Сейсенбі, 15 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Парасат пен пайым үндестігі

17.09.2013
- Мемлекет және дін
0
301
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Еліміздің бас газеті – «Егемен Қа­зақ­станның» биыл 20 сәуір күнгі нөмі­рінде жарияланған Әбсаттар ағамыз­дың «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты сұхбатын оқып, біраз  жайға көз жеткіздік.

Көлемі екі бетті алып жатса да, сұхбатты кез келген оқырманның бір демде оқып шығуына толық мүмкіндігі бар. Өйткені  сырт көзге тілі күрделілеу көрінгенімен, ой жүйелі, сұрақ пен жауап қисынды. Әрі тақырыпшалар бой­ынша үлкенді-кішілі болып бөлінген. Тұтас оқып шығуға ерінгенге, өзінің қа­лаған тақырыпшасына үңілуіне бо­лады. Ең бастысы – әлемдегі өзге сенімдер секілді, қасиетті ислам – телегей теңіз білім мен руханияттың қайнар көзі болғанның өзінде, Бас мүфтидің  басылымның екі бетіндегі жауап­тары­нан діннен бейхабар немесе түсінігі таяз кез келген бауырымыз мол түсінік алады. Ал әрі қарай ізденіп, білімін толықтырамын десе, өз еркі.

Олай деуіміз де бекер емес. Өйткені күні бүгінге дейін: «Ойбай, 500 мың қазақ өзге дінге өтіп кетті» деп сарнай бергенше, бүкіл қандастарды ислам діні туралы қарапайым түсініктерден бастап оқытып, алға қарай жетелей берген артық емес пе?! Міне, сол қиын да күрделі міндетті Әбсаттар аға 12 жыл бойы қажырлылықпен атқарып келеді. Әрине, тек өзі ғана емес, сонымен бірге мыңдаған ниеттестері, әріптестері, қала берді діни жағынан сауатты бүкіл бауырларының көмегімен…

…Сұхбат ең әуелі бір Жаратушымыз жер бетіне жіберген, хазіреттің сөзімен айтқанда: «әлемді түнектен жарыққа жетелеген» пайғамбарларға қысқаша сипаттама беруден басталады. Әр пай­ғамбардың нұрлы қасиеттері атап көр­се­тіліп, ең соңында сүйікті пайғам­ба­рымыз (с.ғ.с.) Мұхаммедтің ерекшелігіне айрықша тоқталады. «Алла елшісі (с.ғ.с.) барша пайғамбарлардың ерекшеліктері мен қасиеттерін бойына жинай білген пайғамбарлар сұлтаны һәм ақырғы елші» деп, пайымдауының кілтін ашады. Сонан кейін шейх Әбсаттар сәл оқырманды қызықтырғысы келгеніндей, шетелдегі қандас бауырымыз Насрулла ат-Таразиге тоқтала кетеді. Білімі мықты, иманы құрыш қорғандай ағамыздың отбасының тағдырымен та­ныс­тыра келе, оның ұрпағының Насрул­ла ақсақалдың рухани мұрасының жар­ты­сын ала тақиялы өзбек ағайынға, жарты­сын Отанымыздың мұрағатына өткізгенін сүйсіне айтады.

Ұлы дала – көшпенділер өркениетінің алтын бесігі

Ұлы дала – көшпенділер өркениетінің алтын бесігі

11.07.2025

Дін көшбасшыларының VIII съезі: Бейбітшілік пен келісімнің жаңа белесі

21.05.2025

Сұхбаттың «Ақырғы елші аманаты» атты бөлігі сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұхаммедтің өмірі мен рухани қызметін қысқа да нұсқа түрде әңгіме­лейді. Әрі қарай «Ұлы өркениетке қа­дам» тақырып­шасынан араб ха­лиф­атының құрылуы және ислам мәдениетінің адамзат тари­хын­дағы қайталанбас маңызы тайға бас­қан таңбадай атап көрсетілген. Ра­сында да араб-мұсылман өркениеті бол­мағанда, христиандық Батыс пен буддалық Шығыс бір-бірінен мүлдем хабарсыз қалар еді. Жаратылысынан және ислам дінінің қағидаларына сай нәсілшілдік пен діни өшпенділіктен ада арабтар адамзаттың екі қиырдағы өр­ке­ниеттерін бір-бірімен байланыстырды.

«Діни соғыстар мұсылмандардан гөрі христиандар тарихында көбірек еке­нін білесіз» дейді бір сөзінде қадір­менді хазірет. Мұны мүфти ағамыздың бүкіл әлемде, кей-кейде елімізде қылаң беріп қалатын исламды құбыжық ету (исламофобия) сорақылығына наласы деп түсіндік. Расында ислам тарихы аутодафе, инквизиция, қасиетті Ворфоломей түніндегі католиктердің гугенот­тар­ды жаппай қырып салуы сияқты қайғылы оқиғалардан хабарсыз. Мен тіпті бір тарихи кітаптан инквизиция қатері төнген испандық жебірейлерді құтқарып, өздеріне жеткізу үшін кемелер жіберген Осман империясының сұлтандарының ізгілігі туралы оқып таңданғаным бар. Соған қарағанда, «Бүгінгі Еуропа діни және ұлттық төзімділікті ислам әлемінен алған» деген пікір негізсіз болмас…

Исламдағы төрт мәзһаб – Әбу Ханифа, Малики, Шафиғи, Ханбали тарап­тарына кеңінен тоқталған Әбсаттар ағамыз «мәзһаб» ұғымына мынадай нақты түсінік береді:  «Мәзһаб – жол, мектеп, бағыт деген мағынаны білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, ар­найы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен Ислам ғұламаларының көзқарастар жиынтығын мәзһаб дейміз. Мұ­сыл­мандар өміріндегі намаз, ораза, зекет, қажылық сынды діни іс-амалдардың барлығы мәзһаб ғұламалары анықтаған үкімдерге сай атқарылады». Басқа мәз­һабтар былай тұрсын, өзіміз бас ұратын Әбу Ханифа мәзһабынан хабарсыз талай пенде үшін қадірменді хазіреттің тәлімді түсіндіруінің маңызы айрықша.

Сонан кейін Бас мүфти теріс ағым­дар туралы парасатты пайымдауын айтқан. Бүгінде ол мәселе жиі сөз болатындықтан, оған ерекше тоқталу­ды қаламадық. «Білімге үндейтін ілім» атты тақырыпша да мейлінше тартым­ды. Онда ислам өркениетінің даңқын шартарапқа жайған атақты ғалымдар туралы айтылады. Ол аз десеңіз, бүгінгі ғылым мен техникадағы талай жаңалықтарды мұсылман ғалымдары ашқаны жайында шегелеп көрсетілген.

Сұхбат берушінің: «Қазақ халқы исламды тек қабылдаушы ғана болып қалған жоқ, сонымен қатар біз ислам өркениетін байытуға үлес қосқан ха­лықпыз. Ислам дінінің тарауы арқылы қазақ жерінде де ғылым дами түсті. Тіліміздегі «қалам, дәптер, кітап, ұстаз, мұғалім, медресе» сынды ғылымға қатысты сөздердің араб тілінен енгендігі исламның жерімізде ғылымның да­муына қаншалықты оң әсер еткендігін аңғартса керек» деген іспеттес пайымдауы да көңілімізден шықты.

Соңғы тақырыпша «Жер шары – ор­тақ мекен» деп аталады. Мұнда ол «Ислам діні сан ғасырлардан бері мемле­кеттің тірегі ретінде ақыл мен пара­сат­тың, озық ғылым мен ұлы өркениеттің, мәдениет пен татулықтың діні қызметін атқарып келеді. Ата-бабаларымыз таң­да­ған ұлы жол қай кезде де елді бірлік пен ынтымаққа шақырып, тәрбие мен өнегеге бастады» дейді. Мұның аста­ры­нан Әбсаттар ағамыздың ұлтаралық және дінаралық татулыққа шақырып, Отанымыздың тыныштығы үшін ис­лам­ның зор рухани қуатын мақсатты пайдалануға ұмтылған ниеті мен тілегін айқын сезіндік.

30.11.2012

Серік ЫҚСАНҒАЛИ

«Егемен Қазақстан»

 

 

 

Таңбалар: Ислам өркениетіқазақ халқы
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақтарға Ханафи мәзһабын ұстану міндет пе?
Сұрақ-жауап

Қазақтарға Ханафи мәзһабын ұстану міндет пе?

27.09.2024
Қазақ руханиятына үш құнды кітап қосылды
Жаңалықтар

Қазақ руханиятына үш құнды кітап қосылды

26.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дінаралық келісім діңгегі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00