Сәрсенбі, 4 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Йемен: 370 содырдың көзі жойылды

04.11.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Йемен армиясы хуситтерге қарсы 1208 операция жүргізіп, 370 содырдың көзін жойды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.

Үкімет әскерінің мәліметінше, түрлі майданда хуситтердің 120-ға жуық әскери техникасы мен жабдығы жойылған немесе істен шығарылған.

Йемен армиясы Иран қолдайтын хуситтерге қарсы 1208 әскери операция жүргізген. Нәтижесінде дала командирлерін қоса алғанда, 370 содырдың көзі жойылған.

Армияның жазбаша мәлімдемесінде «Йемен таңы» («Рассвет Йемена») операциясы аясында хуситтерге қарсы жүргізілген әскери іс-қимылдар туралы ақпарат берілген.

Ата-анама дауыс көтерсем күнә ма?

Баланы имандылыққа баулу ата-ананың міндеті ме?

04.11.2026
Ақиқатқа да араша керек

Ақиқатқа да араша керек

04.11.2026

Мәліметке сәйкес, әскери авиация, ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА), далалық артиллерия және дүркіндете ататын реактивті жүйелер қолданылған. Хуситтердің позицияларына, шоғырланған аудандарына, қозғалыс бағыттарына, қосымша күштеріне, бекіністері мен атыс нүктелеріне барлығы 1208 соққы жасалған.

Операциялар нәтижесінде дала командирлері мен содырларды қоса алғанда, шамамен 370 адам залалсыздандырылған. Сонымен қатар түрлі майданда хуситтердің 120-ға жуық әскери техникасы мен жабдығы жойылған немесе істен шығарылған.

Мәлімдемеде үкімет әскерлері мен халықтық қарсылық күштері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз қаласында бірқатар стратегиялық нысанды бақылауына алғаны да айтылған. Хуситтердің аталған аумақтарды қайтарып алу әрекеттеріне тойтарыс берілген.

Армия өкілдері мемлекеттік мекемелерге бақылау орнатып, хуситтер тарапынан төнетін қауіп-қатерді жойғанға дейін әскери операциялар табанды түрде жалғасатынын атап өтті.

Йемен армиясы операциялардың нақты қай мерзімде жүргізілгенін жариялаған жоқ. Ал хуситтер әзірге бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірмеді.

Йемен Президенттік басқару кеңесінің төрағасы Рашад әл-Алими 5 қазанда мемлекеттік мекемелерге бақылауды қайтаруға және ел астанасы Сана қаласын бақылауға алуға бағытталған «Йемен таңы» әскери операциясының басталғанын жариялаған болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мәліметінше, шілде айында қайта өршіген қақтығыстар салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, жараланған. Сонымен қатар 250 мыңнан астам бейбіт тұрғын тұрғылықты мекенін тастап кетуге мәжбүр болған.

Йемен 2014 жылдың қыркүйегінен бері азаматтық соғыс жағдайында қалып отыр. Сол кезде хуситтер ел астанасы Сананы және бірқатар провинцияны басып алған еді.

2015 жылдың наурызынан бастап Сауд Арабиясы бастаған коалициялық күштер халықаралық деңгейде мойындалған Йемен үкіметіне қолдау көрсетіп келеді.

Таңбалар: Йеменсодырлархуситтер
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Хуситтер деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Хуситтер деген кімдер?

01.11.2026
Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді
Жаңалықтар

Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

21.10.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

    Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

    22
  • Қазақстанның дінаралық диалог тәжірибесін таныстырды

    17
  • Адамшылық – асыл қасиет

    15
  • Құндылығын білген “құлдыққа ұшырамайды”

    15
  • «Имантау» жұмбағы: аңыз бен ақиқат

    12

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Йемен: 370 содырдың көзі жойылды

04.11.2026
Ата-анама дауыс көтерсем күнә ма?
Сұрақ-жауап

Баланы имандылыққа баулу ата-ананың міндеті ме?

04.11.2026
Ақиқатқа да араша керек
Видео

Ақиқатқа да араша керек

04.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00