Жексенбі, 29 Қаңтар, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінтанушы: «Аллаһу Акбар» деп мұзды суға түсу – дінді мазақ қылу

20.01.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
188
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жыл сайын қаңтар айының ортасынан бастап қоғамда христиандардың шоқыну мерекесі қарсаңында суық суға түсу мәселесі қызу талқылана бастайды. Қазір  бұл мерекеде орыстардан қарағанда «шоқынған суға» түсіп жатқан қазақтарды көру үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр. Десе де әр ұлттың, діннің өзіндік ерекшеліктері болады. Оны елемей, қаншама қара көзді бауырларымыз қақаған қыста тазарамыз деп шомылып жүр. Осы мәселеге байланысты дін саласындағы мамандар өз пікірлерін білдірді.

Еліміздегі белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаев мұсылман  азаматтардың осы күні суға түсуі қаншалықты орынды деген сауалға жауап берді.

– Негізінде «Крещение» – христиандардың діни мерекесі. Сондықтан христиан дінін ұстанушылар үшін өздерінің діни мерекесін атап өтулері әдеттегі жағдай. Осы күнді мұсылман бауырларымыздың ішінен діни мереке емес, жай ғана суға шомылу деп түсінеді.

Әрине, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет және әркімнің дін ұстанымына еркіндік берілген. Елімізде тіркелген барлық діни бірлестіктерге діни наным сенімдерін орындауларына заңнамамен реттелген құқықтар мен еркіндіктер берілген. Оған ешкімнің дауы жоқ. Мәселен «Аллаһу Акбар» деп шоқынып алып, суға секіріп жатқандар да бар. Өз басым бұны дінді ойыншыққа айналдыру деп санаймын. Дін –  өте нәзік сезім және оны ойынға айналдыруға болмайды, – дейді дінтанушы.

ҚМДБ-ның «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов ислам діні басқа дінге, басқ ұлтқа құрметпен қарауға бұйырады дейді. Бірақ бұл солардың діни рәсімдеріне қатысуға болады, солармен бірге қосылып құлшылықты атқаруға рұқсат етілді деген мағынаны білдірмейтінін айтады.

– Жыл сайын қаңтар айының ішінде шоқыну немесе суға түсу рәсімі өткізіледі. Бұл сенім бойынша аталған күн қасиетті болып саналады. Христиан дін өкілі келіп, арнайы өзінің діни рәсімін жасайды. Содан кейін көлдегі немесе өзендегі су ерекше емдік қасиетке ие болады. Тіпті сол суға түскен адам тазарады және оның күнәсі кешіріледі дейді.

Бізге де осы мәселе бойынша «Мұсылман адамның осындай іс-шараларға, рәсімдерге қатысуына бола ма?» деген көптеген сұрақтар келіп жатыр. Мұсылмандар қай заманда болсын басқа дін өкілдеріне құрметпен қараған және олардың діни рәсімдерін, құлшылықтарын орындауларына ешқандай кедергі жасамаған.

Палудан екінші Құранды өртеді

Палудан екінші Құранды өртеді

29.01.2023

Асырап алған балаларды неліктен кері қайтарып жатады

27.01.2023

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім қайбір қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан» деген. Міне, сондықтан мұсылман адамның ондай іс-шараларға қатыспағаны дұрыс. Кейбір адамдар «Бұл діни рәсімге менің ешқандай қатысым жоқ. Мен бұл жерге тек денсаулығымды жақсарту ниетімен барамын» дейді. Әрине, ислам діні әрбір адамға денсаулығына қарауға және емделуге бұйырады. Бірақ мұндай іс-шараға дәл осы күні емес, басқа күні барғаны дұрыс. Алла Тағала баршамызды тура жолға бастасын имамымызды кәміл етсін, – Хасан Аманқұл.

Бұған қатысты дінтанушы Балғабек Мырзаев та еліміздің әрбір азаматы ресми тіркелген барлық діни бірлестіктердің діни мерекелерімен құттықтағандары дұрыс екендігін, бірақ олардың діни рәсімдерін орындауларын құптамайтынын айтты.

–  Себебі мұсылман дінінде адал болған нәрселер басқа діндерде арам болуы немесе басқа діндерде тыйым салынбаған нәрселер мұсылмандарға рұқсат етілмеген болуы мүмкін. Сондай-ақ қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі бар. Осы салт-дәстүрімізде де ұрпақтың тектілігін сақтап қалу үшін қойылған тыйымдар мен шектеулер көп. Ата-бабаларымыздан бізге аманат болып қалған салт-дәстүрімізді аяқ асты ете беретін болсақ, бұл да біздің болашақта ұлт болып сақталып қалуымызға зияны тиіп кетпесіне кім кепіл. Сондықтан діни мерекелерге қатысып, жораларын  орындаудан бұрын жеті рет өлшеп, бір мәрте кескен орынды болады, – дейді дінтанушы.

Әр ұлттың, діннің, ділдің өзіндік құндылықтары болады. Сондағы діни мерекелердің ішкі мазмұны мен аталып өтілуіне ерекше мән берген жөн.

Балжан ӘБДІРАШ

Тегтер: крещениемұсылмандарШоқыну діни мерекесішоқыну суы
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Христиандар мешітке кіріп, құлшылық жасай ала ма?
Сұрақ-жауап

Христиандар мешітке кіріп, құлшылық жасай ала ма?

20.01.2023
Шоқыну рәсімінде қазақтардың суға түсуі дұрыс па?
Сауалнама

Шоқыну рәсімінде қазақтардың суға түсуі дұрыс па?

18.01.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Нәпсіні тізгіндеу кімнің қолынан келеді?

Нәпсіні тізгіндеу кімнің қолынан келеді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

    Ережеп айы және ораза

    1004 рет бөліскен
    Бөлісу 402 Твитерге 251
  • Ережеп айы және Миғраж түні

    587 рет бөліскен
    Бөлісу 235 Твитерге 147
  • Ережеп айы туралы хадистер

    147 рет бөліскен
    Бөлісу 59 Твитерге 37
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    4402 рет бөліскен
    Бөлісу 1761 Твитерге 1101

Соңғы жарияланымдар

Палудан екінші Құранды өртеді

29.01.2023
0
Палудан екінші Құранды өртеді

Толығырақ оқу

Асырап алған балаларды неліктен кері қайтарып жатады

27.01.2023
0

Толығырақ оқу

Қайыршылықтың емі бар ма?

27.01.2023
0
Қайыршылықтың емі бар ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00