Сенбі, 2 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Піл оқиғасы жайлы айтып берсеңіз

08.09.2014
- Сұрақ-жауап
0
184
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бес жүз жетпісінші жылдар шамасы. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллалаһу әлейһи уәссалам) пайғамбарлықтың әлі келмеген кезі. Ол заманда Мекке қаласы қара-құрым халықтан құмырсқаның илеуіндей болып жататын еді. Тұрғындардан бөлек саудагерлер мен жылдар бойы қасиетін сақтап келген Қағбаға арнайы келіп тәуап етуші жатжұрттықтар. Бұлар Меккеге құдды тойға жиналғандай жер-жерден лек-легімен ағылатын. Саудагерлерді бұл қала халықтың көптігімен тартса, екінші бір себеп қасиетті Қағбаның осы жерден табылуы еді. Не керек, Қағба айналадағы халықты айшылық алыс жерден менмұндалап тартып тұратын.

  Арабстанның түстігіндегі Йемен ол кездері Эфиопияның отары еді. Эфиопияға тиесілі қаланың басшысы Әбраһа есімді әкімнің Меккеге қырын қарайтыны айтпаса да түсінікті. Мекке халқына ауыз салуды ойлайтын ол әрдайым тізесін батыра жүретін. Оның үстіне қарапайым бұқараның күн өткен сайын Меккеге магнитше тартылуы, қала экономикасының қарыштап дамуы, шет ел саудагерлерінің сауда жасау үшін тек Меккеге келулері әкім Әбраһаның жүрегіне қызғаныш отын салмай қоймады.. Қайтіп Йеменді орталықтандырып, Мекке халқын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстау керек?  Жатса-тұрса көкейінде осы ой. Ақырында сұмпайы әкім сұрқия істерін бастап кетті. Халықтың санасын билеу мақсатымен шіркеулер салып, әрекеттеніп бақты. Әрине Мекке елі бұған наразы еді. Игі жақсылар тізе қосып кеңесті, ағайын жиналып ақылдасты, ақсарбас айтып жолға шықты. Сайда саны, құмда ізі жоқ қайдағы біреулердің бұндай қылықтарына жауап ретінде барып шіркеуді талқандады. Әбраһаның да күткені осы еді. Сыныққа сылтау табылды. Әбраһа енді түлкі бұлғақты қойып ашық түрде айқасқа шықты. Жолай бейбіт елді қойдай қырып, халықты қан қақсатты. Меккені қоршап, қамал маңына шатырларын тігіп жатып алды. Қойған талабы біреу. Не бұдан былай халықты Қағбаға қозыкөш жер жақындатпайды, немесе қаланы түгін қалдырмай шауып алады.

  Халық әбден састы. Саналарын санға, ойларын онға бөліп мына қаттай болған бәледен құтылудың жолын қарастырды. Шығар айла жоқ еді. Жалмауыздай жалмаған жауыз елдің бар малын барымталап кеткен болатын. Іргелі ел, аталы ру саналған бұл елдің басына түскен қасірет елім деген ерлердің басына сынақ боп қонғанды. Ақырында Әбраһаның алдына Құрайыштың сөзін ұстап пайғамбарымыздың атасы Абдумүтәліп барады. Араларында әңгіме былай өрбіді:

– Әй, Әбраһа. Мен сенен елдің малын қайтарып алуға келдім, жазықсыз елдің көз жасына қалмай қайтар түйелерді.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

– Мынаны қара, – деп Әбраһа маңайындағы шабармандарын шолып өтіп, – мен сені алғаш елдің сөзін ұстаған ақсақал түрінде көргем, ал сен қазір түйе соңынан жүгірген малшы баладан аумай қалыпсың. Қасиетті Қағбаң қирағалы тұрғанда мал даулағаныңа жол болсын, – деп қарқ-қарқ күлді. Сонда Абдумүтәліп:

– Малдың иесі менмін, ендеше оны құтқаруға мен міндеттімін, ал Қағбаны оның иесі құтқарады, – дейді де малды алдына салып жүре береді.

Іргеге кеп сұр жыландай кеміріп жеп, кертіп жұтып жатып алған Әбраһа әскеріне қарсы соғысып абырой таппасын білген Мекке елі тауға шегініп, сонда жасырынады. Енді Әбраһа өзінің келгендегі негізгі мақсатына кірісті. Қағбаны талқандамақ боп әскердің алдына түседі. Бірақ пілді қанша айдаса да жүрмей қояды. Барлық жауынгерлердің пілдері алға баспай қояды. Қанша тырысқанымен жануарлар бір қадам ілгерілемеді. Әлбетте, олар мұның құдайдан келген тосқауыл екенін түсінбейтін. Дәл осы уақытта төбелерінде бір топ құс қалықтап жүрді. Бұлар Әбәбіл құстары болатын. Құмырсқаға ұқсайтын бұл құстарды бұрын-соңды адам баласы көзбен көріп, құлақпен естімеген. Тағы бір ерекшелігі, бұл құстардың тырнақтарында сондай қатты және ыстық бір-бір-бір тас бар еді. Жоғарыдан жауған тас жауынның астында қалған Әбраһа әскері қойша қырылды.  Әскердің жартысы сол жерде тіл тартпай кетсе, қалғаны жолда жан тапсырды. Осылайша адамзат Қағбаның иесі жалғыз Аллаһ екеніне кезекті рет көз жеткізді.

Көктің және жердің жалғыз иесі – Ұлы Аллаһ. Оның әскері кейде құмырсқалардандан, кейде шыбыннан, кейде құстардан құралады. Қағбаны қалай қорғағанын Құран бізге былай жеткізеді:

«Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? Оларға топ-топ әбабил құстарын жіберді. Құстар оларға балшықтан күйдіріліп жасалған тастар атты. Осылайша Аллаһ оларды топан тәрізді қылды».


Жауап берген: Балғабек Мырзаев

Таңбалар: Балғабек Мырзаев
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешіттерді бейберекетсіз салу бәсекелестікке айналып кеткен жоқ па?
Қоғам

Пайдаңды тигізе алмасаң да, зияныңды тигізбе немесе мешіт салуға неге қарсымыз?

08.09.2023
Балғабек Мырзаев: Ақпараттың көптігінен теріс бағытқа түсіп кетіп жатқандар бар
Сұхбат

Балғабек Мырзаев: Ақпараттың көптігінен теріс бағытқа түсіп кетіп жатқандар бар

09.07.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Түс жору турасында айтып берсеңіз. Түc жоруға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    10 бөлісті
    Бөлісу 4 Твитерге 3
  • Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

    6 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 2
  • Отыз жыл сал болған сахаба

    6 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 2
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1

Соңғы жарияланымдар

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті
Жаңалықтар

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті

02.05.2026
Қоғам

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Бірлік – береке бастауы
Ислам

Ынтымақты сақтау – қоғам кепілі

02.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00