Маймун ибн Махран айтады: «Бірде халифа Омар ибн Абдулазизбен бірге қабірстанға бардым. Омар қабірлерді көрген кезде жылады да:

«Әй, Маймун! Мынау – аталарым Умаяттар әулетінің қабірлері. Бұлар құдды дүниедегі адамдардың рахаттарына еш ортақ болмағандай халде. Бастарына келген қиыншылықпен жападан-жалғыз жатқанын көрмейсің бе? Денелерін құрт-құмырсқа жеуде», – деді.

Сосын жылап тұрып: «Уаллаһи, мына қабірлерге Алланың азабынан қауіпсіз күйде келген адамнан артық дүниеде бай, дәулетті саналатын кісіні білмеймін», – деді».

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу