Жұма, 9 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Euronews қазақ тілінде ақпарат таратады

07.07.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
36
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанада Euronews халықаралық жаңалықтар арнасының қазақ тілінде ақпарат таратуына орай ресми таныстырылым өтті. Қазақ тілі Euronews арнасында тұрақты хабар таратылатын 14 тілдің қатарына қосылды. Бұл – Орталық Азия халықтарының тілдері арасында алғаш рет жүзеге асқан бастама.

Таныстырылымға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид және Euronews агенттігінің Астанадағы бюро жетекшісі Боян Бркич қатысты. Іс-шара барысында Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов бұл жобаның мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, отандық ақпарат кеңістігін дамытуға және қазақтілді аудиторияның халықаралық сапалы ақпарат тұтынуына ықпал ететінін атап өтті.

«Euronews телеарнасының қазақ тіліндегі ақпарат тарата бастауы – еліміздің ақпарат кеңістігі үшін айтулы оқиға. Әлемдегі жетекші халықаралық жаңалықтар арналарының бірі алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік тілінде халықаралық жаңалықтарды тұрақты түрде ұсынатын болады», – деді Қанат Ысқақов.

Өз кезегінде Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давид қазақ тіліндегі жаңалықтардың іске қосылуы арнаның көптілді хабар тарату аясын кеңейтуге және әлемнің әр түкпіріндегі аудиторияға тәуелсіз халықаралық ақпаратқа еркін қол жеткізуіне бағытталған ұстанымының айқын көрінісі екенін айтты.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы негізгі серіктестеріміздің бірі. Осы жобаны жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне алғысымызды білдіреміз. Екіжақты әріптестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғасатынына сенімдімін», – деді Педро Варгас Давид.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде қазақ тіліндегі жаңалықтар жұмыс күндері Euronews-тің YouTube арнасында жарияланып тұрады. Алдағы уақытта қазақ тіліндегі жаңалықтар өзге де медиаплатформаларда, оның ішінде телеэфирде де кезең-кезеңімен көрерменге жол тартады. Сондай-ақ Euronews халықаралық жаңалықтарының шамамен 90 пайызы қазақ тіліне бейімделіп ұсынылады.

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026

Сонымен қатар 6-8 шілде аралығында Астанада Euronews-тің Азия елдеріндегі редакцияларының алғашқы өңірлік семинары өтіп жатыр. Қатысушылар өңірлік редакциялар арасындағы әріптестікті нығайту, кәсіби тәжірибе алмасу және Euronews желісінің Азиядағы жұмыс аясын кеңейту мәселелерін талқылауға бас қосты.

Еске салайық, Euronews-тің Астанадағы кеңсесі 2024 жылдың күзінде жұмысын бастады. Бүгінде ол халықаралық телеарнаның жергілікті бағдарламаларын әзірлейтін әрі әлемнің түкпір-түкпіріне таратылатын өңірлік контентті дайындайтын маңызды орталықтың қызметін атқарып келеді.

Таңбалар: Euronewsқазақ тілі
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Астанада қазақ тілінде сөйлейтін орта қалыптасты: Сәкен Есіркеп тіл саясаты туралы
Сұхбат

Астанада қазақ тілінде сөйлейтін орта қалыптасты: Сәкен Есіркеп тіл саясаты туралы

08.09.2026
Қазақ тіліндегі сапалы контентті дамыту мәселесі талқыланды
Жаңалықтар

Қазақ тіліндегі сапалы контентті дамыту мәселесі талқыланды

13.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Теологтардың біліктілігін арттыру тренингі өтті

Теологтардың біліктілігін арттыру тренингі өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ортақ құндылықтар төрге озады

    Ортақ құндылықтар төрге озады

    511
  • Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

    507
  • БҰҰ: Йеменде 200 мыңнан астам адам баспанасын тастап, босқынға айналды

    406
  • Исламда тәртіптің орны қандай?

    359
  • Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

    264

Соңғы жарияланымдар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Этносаралық келісім мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды

08.10.2026
Ғибратты әңгімелер

Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көреді…

08.10.2026
Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі
Жаңалықтар

Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі

08.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00