Сейсенбі, 27 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Клерикальді сипаттағы зайырлы мемлекет дегеніміз не?

01.06.2015
- Сұрақ-жауап
0
396
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жалпы, діндерге тең құқық беретін зайырлылықтың классикалық үлгісінен басқа мемлекеттердің жергілікті ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан өзіндік формалары әлемдік тәжірибеде көптеп кездеседі. Қазір ғаламдағы 160-ға жуық субекті дін мәселесіне қатысты зайырлы принциптерді ұстанады. Бірақ, тарихи тәжірибе мен мемлекеттің діни құрамын ескерген зайырлылықтың көптеген үлгілері бар. Біз өз зерттеулерімізде зайырлы мемлекеттерді төрт категорияға бөліп қарастырған болатынбыз. Олар: а) клерикальді сипаттағы зайырылық; ә) конкордаттық сипаттағы зайырлылық; б) классикалық діндерге тең құқық беретін зайырлылық; в) атеистік жүйедегі діндерді оқшаулап, біржақты қысым жасайтын зайырлылық.

Ал, клерикальды сипаттағы зайырлы мемлекеттер өз территориясы мен халқының тарихи танымында ерекше ролге ие бір немесе бірнеше дінге мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетеді. Клерикальді сипаттағы зайырлы мемлекеттерде кейде артықшылыққа ие дін немесе діни бірлестік Атазаңда арнайы көрсетілуі де мүмкін. Мысалы, Түркия Республикасы зайырлы мемлекет бола тұра 1924 жылы қабылдаған Атазаңында мемлекеттік дін ретінде ислам дінін атап көрсеткен болатын. Тіпті, клерикальді сипаттағы зайырлы мемлекеттер халықтың басым көпшілігі сенетін дінге әртүрлі мазмұнда артықшылық бере алады. Мысалы, Польша зайырлы мемлекет болғанымен, мемлекеттік лауазымды қызметкерлер Атазаңмен қатар Інжілмен де ант беруіне рұқсат еткен. Сондай-ақ, Англия корольдігінде де христиандық протестантизмге мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетіледі. Англия парламентінде осы дін өкілдеріне белгілі бір мандатта қарастырылған. Мемлекеттік құрылымдық мекемелерде шіркеу орындары да кездесіп жатады. Клерикальді сипаттағы зайырлы мемлекеттің тағы бір сипаты мемлекеттік лауазымды тұлғалар басымдық берілген діннің өкілі болуы шарт. Мәселен, Ирландия Республикасында мемлекет басшысы христиан дінінің өкілі болуы тиіс. Жалпы, клерикальді сипаттағы зайырлы мемлекетті ғылыми еңбектерде «преференциялық» зайырлылық деп те атайды.

Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылдаған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңның преамбуласында «сүнниттік Ханафи мәзһабі мен христиандық православтардың тарихи рөлін мойындайтындығы» ашық айтылды. Әлбетте, бұл біздің мемлекеттің клерикальді сипатқа бет бұра бастағанын әйгілейді. Қазір, еліміздегі Нұр-Мүбарак Египет Ислам университетіндегі «Исламтану» мамандығы үшін республикалық бюджеттен арнайы гранттар бөлінеді. Сондай-ақ, арнаулы оқу орындарына теңестірілген ислами білім беретін медреселер «Исламтану» мамандарын дайындайды. Тіпті, соңғы жылдары мешіт қызметкерлерінің жалақысы да арнайы құрылған қорлардың есебінен төленуде. Бұл жергілікті діни ерекшелік ескерілген зайырлылықтың қазақстандық моделінің қалыптаса бастағанының көрінісі. 

О молитве джамаатом после намаза

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Конкордаттық мемлекет қандай субъектіге жатады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    76
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    73
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    69
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    65

Соңғы жарияланымдар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)

26.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00