Бейсенбі, 1 Маусым, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біздің мақсатымыз – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілікті нығайту

15.09.2022
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Жаңалықтар, Таңдаулы
0
189
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің жабылу рәсімі өтті. Оның алдында Қорытынды декларация жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумның екі күндік жұмысын қорытындылай келе, қазақ жері осы күндері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналғанын атап өтті. Дүниежүзінің беделді дінбасылары осы жерде бір шаңырақтың астына жиналды.

– Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Біздің бастамамызға қолдау көрсетіп, Съезге арнайы келген діни көшбасшыларға, саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс айтамын. Сондай-ақ форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Рим Папасы Францискке елімізге тарихи сапар жасап, Съезд жұмысына қатысқаны үшін тағы да ризашылығын білдірді.

– Сіздің әлемдік қоғамдастыққа үндеуіңіз бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға үміт пен сенім сыйлады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі тарихтың бетбұрыс кезеңінде өткеніне тоқталды. Пандемиядан кейін геостратегиялық жағдай ушыққан кезде жаһандық деңгейде өркениетаралық диалог пен сенімді нығайту үшін жаңа әдістер іздеу аса маңызды. Президент форумның қорытындысы бұл басты міндетті шешуге елеулі үлес қосады деп санайды.

– Біз бірлесе отырып, ұлттардың бірін-бірі шеттетуіне, мемлекеттердің күйреуіне және халықаралық қатынастар жүйесінің бұзылуына ықпал ететін «күш көрсету саясаты» мен «араздық тілін» дәріптеуді сынға алдық. Бүгінде діндердің бітімгерлік әлеуетін пайдаланып, ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу үшін рухани көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру бұрын-соңды болмаған маңызға ие. Барлық діннің негізінде гуманистік идеалдар, адам өмірінің жоғары құндылықтары, бейбітшілік пен жасампаздыққа ұмтылу сияқты ізгі амалдар жатады. Осы негізгі қағидаттар рухани салада ғана емес, сондай-ақ мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық саясатта да көрініс табуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық күйзелістер мен жаһандық дағдарыстардың қайнар көзі саналатын теңсіздіктің барлық түрін еңсеру талқыланған негізгі мәселелердің бірі болғанын атап өтті. Цифрлық және гендерлік проблемаларға, әлеуметтік бөліністерді жою ісіндегі білім мен діни ағарту саласының атқаратын рөліне баса мән берілді.

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
Түрмеден берілген тапсырма

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023

Қазақстан Президенті экономикалық өсім мен рухани-адамгершілік дамудың арасындағы теңдікке қол жеткізу жолдарын қарастыру әлі де өзекті екенін атап өтті.

– Діндер көшбасшылары рухани және технологиялық дамуды үйлесімді ұштастыру қажет екенін дәлелдей алатынына сенімдімін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев рухани көшбасшылардың беделі бүкіл адамзаттың игілігі үшін қазіргі әлемдегі қайшылықтарды еңсеруге септігін тигізетініне сенімді.

Мемлекет басшысы Съездің қорытынды құжатына ерекше назар аударды. Президент форум қорытындысы бойынша бүгін мазмұнды әрі жан-жақты пысықталған Декларация қабылданатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл маңызды концептуалды құжат іргелі мәселелерді қамтиды және үкіметтерге, саяси көшбасшыларға, халықаралық ұйымдарға бағдар бере алады.

– Біздің ортақ міндетіміз – Декларацияның концептуалды ережелері мен идеяларын дәйекті түрде ілгерілету. Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Құжатта біздің форумның ықпалын одан әрі күшейтудің нақты қадамдары мен кезеңдері қамтылуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарына сәйкес, Съездің дәйекті қызметін толықтай қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар Съездің жабылу рәсімінде Рим Папасы Франциск, «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб, Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар департаментінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антоний, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі шейх Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейх, Израильдің Бас ашкеназ раввині Давид Лау, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйледі.

Қайнар көзі: akorda.kz
Тегтер: Ахмет ТайыпӘлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпДіндер съезіҚасым-Жомарт ТоқаевРим Папасы Франциск
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Беларусьтан жеткен бір үзім нан
Қоғам

Беларусьтан жеткен бір үзім нан

31.05.2023
Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!
Сұхбат

Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!

28.05.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді – Қорғаныс министрлігі

ҰҚШҰ күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді - Қорғаныс министрлігі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6651 рет бөліскен
    Бөлісу 2660 Твитерге 1663
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4348 рет бөліскен
    Бөлісу 1737 Твитерге 1086
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1437 рет бөліскен
    Бөлісу 574 Твитерге 359
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1483 рет бөліскен
    Бөлісу 593 Твитерге 371

Соңғы жарияланымдар

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
0
АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

Толығырақ оқу

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023
0
Түрмеден берілген тапсырма

Толығырақ оқу

Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

31.05.2023
0
Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00