз. Астанадағы ЭКСПО қалашығының құрылысына жараған металдардың біршамасы да біздің өнімдеріміз.

Бүгінгі Қазақстанда бизнеске қолдау жоғары екені рас. Ерінбеген жан еселеп табыс табатынына күмәнім кем. Өйткені, Елбасымыз кәсіпкерліктің қай саласына да кеңінен жол ашып қойды. Бізге осы мүмкіндікті барынша пайдалану қажет.

P.S. Сөз соңында айта кетер бір жайт, он төрт бала өсіріп, тәрбиелеп отырған Долкунтай Абдулхалил олардың үшеуін балалар үйінен асырап алған екен. Барлығын тең дәрежеде бағып-қағып, білім алуларына жағдай жасауда. Осы ісі де өзге қалталы жандарға айрықша үлгі болатын қасиет. Замандастарымыз сауапты шаруаны жалғай кетсе, қанекей!..

Әңгімелескен Асхат РАЙҚҰЛ,

KazIslam.kz

Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Интернет – имам емес
Видео

Интернет – имам емес

04.05.2026
Ислам

Өте маңызды өсиет

04.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ораза айт мерекесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    186
  • Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

    104
  • Отыз жыл сал болған сахаба

    99
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    91
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    88

Соңғы жарияланымдар

Интернет – имам емес
Видео

Интернет – имам емес

04.05.2026
Ислам

Өте маңызды өсиет

04.05.2026
Сұрақ-жауап

Ғаламтордағы ашық діни ақпараттың қаупі қандай?

04.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00