Сенбі, 23 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мүлікті игі іске берудің (уақып етудің) шексіз сауабы

23.05.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
6
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мүлікті игі іске беру, яғни уақып ету – ислам мәдениетіндегі ең ізгі және сауабы үзілмейтін амалдардың бірі. Уақыптың басты ерекшелігі ол адам дүниеден өтсе де, артында қалдырған игілігі халыққа пайда беріп тұрғанша, иесіне сауап жазыла беретін «садақа-жәрия» (үздіксіз садақа) болып табылады. Яғни уақыпқа берілген дүние-мүлік қашан да ағымы жалғасып тұратын садақаға жатады. Мысалы, оған бірнеше мүліктерді атауға болады. Айталық, қазіргі таңдағы мешіттер мен медреселер, сондай-ақ жеке адамдардың мұқтаждар үшін пайдалануға беріп жатқан дүниелері және т.б. осыны білдіреді. Уақып – қоғам үшін де, жеке тұлға үшін де, адамның ақыреті мен осы дүниесі үшін де ең ізгі амалдардың бірі. Сондықтан дініміз өзгелерге көмектесуге, адамдарға жәрдемші болуға шақырады. Уақыптың мән-мағынасы мен маңыздылығын тереңірек түсінуіміз үшін, мына жайттарды білуіміз қажет.

Бірінші: уақыптың анықтамасы

Уақып сөздікте «ұстау» деген мағынаны білдірсе, ал, терминдік мағынасы белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану. Әбу Юсуф пен имам Мұхаммедтің (Алла оларды рақымына алсын) көзқарасы бойынша: «мүлікті Алланың (жолына) иелігіне өткізу». Мүлік иесінің меншігінен біржола шығады, оны сатуға, сыйға тартуға немесе мұраға қалдыруға болмайды. Бірақ одан түскен табыс қайырымдылық негізде мұқтаждарға беріледі.

Уақыптың үкімі Құран және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисімен, сонымен қатар ислам ғұламаларының бір ауыздан келісуімен бекітілген.

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

23.05.2026
Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

Онлайн құрбандық: мүмкіндік пен қажеттілік

23.05.2026

Ислам шариғатында уақыптың үкімі – мұстахаб (ұнамды, сауапты іс) және бекітілген сүннет (сүннәтун мүәккәдә) болып табылады. Ол парыз (міндетті) емес, бірақ Алла Тағаланың разылығына жеткізетін ең ізгі амалдардың қатарына жатады.

Уақыптың (игі іске мүлік берудің) сауабы мен артықшылығы туралы Құран аяттарында, хадистерде және тарихи деректерде өте көп мәліметтер бар. Бұл амал исламдағы ең жоғары деңгейдегі жомарттық болып саналады. Бұған қатысты Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 267-аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنفِقُوا مِن طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ الْأَرْضِ

«Уа, иман келтіргендер! Тапқан дүние-мүліктеріңді және біздің сендер үшін жерденшығарғандарымызды Алла жолына сарп етіңдер», – деп айтқан.

Ибн Кәсир бұл аяттың түсу себебін былайша түсіндіреді: ансарлар (мәдиналық мұсылмандар) құрма жинау уақытында сапасыз, шіріген немесе піспеген құрмаларды мешітке әкеліп, кедейлерге жинап қоятын болған. Сол кезде осы аят түскен. Алла Тағала бұл аятта садақа берер болсаңдар, жақсысынан, әдемісінен беріңдер деп бұйырған. Өйткені Алла – Пәк, Ол тек жақсыны ғана қабылдайды. Яғни, сапасыз, жарамайтын нәрсені Алла жолына бермеуге бұйырады.

Уақып жасаушы адам қоғамға, мешітке немесе медресеге өзінің ең жақсы, сапалы мүлікін (жерін, ғимаратын т.б.) бергені жөн. Тозығы жеткен, ешкімге пайдасы жоқ, жарамсыз дүниені уақып ету бұл аятқа да, ар-ұятқа да қайшы.

Сонымен қатар уақыпқа дәлел бола алатын бірнеше хадистер де бар. Соның ішінде Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِذَا مَاتَ الْإِنْسَانُ انْقَطَعَ عَنْهُ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثَةٍ؛ إِلَّا مِنْ صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ أَوْ وَلَدٍ صَالِح يَدْعُو لَهُ

«Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: жария садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салиқалы ұрпақ», – деп айтқан (имам Мүслим).

Ислам ғұламалары: «бұл хадистегі «жәрия садақа» уақыптан басқа нәрсені меңзеп тұрған жоқ. Егер оның басқа да мағынасы болса уақып та сол мағыналардың ішіне кірер еді», – деген.

Хазіреті Омардың (Алла оған разы болсын) өз меншігіндегі жерін уақып етуін ислам ғұламалары «ислам тарихындағы ең алғашқы уақып» деп санаған.

 

Қисса

Ибн Омар (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) Хайбар шайқасында бір жерді иемденеді. Бір күні осы жер хақында кеңесу үшін ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Мен Хайбар шайқасында бір жерді меншігіме алдым және ондай байлыққа бұған дейін ие болмадым. Бұл жер хақында маған қандай кеңес бересіз?» – деп сұрайды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қаласаң ол жерді уақып ет те одан түскен пайданы садақа етіп отыр», – деп кеңес береді. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) содан кейін ол жерді ешкімге сатылмайтын, мирасқа да берілмейтін етіп садақа ретінде береді.

Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) Хайбардағы жерін уақып еткеннен кейін көптеген сахабалар өздерінің мал-мүліктерін, бау-бақшаларын уақып ретінде қоя бастаған. Тіпті Жәбір (Алла оған разы болсын) есімді сахаба: «Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының ішінде мал-мүлікін уақып етпеген ешкім болмаған», – деп айтқан.

Асыл дінімізді қадірлеп, дәстүрін ардақтай білген ата-бабаларымыз да уақып қадірін жақсы түсінген. Уақып жөнінде сөз қозғағанда, киелі Түркістанда Ақсақ Темірдің 1397-1405 жылдары Қожа Ахмет Ясауи бабамызға арнап салғызған кесене-мешіті жайлы айтпаса болмайды. Өйткені тарихи деректерден Ақсақ Темір осы кесене-мешітті уақып етіп салып, «уақыпнама» қалдырғанын білеміз.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы бір өлеңінде:

Жарар еді ортада мешіт салсақ,

Қаза қылмай намазды барып тұрсақ,

Бір ғалымды фазыл заттан имам сайлап,

Байларымыз жиналып уақып қылсақ – деген болатын.

М.Дулатұлының діни ұстанымы туралы пікірі Ә.Бөкейханмен үндес. Ол осы жөнінде былай жазады: ««Қазақ халқына діни бір уағыз» атты бөлімінде әр болыста жамағат қаржысына ұсталатын бір мешіт, земство қаражатымен жұмыс жасайтын бір медресе болсын. Мұның сыртында, байлар мешіт, медресе ашамыз деп жатса, тыйым салынбасын», – дейді.

Сол себепті де уақыптың адамның жеке басына да, қоғамның дамуына да тигізер пайдасы өте зор.

Екінші: уақыптың шарттары

Ханафи мәзһабы бойынша уақыптың рүкүні болып الصِّيغَةُ (сөз формасы) ғана саналады. Ал, бұл сөз формасы уақып берушінің, уақып алушының және уақыпқа қойылатын нәрсенің бар болуын талап етеді. Ал, көпшілік ғұламалардың пікірінше уақыптың төрт рүкүні бар:

  1. Уақып беруші: азат, ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған және мүліктің толық иесі болуы керек.
  2. Уақып алушы: өзіне берілген мүлікті дұрыс жұмсай алатын адам болуы керек.
  3. Мүлік: құнды әрі қолдану барысында таусылып қалмайтын (жылжымайтын мүлік, кітаптар, т.б.) болуы шарт. Уақып ретінде берілген мүлік бұдан былай ешкімнің жеке меншігі болмайды. Оны сатуға, сыйға тартуға немесе мұрагерлікке қалдыруға тыйым салынады.
  4. Сөз формасы: мүліктің пайдасы иесі белгілеген мақсатқа ғана жұмсалуы керек (мысалы, егер кітапхана үшін берілсе, оны дүкенге айналдыруға болмайды).

Имам Мұхаммед (Алла оны рақымына алсын) бойынша уақыптың шарты толық, дұрыс болуы үшін ол арнайы басқарушыға «мутәуәллиге» (жауапты адамға) тапсырылуы қажет. Ол мүліктің тозбауын, одан түскен пайданың (игі іске) дұрыс бөлінуін қадағалайды.

Үшінші: сауабы мен пайдасы

Уақып ауызша («уақып еттім», «бұл – садақа») немесе іс-әрекетпен (мысалы, мешіт, аурухана, жол, көпір т.б. салу арқылы халықтың игілігіне беру) жүзеге асады. Алла разылығы үшін шын ниетпен берілген садақаның қайтарымын Алла еселеп береді. Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 261-аятында:

مَّثَلُ الَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ كَمَثَلِ حَبَّةٍ أَنبَتَتْ سَبْعَ سَنَابِلَ فِي كُلِّ سُنبُلَةٍ مِّائَةُ حَبَّةٍ وَاللَّهُ يُضَاعِفُ لِمَن يَشَاءُ

«Алла жолында мал-мүлікін садақа еткендер жеті түйір бас шығарған, әрбір басында жүздендәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді», – деп, Алла жолында жасалған садақаның еселеп сауап болып қайтатынын баяндайды.

Бұл аятта Алла Тағала мал-дүниесін Өзінің жолында сарп еткендердің дүниесі әсте кемімейтіндігін, сонымен қатар әрбір істеген жақсылығы өзіне еселеп қайтатындығын баян еткен. Сондай-ақ Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

مَنْ تَصَدَّقَ بِعَدْلِ تَمْرَةٍ مِنْ كَسبٍ طَيِّبٍ، وَ لَا يَقْبَلُ اللهُ إلَّا الطَيِّبَ، ثُمَّ يُرَبِّيهَا لِصَاحِبِهَا، كَمَا يُرَبِّى أَحَدُكُم فَلُوَّهُ حَتَّى تَكُونَ مِثلَ الجبَلِ

«Кімде-кім адал жолмен тапқан табысынан бір құрмадай садақа берсе, Алла ол садақасын қабыл етеді. Содан кейін оны таудай болғанша, яғни сендердің біреуің тай құлынды кішкентайынан өсіргендей иесіне сауабы үлкейеді», – деген (имам Бұхари).

Мұсылман баласы өзінің дүние-мүлікін Алла жолында уақып етуі арқылы Жаратушыға етене жақындай түседі. Пенде сол арқылы сансыз сауапқа ие болып және оның пайдасын келесі өмірде өзі ойлағаннан да артық берекетін көретін болады.

 

Қисса

Мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударғанда, қалада ауыз су тапшылығы болады. Қалада «Румә» деп аталатын суы мөлдір, тәтті бір ғана құдық бар еді. Бірақ ол бір яһудидің меншігінде болатын және ол суды мұсылмандарға өте қымбат бағаға сататын.

Мұны көрген Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Румә құдығын сатып алып, оны мұсылмандардың игілігіне берсе, оған жәннатта бұдан да қайырлы бұлақ бар», – дейді. Хазіреті Осман (Алла оған разы болсын) дереу барып, яһудимен саудаласады. Алдымен құдықтың жартысын (бір күн Османдікі, бір күн яһудидікі болатын етіп) сатып алады. Османның (Алла оған разы болсын) кезегі келген күні мұсылмандар екі күнге жететін суды тегін алып, ыдыстарын толтырып алатын болғандықтан, яһудидің саудасы жүрмей қалады. Соңында ол құдықтың қалған бөлігін де Османға (Алла оған разы болсын) сатуға мәжбүр болады.

Хазіреті Осман (Алла оған разы болсын) құдықты барша халыққа деп сауап үшін уақып етеді. Қызығы сол, бұл уақып бүгінге дейін сақталған. Содан түскен пайда әлі күнге дейін қайырымдылыққа жұмсалып келеді.

Төртінші: уақып пен зекеттің арасындағы басты айырмашылықтар

  1. Үкімі мен сипаты:
  • Зекет: исламның бес парызының бірі. Нисап мөлшерінде байлығы бар мұсылманға парыз болып табылады.
  • Уақып: ерікті (мұстахаб) амал. Адам өз еркімен мүлікін Алла жолына сарп етеді.
  1. Меншік құқығы (иелік ету):
  • Зекет: мұнда «тәмлик» (иелігіне өткізу) шарты бар. Яғни, зекет ретінде берілген мал кедейдің жеке меншігіне өтуі тиіс.
  • Уақып: мүліктің негізі сатылмайды және мұраға қалмайды. Тек соның пайдасы (жемісі, жалға берілген ақшасы және т.б.) қайырымдылық ретінде жұмсалады.
  1. Жұмсалатын орындары:
  • Зекет: тек Құранда көрсетілген сегіз топқа (кедейлер, міскіндер және т.б.) беріледі.
  • Уақып: аясы өте кең. Оны кедейлерге де, байларға да (мысалы, кітапхана ретінде), қоғамдық мақсаттарға да (мешіт, аурухана, мектеп, жол салу) арнауға болады.
  1. Уақыты мен тұрақтылығы:
  • Зекет: жылына бір рет берілетін құлшылық.
  • Уақып: садақа-жәрия (үздіксіз садақа). Жылдың кез келген мезгілінде бере береді.

Уақып жасаушы адамның ниеті аса маңызды. Уақыпқа берілген мүлік оны Алла жолында жұмсаған иесінің айтуы бойынша пайдалануға беріледі. Халқымыз: «Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі», – деген.

Құрметті жамағат!

Уақыптың басты құндылығы оның сауабының үздіксіз жалғасуында. Адам баласы дүниеден өткенде оның барлық амалдары тоқтағанымен, уақыпқа қалдырған мүлікі игілікке жарап тұрғанша, иесінің қабіріне сауап нұры болып бара береді. Бұл өткінші фәни дүниенің байлығын ақыреттің таусылмайтын қазынасына айналдырудың ең тиімді жолы. Тарихқа көз жүгіртсек, мұсылман қоғамындағы ең ірі университеттер мен емханалардың, жетімдер үйі мен қайырымдылық мекемелерінің мемлекет бюджетіне салмақ салмай-ақ, жеке тұлғалардың жомарттығымен гүлденуі осы уақып жүйесінің жемісі.

Бүгінгі таңда уақып дәстүрін жаңғырту қоғамдағы мейірімділік пен бауырмалдық құндылықтарын қайта тірілту деген сөз. Ол бай мен кедейдің арасындағы алшақтықты азайтып, әлеуметтік әділеттілікті орнатады. Сондықтан уақыпты тек тарихи жәдігер ретінде емес, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге қауқарлы заманауи даму құралы ретінде қарастыруымыз қажет.

Алла Тағала ниетімізді, берген садақаларымызды, жасаған уақып істерімізді қабыл етсін. Артымыздан жақсы сөз, игі іс және тоқтаусыз сауап әкелетін нығмет қалдыруды нәсіп етсін!

Таңбалар: қайырымдылықсадақаУақып
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында форум өтті
Жаңалықтар

«Уақып – үзілмес көпір» тақырыбында форум өтті

21.04.2026
Қостанай: 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Жаңалықтар

Қостанай: 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

16.04.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.2k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.5k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    577
  • Өте маңызды өсиет

    275
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    153

Соңғы жарияланымдар

Уақып – сарқылмас сауап
Ислам

Мүлікті игі іске берудің (уақып етудің) шексіз сауабы

23.05.2026
Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді
Сұхбат

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

23.05.2026
Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?
Ислам

Онлайн құрбандық: мүмкіндік пен қажеттілік

23.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00