Сейсенбі, 17 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Әкбар қажылықтың» басқа қажылықтан қандай ерекшелігі бар?

03.09.2014
- Сұрақ-жауап
0
2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«әл-Хажжул-Әкбар» (Үлкен қажылық) деген тіркес Құран кәрімдегі «Тәубе» сүресінің 3-аятында «Иаумал-Хажжил-әкбар» (Үлкен қажылық күні) деп келеді. Осы аяттағы бұл тіркестің қандай мағынаға келетіндігіне қатысты тәпсір кітаптарында әр түрлі көзқарастар айтылған. «Тәубе» сүресі хижраның 9-жылында Мәдинада түскен. Ол жылы Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі қажылыққа бара алмағандықтан, Әбу Бәкірді (р.а.) қажылыққа басшы ретінде жіберген. Бұл сүре мүшіріктерге жасалған ультиматом ретінде түскендіктен, оны естірту міндетін әзірет Әлиге (р.а.) жүктеп өз түйесіне мінгізіп, Меккеге аттандырған. Әли (р.а.) құрбан айттың бірінші күні әлі мұсылмандарға қосылып қажылық жасап жүрген мүшіріктерге осы Тәубе сүресінің алғашқы қырық (немесе отыз) аятын оқыған. Осы сүренің үшінші аятында: «Бұл Хажжул-әкбар (Үлкен қажылық) күні Алла мен Оның елшісінің халыққа былай деп жариялауы: Алла мен елшісі мүшіріктерден безеді. Егер тәубеге келсеңдер өздерің үшін жақсы… »,– делінген. Міне, Әбу Бәкірдің (р.а.) басышылығымен жасалған осы қажылық «Әкбар қажылық» деп аталған. Өйткені, осы ултиматумды жариялау осы жылы орын алған. «Әкбар қажылық күні – жариялау болып табылады» дегеніне орай осы жылы жасалған қажылық «Әкбар қажылық» деп аталған. «Не үшін сол жылы жасалған қажылыққа «Әкбар қажылық» (әл-Хажжул-әкбар) деп айтылған, одан басқа кезеңде жасалатын қажылықтардың ішінде де «Әкбар қажылық» болады ма?» деген мәселеге қатысты мәліметтер зерделенгенде әр түрлі көзқарастар бар екені анықталады. Осыған қатысты мына мәліметті де бірден келтіре кеткен жөн. Пайғамбарымыздың өзі келесі жылы қажылық жасаған. Әбу Дәуіттің хадистер жинағында келген бір хадисте Пайғамбарымыз сол кездегі Құрбан айттың бірінші күнін «әл-Хажжул-әкбар» деп атаған (Әбу Дәуіт, Мәнәсик, 66). Осы айтылғандардың негізінде мынаны байқаймыз. Әбу Бәкірдің (р.а.) басшылығымен жасалған қажылыққа «Әкбар қажылық» делінгені секілді, Пайғамбарымыздың өзі бір жылдан кейін жасаған қажылыққа да «Әкбар қажылық» деген болса, екі қажылықтың да жұмаға сәйкес келуі мүмкүн емес. Сондықтан оның жұма күніне қатысы жоқ. Жалпылай алғанда қажылық уақытының тысында жасалатын Умра қажылығына «хажжу асғар» (кіші қашылық), қажылық уақытында жасалатын қажылыққа «Хажжу әкбар» (Үлкен қажылық) делінеді. Бұл Құрбан айттың бірінші күні болып табылады. Бұған қатысты әзірет Әли Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Хажжу әкбардың» қай күнге келетінін сұраған кезде ол: «Айттың алғашқы күні» деп жауап берген (Тирмизи, Тәфсирул-Қуран, 10). Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте де оның Құрбан айттың бірінші күні екендігін айтқан (Бухари, 306). Ал, елдің арасында кең тарап кеткен Арапа немесе қажылықтың бірінші күні жұмаға дөп келген уақытта жасалған қажылықтың «Әкбар қажылық» деп аталуына қатысты нақты аят немесе хадис жоқ. Ханафи мазһабының соңғы кезең ғалымдарынан Ибн Абидин: «Ел арасында Арапа күні жұмаға дөп келген қажылықтың жетпіс қажалақтың сауабына тең келетіндігіне және оның «Әкбар қажылық» деп аталатындығына қатысты сөз кең тарап кеткен. Негізінен ол дұрыс емес. Әкбар қажылық – ол парыз қажылық»,– деген екен. Белгілі ғалым Алиул-Қари осы мәселеге қатысты жазған «әл-Хаззул әуфар фил-хажжил-әкбар» деген мақаласында былай деген екен: Қысқаша айтқанда «Әкбар қажылық» жайлы мынадай төрт көзқарас бар: 1. Ол Арапа күні, 2. Құрбан айттың бірінші күні, 3. Ифада тауабы жасалатын күн. 4. Қажылықтың барлық күндері. Негізінен бұл көзқарастар әр түрлі болғанымен бір-біріне қарама-қайшы емес. Өйткені «үлкен», «кіші» мәселесі салыстырмалы түрдегі ұғымдар. Осыған орай жұма күніне дөп келген қажылық ол күнге дөп келмегеннен, «Қиран» қажылық «ифрадтан», парыз қажылық ұмрадан үлкен. Сондықтан барлығын да «Әкбар қажылық» деуге болады… ал «Арапа күні жұмаға дөп келген қажылықты «Әкбар қажылық» деу кейінгі кезеңде шығып, ел арасында тараған сөз» дей келе мәселені былайша түйіндейді: «Алайда, халықтың тілі – Хақтың қаламы (халық айтса, қалып айтпайды). Мұсылмандардың жақсы деп тапқан нәрсесі Алланың алдында да жақсы… арапасы жұма күніне сай келген қажылықтың «Әкбар қажылық» және оның жетпіс қажылыққа тең екендігіне қатысты хадисті ойдан шығрылған (маудуғ) деу орынсыз. Әрі кетсе әлсіз хадис болар. Сахих болған жағдайда зияны жоқ мұндай мәселеде әлсіз хадисті де дәлел ретінде қолдануға болады. Осыны қуаттайтын Арапа күні мен жұма күнінің артықшылығын білдіретін өзге де хадистер өте көп. Олай болса, жұма аптаның, Арапа жылдың ішіндегі ең абзал күндер. Осы екі күннің бірлесуі «нұр үстіне нұр болары» мәлім… Кітаптарда келтірілген мәліметтерді былайша қорытындылауға болады. Әр жылы жасалатын парыз қажылық әсіресе айттың бірінші күні «Әкбар қажылық» деп аталады. Маңызды болғаны қажылықтың шынайы ықыласпен орындалып, мәбрур, яғни қабыл болған қыжылықтың қатарынан болуын тілеу керек.

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Қателік (сәһу) сәждесі қандай жағдайларда жасалады?

Қателік (сәһу) сәждесі қандай жағдайларда жасалады?

16.06.2025
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу48Твитерге30Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жасы ұлғайып кеткен адамға қайтадана азан шақырып, ат қою қажет пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    36 бөлісті
    Бөлісу 14 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды
Жаңалықтар

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды

17.06.2025
Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?
Сұрақ-жауап

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Елімізде қанша миссионер тіркелген?
Инфографика

Елімізде қанша миссионер тіркелген?

16.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00