Сейсенбі, 23 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Иншалла» – сөзінің салмағы

07.05.2026
- Таңдаулы
0
34
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір кеште бір адам жарына сенімді дауыспен былай деді:

— Ертең жаңбыр жауса, үйде боламын. Ал жаумаса, егістікке барып, жер жыртамын.

Жары байыппен:

— Отағасы, «иншалла» деп айтыңыз… — деді.

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Уланған нанның қайтарымы

Уланған нанның қайтарымы

05.06.2026

Ер адам бұған мән бермей:

— Мұнда қандай «иншалла» бар? Екі-ақ мүмкіндік тұр ғой: не жаңбыр жауады, не жаумайды. Жауынса — үйдемін, жаумаса — түздемін! — деп кесіп айтты.

Жары тағы да ескертті:

— Тағдырдың қалай шешілетінін біз емес, Алла біледі. «Иншалла» деу — соны мойындау…

Бірақ ер адам қасарысып, бұл сөзді айтуға көнбеді.

Таң атты. Аспан ашық, күн нұрлы. Ер адам еш күмәнсіз жолға шықты. Бірақ адам жоспарлағанмен, тағдырдың өз үкімі бар…

Сол түні бір қылмыс жасалып, кінәлі жан-жақтан іздестіріліп жатқан еді. Кенет әлгінің жолын кесіп, айналасын қоршап алды:

— Тоқта! Ешқайда бармайсың! — деді олар.

Сөйтсе, ізделіп жатқан қылмыскерге айнымай ұқсайды екен.

— Мен кінәсізбін! — деп қанша жалынса да, ешкім сенбеді. Оны ұстап, қамауға алды.

Сұрақ-жауап, тергеу… Ұзақ әрі азапты түн басталды. Қорқыныштан көз ілмей, таң атқанша жан азабын тартты. Сол сәтте ол өзіне-өзі ой салды:

«Шынында да, адам бәрін жоспарлаймын деп ойлайды. Бірақ бір сәтте бәрі өзгеріп кетуі мүмкін екен…»

Таң ата, ақиқат белгілі болды: нағыз қылмыскер ұсталыпты. Ал бұл бейкүнә жан босатылды.

Үйіне қайтқанда, ол бұрынғыдай сенімді емес еді. Керісінше, жүрегі жұмсарып, тағдырдың алдында әлсіз екенін терең сезінді. Есікті баяу қақты.

Іштен жары:

— Бұл кім? — деді.

Сонда ол бәсең дауыспен:

— Есікті аш, ханым… Иншалла, келген мен шығармын… — деді.

Ғибрат:

Бұл әңгіме бізге бір ақиқатты ұқтырады:

Адам қанша жоспар құрса да, барлығы Алланың қалауымен жүзеге асады.

«Иншаллаһ» — жай ғана сөз емес.

Ол — пенденің өз әлсіздігін мойындауы.

Жаратушыға тәуекел етуі,

Тағдырға бойсұнуы.

Өз күшіне шектен тыс сенген адам кейде бір сәтте дәрменсіз күйге түсуі мүмкін. Ал жүрегінде тәуекелі бар жан әрқашан сабыр табады.

Сондықтан, бауырлар…

Әрбір ісімізде:

«Иншалла» деп айтуды ұмытпайық.

Өйткені ертең не боларын біз емес, бір Алла ғана біледі.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: ҒибратИншалла
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…
Ғибратты әңгімелер

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Уланған нанның қайтарымы
Ғибратты әңгімелер

Уланған нанның қайтарымы

05.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қарағанды: «Үздік ұстаз – 2026» атты ұстаздар сайысы өтті

Қарағанды: «Үздік ұстаз – 2026» атты ұстаздар сайысы өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    117
  • Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

    82
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    60
  • Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

    47
  • Зиратты жаман шөптерден тазалауға бола ма?

    44

Соңғы жарияланымдар

Желіні кезген жалған идеология
Видео

Желіні кезген жалған идеология

23.06.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Қазақ қоғамындағы ислам құндылықтары

23.06.2026
«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді
Жаңалықтар

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

23.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00