Жұма, 8 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды

18.03.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
43
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Түркістан облысы Отырар ауданы орталығы Шәуілдірде көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғыртылды. Оны жергілікті азамат Абылайхан Қалназаровтың өтінішімен ақмолалық айтулы палуан Арман Сүлеймен көтерді.

Тастың салмағы 150 келіден аса. Ол тас аудан орталығында Наурыз мейрамы кезінде көпшілік алдында рәсімі мен шартына сай көтеріліп, тұғырға орнатылды.

Аталмыш іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясының 3-күні Отырарға сапар кезінде ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған «ҚАЗАҚ КҮШІНІҢ КАРТАСЫ» мәдени-танымдық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Арман Сүлейменді ауданға экспедиция жетекшісі – «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті, күш мәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаров ертіп әкелді.

Шариғат – шаңырақтың тірегі

Шариғат – шаңырақтың тірегі

08.05.2026
ЖИ пәтуа бере алмайды

ЖИ пәтуа бере алмайды

08.05.2026

Абылайхан Қалназаров өз сөзінде:

– Ареке, бұрынғы кездері ауыл-аймаққа әйгілі балуан келсе, зиялы кісілер одан Балуан тас көтеруді өтінеді екен. Бұл рәсімді соңғы рет Отырар ауданында 15 жыл тұрған Қажымұқан атамыз жергілікті милиция бастығы Мырзахмет Сүлейменов үйінде өткен ғасырдың қырқыншы жылдары көтеріпті. Одан беріде 1952 жылы қытай тарапта Дәлелхан палуан көтерді деп естиміз. Ал қазіргі Қазақстан шекарасында кәдімгідей Балуан тас атын атай, Қажымұқаннан кейін рәсім мен шартты сақтап көтерген ешкім жоқ. Сізге осы Шәуілдірліктер атынан өтініш айтайын. Өзара сыйластығымыздың нышаны және күш-қуатыңыздың белгісі болсын! Мына тасты тұғырға орнатып беріңіз, – деп өтініш жасады.

Бұдан әрмен Арман палуан көрсетілген тасты көтеріп, тұғырына қондырды. Осы сәттен бастап ол тас «Балуан тас» мәртебесіне өтті.

Бір қуаныштысы, осы тамаша жиында Абылайхан Қалназаровтың әкесі Мамырайхан Қалназаров ақсақал Арман палуанға бата беріп, астына ат мінгізді.

Мамырайхан ақсақал: «Ауылымызға күнде мұндай алып келе бермейді. «Атам қазақта «Балуан келсе, құт» деген. Басшылар түсінбесе де тап мұны мен түсінемін. Арман ат емес, көлік мінгізуге лайық», – деді.

Анықтамалық: Арман Сүлейменнің спорттық дәрежелері мен жетістіктері туралы мәлімет:

•⁠ ⁠Самбо күресінен спорт шебері, Дзюдо күресінен спорт шебері (қара белдік иесі, 1 ДАН), Қазақ күресі спорт түрінен спорт шеберіне үміткер, Пауерлифтинг спорт түрінен спорт шебері.

•⁠ ⁠Самбо күресі Федерациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бапкері және 1 категориялы төрешісі

•⁠ ⁠Дзюдо күресінен бапкер және төреші

•⁠ ⁠Дзюдо күресінен аттестациялық комиссиясының эксперті

•⁠ ⁠Дзюдо күресінің Халықаралық дәрежедегі инструкторы

•⁠ ⁠Масреслинг бойынша Ұлттық санаттағы жаттықтырушы, Ұлттық санттағы төреші.

•⁠ ⁠Ұлттық күш атасын танымас спорт түрлерінің және бабалардың күш мәдениет жолын дәріптеушісі және жалғастырушысы

•⁠ ⁠Тамешивари спорт түрінің рекордсмены бір соққымен 10 кірпіш сындырған

•⁠ ⁠Дзюдо мен Самбо күрес түрлерінен бірнеше қалалық, республикалық және де халықаралық турнирларының жеңімпазы

•⁠ ⁠Пауэрлифтинг, Армлифтинг пен Пауэрспорт түрлерінің

•⁠ ⁠17 дүркін Әлем чемпионы,

•⁠ ⁠17 дүркін әлем кубок чемпионы,

•⁠ ⁠5 дүркін Азия чемпионы,

•⁠ ⁠18 дүркін әлем рекордшысы.

Айта кетейік, қазақ даласында, дәлірек айтқанда оңтүстік өлкеде Қажымұқаннан кейін дәл осындай жойқын тас көтерген кісілер болмады. Осылайша, араға сексен жылдан аса (86 жыл) жыл салып, ұмыт бола бастаған рәсім 2026 жылдың 20 наурызында Қажымұқаннан кейінгі тоқтаған жері – Шәуілдірде қайта жаңғырды. Яғни бұл істің символдық та мәні зор.

Бұл орайда Қажымұқанның көтерген тасының салмағы куәгерлердің сөзіне қарағанда формасы жағынан сандық тәріздес және салмағы 30-40 пұт шамасы болған. Өкінішке қарай ол тас 1969 жылғы аудан аумағында болған су тасқыны кезінде басқа да балуантастармен бірге жоғалған.

Абылайхан Қалназаровтан қосымша дерек:

Қажымұқанның Шәуілдірде балуан тас көтеруі

Ілгеріде Шаян өңірінің партия комитетінде қызмет атқарған Мырзахмет Сүлейменов деген бір азамат болыпты. Сол кісі 1940 жылдары Шәуілдірде тұрған шақтарында әйгілі алып Қажымұқанмен қатты араласып жүреді. Оның үйінің алдында сандықтай ғана көрінгенімен, орнынан қозғау қиын, аса ауыр бір арыстан тас болады екен. Ауылдың он шақты жігіті жабылып көрсе де, әлгі тасты қозғалта алмайды.

Бір күні ойда-жоқта Қажымұқан сол үйге келе қалады. Мырзахмет балуанның мінезін білсе де, қалжыңдап, оның намысын қамшылайтын сөз айтып:

– Құдай маған осы тасты алып тастайтын Рүстемдей бір дәуді бермеді?! – дейді.

Ым астарын түсінген Қажымұқан оған көзінің қиығымен қарап:

– Рүстем ауылыңда жүргенде неден састың? – деп бұл да оған әзілге басып, Мырзахмет пен жанындағы көрермен топқа қарата бір күліп алады. Содан соң әлгі тасқа жақындай түседі де, еш қиналмастан жерден жұлып алып, сәл шайқай, бірнеше қадам жерге лақтырып жібереді. Досы бұған тіптен, шад-шадыман болып, мәртебе көріп, бұл ерлікті ел-жұртқа жаяды. Болжам бойынша, ол тастың салмағы 30-40 пұттың айналасы болған.

Бірақ бұл Қажыекеңнің шау шартқан, қария кезі болғандықтан, біраз ауырсынып жүреді. Өзі де кейін сұрағандарға:

– Әй, сол жолы белім бір шаншып қалып, екі-үш күн ауырып жүргенімді қайтесің! – депті.

Сол тарихи тас Отырардың бір тұсында әлі жатса керек.

Бұл оқиға Қажымұқанның жетпіске келген шағындағы қайраты мен ел ішіндегі сөзге келгенде де ұста әрі әзілшіл болмысын көрсететін ерекше бір дерек болып қалды.

Таңбалар: Арман Сүлейменбалуан тасТүркістан
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы
Қоғам

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті
Жаңалықтар

«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті

19.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    208
  • Өте маңызды өсиет

    179
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    107
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    102
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    98

Соңғы жарияланымдар

Шариғат – шаңырақтың тірегі
Видео

Шариғат – шаңырақтың тірегі

08.05.2026
ЖИ пәтуа бере алмайды
Видео

ЖИ пәтуа бере алмайды

08.05.2026
Ақтөбе: Халал куәліктері табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: Халал куәліктері табысталды

08.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00