Жұма, 10 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мазлұмның үнсіз наласы

22.05.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
28
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ибраһим Хаққы хазіреті жеті жасында анасынан айырылып, бала көңіліне сағыныштың мұңын ерте ұялатады. Тоғыз жасқа толғанда, әкесі оның терең білім мен көркем тәрбие алуын қалап, Тилло (Түркия) шаһарына алып келеді де, дәуірінің ілім мен руханият шамшырағы болған Исмайыл Фақируллаһ хазіреттің тәрбиесіне табыстайды.

Бір күні ұстазы жас Ибраһим Хаққыға бір құмыра ұстатып:

– Балам, бұлақтан су алып кел, – дейді.

Ибраһим Хаққы бұлақ басына барып, құмырасына су толтырып тұрған сәтте, аяқ астынан бір атты адам келеді.

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

10.07.2026
Діни бірлестіктер арасында татулық бар

Діни бірлестіктер арасында татулық бар

10.07.2026

– Әй, бала! Жолдан былай тұр! – деп зекіп, оны иығымен ысыра итереді де, атын суатқа қарай тебініп жібереді.

Жас бала құмырасын құшақтап, шетке ығысқысы келеді. Бірақ әлгі адам атын одан сайын тебініп, оны тар қуыстың бұрышына қыса түседі. Амалы таусылған Ибраһим Хаққы жанын сақтау үшін құмырасын жерге қоя сала шетке ұмтылады. Сол мезетте аттың тұяғы құмыраны таптап өтіп, күл-паршасын шығарады.

Бұл көрініс бала жүрегіне қатты батады. Көзіне жас алып, ұстазының алдына жылып келеді.

Ұстазы мейіріммен:

– Не болды, қарағым? Неге жылап келдің? – деп сұрайды.

Ибраһим Хаққы дірілдеген үнмен:

– Ұстазым, бұлақтан су алып тұрғанымда бір атты адам келіп, атын үстіме айдады. Өзімді әрең құтқарып қалдым. Ал құмырамды атымен таптатып, сындырып кетті, – дейді.

Сонда ұстазы:

– Әлгі адамға ештеңе айттың ба? – деп сұрайды.

– Жоқ, ұстазым… Ештеңе айта алмадым, – дейді бала.

Фақируллаһ хазірет сәл ойланып отырып:

– Бар да, оған бір ауыз болса да сөз айт, – дейді.

Ибраһим Хаққы қайтадан бұлақ басына барады. Әлгі атты адам атын тарап тұр екен. Жақындап келеді. Бірақ қанша оқталғанымен:

– Неге құмырамды сындырдың, ей, залым?! – деп айтуға тілі бармайды.

Көп ұзамай қайта оралып, ұстазының алдына келеді.

– Айта алдың ба? – дейді ұстазы.

Ибраһим Хаққы басын төмен салып:

– Жоқ, ұстазым… Айтайын деп едім, бірақ аузымнан ауыр сөз шықпады, -дейді.

Сонда ұстазының жүзі күрт өзгеріп:

– Тез бар! Қарсы жауап қайтар! Әйтпесе соңы ауыр болады! – дейді.

Бұл жолы Ибраһим Хаққы ұстазының бұйрығын орындамақ болып, асығыс бұлаққа қарай жүгіреді. Алайда ол жерге жеткенде, сұмдық көрініске тап болады.

Өзінің құмырасын сындырған әлгі адамды аты теуіп жіберіп, бұлақтың жанына құлатыпты. Әлгі адам жан тәсілім еткен екен.

Мұны көрген Ибраһим Хаққы шошып кетіп, дереу ұстазының қасына жүгіріп келеді де, болған жайды баяндайды.

Мұны естіген Фақируллаһ хазірет ауыр күрсініп:

– Әттеген-ай… Бір құмыраның құны бір адамның өміріне татыр ма еді… -дейді мұңайып.

Қасындағылар бұл сөздің мәнісін түсінбей:

– Ұстазым, мұның сыры неде? – деп сұрайды.

Сонда Фақируллаһ хазірет терең мағынамен былай дейді:

– Әлгі атты адам Ибраһим Хаққыға зұлымдық жасады. Бірақ Ибраһим оған қарсы бір ауыз ауыр сөз айтпады. Бар ісін Аллаға тапсырды. Ал мазлұмның үнсіз наласы Алланың қаһарына тиді. Залым өз жазасын тапты.

Егер Ибраһим де оған қарсы тіл қатып, кек қайтарғанда, есеп теңесер еді. Бірақ ол толықтай мазлұм хәлінде қалды. Мен сол үшін екеуін «есептестірмек» болып едім… Алайда тағдыр оған мұрсат бермеді…

Қасиетті Құранда да Перғауынның зұлымдығына ұшыраған мүмін жанның мына сөзі баяндалады:

– «Мен ісімді Аллаға тапсырамын. Ақиқатында, Алла құлдарының бәрін толық көруші. Сонда Алла оны олардың қастандықтарынан қорғады. Ал Перғауын қауымын азаптың ең ауыры қоршап алды».    («Мүмин» сүресі, 44–45-аяттар)

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

Таңбалар: Ғибратзалыммазлұм
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Ғибратты әңгімелер

Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

05.07.2026
Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…
Ғибратты әңгімелер

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

Онлайн құрбандық: мүмкіндік пен қажеттілік

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Республикалық бас мешіт “Нұрсұлтан мешіті” деп аталады

    Республикалық бас мешіт “Нұрсұлтан мешіті” деп аталады

    38
  • Жаңа Конституция – жаңа құқықтық кезең

    37
  • Ұстаздың ұрпағына құрмет

    17
  • Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

    17
  • Сауапты амал деген не?

    17

Соңғы жарияланымдар

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
Жаңалықтар

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

10.07.2026
Елімізде қанша Отбасын қолдау орталығы бар?
Инфографика

Елімізде қанша Отбасын қолдау орталығы бар?

10.07.2026
Діни бірлестіктер арасында татулық бар
Видео

Діни бірлестіктер арасында татулық бар

10.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00