Бейсенбі, 25 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Чайлдфри үкімі

25.06.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Чайлдфри (ағылш. childfree – «баласыз өмір») – бұл саналы түрде балалы болудан бас тартуды насихаттайтын субмәдениет[1]. Бұл термин ер мен әйелге бірдей қолданылады.

Бүгінде чайлдфри иделогиясы әлеуметтік және мәдени тұрғыдан өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл көзқарасты жақтаушылар балаларды жек көрмейді. Алайда олар көбіне бала тәрбиесіне жұмсалатын шығындардан қашуды, қосымша жауапкершілікті мойнына алмауды, жеке еркіндік пен кәсіби дамуды алдыңғы орынға қоюды, сондай-ақ «менің денем – менің құқығым» деген идеологияны негізгі себеп ретінде алға тартады.

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

25.06.2026
Зікіршілер дегеніміз кімдер?

Зікіршілер дегеніміз кімдер?

25.06.2026

Чайлдфри, яғни саналы түрде балалы болудан бас тарту, шариғат тұрғысынан құпталмайды. Бұған төмендегі дәлелдер негіз бола алады:

  1. Бұл идеология адам болмысына (фитрасына) қайшы. Үйлену және ұрпақ сүю – табиғи құбылыс. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Адам баласы үшін әйелдерді, балаларды, алтын күмістен жиналған қазыналарды, сәйгүліктерді, малдар және егіндерді құмарта сүю әсем көрсетілген. Бұлар – дүние тіршілігінің қызығы» [2], – деп баяндайды.
  2. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне қайшы. Неке қию – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Оның негізгі мақсаттарының бірі – адамзат тегінің сақталуы мен ұрпақтың жалғасуы.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сені жақсы көретін әрі көп бала туатын әйелге үйленіңдер. Өйткені мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбетке мақтанамын»[3], – деген.

Исламда балалы болу – ерлі-зайыптыларға ортақ құқық. Сондықтан олардың бірі бала сүюді қаласа, екінші тарап оған тыйым сала алмайды. Тек бала тәрбиесіне дайындалу немесе денсаулықты қалпына келтіру сынды орынды себептермен жүктілікті уақытша кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болуы және қолданылатын тәсілдердің денсаулыққа зиян келтірмеуі шарт. Ал тек жауапкершіліктен қашу немесе кедейліктен қорқып жүктіліктен әдейі бас тарту шариғатта құпталмайды. Сондай-ақ ұрпақсыздыққа әкелетін, жүктілікті біржолата болдырмайтын кез келген тәсілдер шариғатта харам болып саналады[4].

Сонымен қатар чайлдфри идеологиясы отбасы институтын әлсіретіп, қоғам мен ұлттың болашағына кері әсерін тигізеді.

 

Шешім:

  1. Чайлдфри идеологиясы ислам шариғатына, адам табиғатына және неке мақсатына қайшы.
  2. Жүктілікті болдырмау немесе кейінге қалдыру тек мәжбүрлі және шариғат талабына қайшы келмейтін жағдайда ғана рұқсат етіледі.
  3. Әдейі жүктілікті біржолата болдырмайтын кез келген тәсілдерге тыйым салынады.

 

[1] https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A7%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B4%D1%84%D1

[2] «Әл Имран» сүресі, 14-аят.

[3] Әбу Дәуіт, №2050. Нәсәи, №3227.

[4] https://iifa-aifi.org/ar/1746.html.

Таңбалар: баласыз өмірпәтуачайлдфри
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Уәдені орындау үкімі
Ислам

Уәдені орындау үкімі

01.06.2026
ЖИ пәтуа бере алмайды
Видео

ЖИ пәтуа бере алмайды

08.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Достоинства поста в день Ашура

    Ашура күнінің артықшылығы неде?

    3.2k
  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    121
  • Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

    47
  • Елордалық зейнеткерлер қымызмұрындық мерекесін атап өтті

    39
  • Діни мәтіндерге өз бетінше үкім шығару адасуға апарады

    36

Соңғы жарияланымдар

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Алматы қаласы бойынша XV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті

25.06.2026
Чайлдфри үкімі
Ислам

Чайлдфри үкімі

25.06.2026
Зікіршілер дегеніміз кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Зікіршілер дегеніміз кімдер?

25.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00