Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған кезекті шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БАҚ-тың мәлімдеуінше, бұл оқиға Йемендегі хуситтер әуежайға соққы жасағанын мәлімдегеннен бірнеше күн өткен соң болған.
Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, келтірілген залал толық бағаланып, қауіпсіздік тексерісі аяқталғанға дейін әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды.
«The Wall Street Journal» басылымына сілтеме жасаған Сауд Арабиясының ресми өкілдерінің айтуынша, зымырандар үшінші және төртінші терминалдарға тиген. Әуежайға айтарлықтай зақым келіп, ғимарат шатырының бір бөлігі ішіндегі адамдардың үстіне құлаған.
AFP агенттігіне сұхбат берген дипломатиялық дереккөздің мәліметінше, әуежайға зымырандық соққыны Йемендегі хуситтер жасаған. Олар 8 қазанда әуежайға жасалған, салдарынан үш адам қаза тауып, ұшақ зақымданған бірнеше шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған.








