Жұма, 15 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«996» тұжырымдамасы

15.05.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

7
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өткен ғасырдың 80-90 жылдары «жапон ғажайыбы» әлемді таңғалдырса, қазір Қытайдың қарыштап даму дәуірі дүниені дүр сілкіндіріп тұр. Шығыстағы құдайы көршіміз жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, өндіріс, логистика, онлайн сауда – жалпы қай саланы алсақ та, әлемде жетекші орында. Ал бұл жетістіктің астарында қытай халқының еңбекқорлығымен қатар, әсіресе, ІТ-саласында кең тараған «996» тұжырымдамасы жатыр.

«996» тұжырымдамасы дегеніміз не? Бұл – сағат таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін, аптасына 6 күн жұмыс істеу дегенді білдіреді. Яғни күніне 12 сағат, аптасына 72 сағат еңбек ету режімі. Бұны «996» мәдениеті деп те атайды. Қытайдың, әсіресе, жаңа технологиялар саласында шектен тыс көп жұмыс істеу қалыпты құбылысқа айналған. Ал мамандар бұл режімнің пайдасымен қатар, зияны да жетіп артылатынын айтады.

Жалпы Қытай экономикасының төске шауып, төрге өрлеуі 90-жылдардың аяғынан басталғаны белгілі. Соның ішінде заманауи технологиялар дамуында тез ілгері басып, аз жылда әлемдік көшбасшыға айналып шыға келді. Компаниялар арасындағы бәсекелестік, нарықты жаулау жолындағы жарыс оларды жұмыс уақытын біртіндеп 12 сағатқа дейін көбейтуге мәжбүр етті.

Бұл өзгеріс өзінің жемісін де бермей қойған жоқ. Оған бүкіл дүние куә. «996» мәдениетін қолдаушылар да аз емес. Соның бірі – бір кездері аталған елдің ең бай адамы болған Джек Ма мұны ел үшін үлкен нығмет деп есептейді.

Мал сойғанда қандай әдептерді білген дұрыс?

Мал сойғанда қандай әдептерді білген дұрыс?

15.05.2026
“Жиһадтың” жасырын насихаты

“Жиһадтың” жасырын насихаты

15.05.2026

«Бұл тек кәсіпкерлерге емес, басқа саланың адамдарына да қатысты. Мен білетін көптеген табысты өнерпаздар, ғалымдар, спортшылар, шенеуніктер мен саясаткерлер «996» режімінде, тіпті одан да көп еңбектенеді. Бұл олардың адам айтқысыз төзімділігін емес, өз ісіне шындап берілгенін білдіреді», дейді Alibaba компаниясының басшысы.

Қытайдың бүкіл әлемді жаулап жатқан Alibaba, Tencent, Huawei секілді алпауыттарының дамуы осындай еңбек режімімен тікелей байланыстырылады.

Алайда, «996» тұжырымдамасы экономикалық тұрғыда табысқа жетелегенімен, адамның физикалық және психологиялық жағдайына кері әсер ететіні де дәлелденген. Әсіре жұмысбастылықтың салдарынан ұйқы мен демалыс уақытының азаюы, күйзеліс пен созылмалы шаршау, денсаулықтың нашарлауы – осы режімде жұмыс істейтін адамдардың көбінде кездесетін келеңсіздік көріністері.

Қазір қытай жастары арасында: «Өмір сүру үшін жұмыс істемей, жұмыс істеу үшін өмір сүріп кеттік», деп наразылық білдіретіндер көбейген. Расында, күндізгі уақытының бәрін жұмыс орнында өткізетін адамдарда отбасына көңіл бөлуге, жеке өміріне, демалуға, қыдыруға, рухани дамуға мүлдем уақыт қалмайды. Соның салдарынан отбасын құрмайтын сүрбойдақтар, құрса да, бала табуға асықпайтындар қатары артқан. Өйткені өмірге ұрпақ әкеліп, оны бағып-қағуға уақыт жұмсағаннан гөрі мансап жолындағы өрлеуді, көбірек табыс табуды құп көреді. Салдарынан бұл елде жастар азайып, зейнеткерлер саны артып жатыр. Ал бұл өз кезегінде экономикаға, еңбек өнімділігіне теріс әсер ететіні белгілі.

Кейінгі уақытта «996» мәдениетіне жауап ретінде Қытайда «тан пиң» («шалқасынан жату») қозғалысы күш алып келеді. Бұл шектен тыс жұмыс пен үздіксіз жарыстан, мансаптан мүлдем бас тартып, қарапайым ғана тіршілік кешуге, психологиялық тыныштыққа, өз-өзіңе көңіл бөлуге шақыратын идея. Олар «996» мәдениетін еңбекқорлық емес, жұмысқа жегілу деп санайды.

Ал біздің еліміздегі 8 сағаттық жұмыс кестесі қайдан шыққан? Бұл ХІХ ғасырда ағылшын кәсіпкері Роберт Оуэннің «тәулікті 8 сағат жұмысқа, 8 сағат демалысқа, 8 сағат ұйқыға тең бөлу» деген ұранымен басталып, кейін бүкіл дүниеге ереже ретінде тараған.

Дегенмен, 8 сағаттық жұмыс тәртібі қағаз жүзінде сақталғанымен, іс жүзінде біздің елде де «996» кестесімен еңбек ететіндер, тіпті одан да көп уақытын жұмысына арнайтындар жетіп артылады. Әсіресе бұл мемлекеттік қызметке қатысты. Бұған қоса, бір адамның екі-үш жерде қатар еңбек етуі – кең таралған үрдіс. Өйткені, жалғыз жалақының «бетіне» қарап отыру мүмкін емес. Сондықтан жұмыс жүктемесінің көптігі жағынан біздің де көштің соңында қалмағанымыз айдан анық.

Ал сіздің ойыңыз қалай, оқырман? Қытайдағы секілді ала таңнан кеш қарайғанша еңбектенуді көздейтін, экономикалық әрі технологиялық дамудың кілті болған «996» мәдениеті керек пе, әлде кейбір мамандар айтып жүргендей, «кеңседе қанша отырдың дегеннен гөрі, қандай нәтиже шығардың?» деген сұраққа көңіл аударған жөн бе?..

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: 996жұмысбастылықҚытай
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды
Жаңалықтар

Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орталығы ашылды

03.09.2025
Қытайда бала туатын робот пайда болды
Жаңалықтар

Қытайда бала туатын робот пайда болды

21.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
“Жиһадтың” жасырын насихаты

"Жиһадтың" жасырын насихаты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Өте маңызды өсиет

    257
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    135
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    105
  • Елордада “Таусылмас тағзым” атты театрландырылған концерт өтті

    69
  • Дұғаның қабыл болу жолы

    60

Соңғы жарияланымдар

Мал сойғанда қандай әдептерді білген дұрыс?
Сұрақ-жауап

Мал сойғанда қандай әдептерді білген дұрыс?

15.05.2026
“Жиһадтың” жасырын насихаты
Видео

“Жиһадтың” жасырын насихаты

15.05.2026
«996» тұжырымдамасы
Қоғам

«996» тұжырымдамасы

15.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00