Жұма, 11 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дұғаның қабыл болу жолы

22.04.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
102
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жаздың аптап ыстық күнінде, жамағат күйіп бара жатқан дәнді–дақылдарын сақтап қаламыз деген үмітпен, жұма намазынан кейін мешіт имамымен бірге далаға жаңбыр тілеу – тасаттық намазына барады.

Жаңбыр тілеу намазы оқылып, дұғалар жасалып, құрбандықтар шалынады, бірақ бір де бір тамшы жаңбыр жаумайды. Алланың ісіне шарасыздық танытқан қауым қалаға қайтып оралады.

Арада біраз күн өткен соң, Алланың досы болған тақуа адамның жолы осы қалаға түседі.Қала халқы әлгі тақуаға келіп, олар үшін жаңбыр тілеп, дұға етуін өтінеді. Бірақ, тақуа адам жаңбыр тілеу намазының орнына қаланы бірге аралауды ұсынады.

Адамдар таңданыс және қызығушылықпен әлгі адамның артынан еріп, үйлерді аралай бастайды. 3-5 үйді айналып өтіп, шатыры тесік, есігі сынық үйге кездеседі және әлгі адам есікте тұрып, үйдегілерді шақырады.

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026

Ішінен орта жастағы әйел мен екі жетім қыз шығады. Ол олардан хал-жағдайларын сұрасқаннан кейін, бұл үй иесінің жүрек талмасына ұшырап, ерте жасында қайтыс болғанын және әйелдің екі жетім қызымен жалғыз қалғанын біледі.

Әлгі адам әйелмен әңгімелесіп болғаннан кейін, қыздардың не тілектері бар екенін сұрайды. Олардың бірі шатырларын жабатын жаңа шатыр керек екенін айтса, екіншісі өзіне жаңа аяқ киім қажет екенін жеткізеді.

Ол қасындағы жамағатқа үйдің шатырына жаңа шатыр, екінші қызға аяқ киім сатып алуды тапсырады. Жаңа шатыр мен аяқ киімдер әкелінген соң, әлгі адам кішкентай қыздардан:«Алладан нені сұрап көп дұға етесіңдер, қане аталарыңа айтыңдаршы», деп өтінеді.

Қыздардың біреуі: «Жаңбыр жауған кезде, біздің төбеміз тесік болғандықтан, мен әрқашан Алладан үйіміз ылғал болмауы үшін жаңбыр жаудырмауын сұраймын», дейді.

Екінші қыз болса: «Мен де аяқ киімім тесік болғандықтан, жаңбырлы ауа-райында аяғымның суланбауын қалаймын және Алладан әрқашан жаңбыр жаудырмауын сұраймын», деп жауап береді.

Қыздардың жауабын тыңдаған соң, тақуа адам осы жағдайды жанындағы жамағатқа түсіндіріп: «Егер сендер Алланың құзырында дұғам қабыл болсын десеңдер, біреудің дұғасын қолыңнан келгенше орындамайынша, сенің дұғаң қабыл болмайды», деп сөзін түйіндейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с): «…Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді», деп бұйырған. (Бұхари мен Мүслім)

Алла Тағала баршамызға қабыл болатын амал мен қабыл болатын дұға жасауды нәсіп етсін!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: ДұғаҚуат Қабдолдатілек
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Зәмзәмді күткен қария
Ғибратты әңгімелер

Зәмзәмді күткен қария

20.07.2026
Азан айтуда сауап бар ма?
Сұрақ-жауап

Азан айтылғаннан кейін дұға жасауға бола ма?

14.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Желідегі жасырын жанашырлар

Желідегі жасырын жанашырлар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    535
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    523
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    516
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді
Жаңалықтар

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің қоғамдағы қызметі қандай?

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00