Бейсенбі, 13 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қатарда Қазақстанның Мәдениет күндері ашылды

05.02.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
21
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени іс-шараның өтуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды.

Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Мәдениет күндері аясында Премьер-Министрдің орынбасары Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәнимен екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар мәдениет пен өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерінің Қатар Мемлекетінде өтуі біз үшін зор мәртебе. Қазақстан мен Қатар халықтарын жақындастыратын ортақ тарихи және рухани құндылықтар бар. Екі ел де бай көшпелі өркениет мұрасын сақтап, дәстүрлі мәдениетті қадірлеуге айрықша мән береді. Осы ортақ құндылықтар алдағы уақытта да халықтарымызды одан әрі жақындастырып, жаңа бірлескен мәдени жобаларды іске асыруға берік негіз болады деп сенемін», – деді Аида Балаева.

Өз кезегінде Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәни екі ел қарым-қатынастарының даму әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, бірлескен мәдени жобалар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің берік негізіне айналатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында креативті сектордағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Аида Балаева Қатар Мемлекетінде креативті индустриялардың қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстанда да бұл бағыттың басымдыққа ие екенін атап өтті. Республикада Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылған. Осыған байланысты қазақстандық тарап бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және аталған салада практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

12.08.2026

Жалған ақпараттың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

12.08.2026

Сонымен қатар өзара ықпалдастықтың өзге де перспективалы бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, бірлескен кітаптар шығару, екі ел авторларының шығармаларын қазақ және араб тілдеріне аудару, сондай-ақ суретшілерді қолдау тетіктері бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Практикалық қадам ретінде аталған бағыттардың барлығын қамтитын Ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына қол қою ұсынылды.

Кездесу соңында делегация басшылары Қазақстан өнер шеберлерінің мерекелік гала-концертін тамашалады. Концерт бағдарламасында қазақ халқының классикалық музыкалық мұраларынан бастап, халық күйлері мен әндері, симфониялық өңдеудегі заманауи туындылар, сондай-ақ араб әндері орындалды.

Сондай-ақ делегация басшылары Мәдениет күндерінің негізгі іс-шаралары өтіп жатқан Доха қаласындағы «Дарб Аль-Саги» мәдени-тарихи орталығына барды. Мұнда тақырыптық концерттер, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық нақышты заманауи үлгіде танытатын дизайнерлердің туындылары ұсынылған. Бағдарламада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі дайындаған экспозицияға ерекше орын берілді.

Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауға айрықша мән беріліп, оның ішінде дәстүрлі садақ ату өнері, саятшылық, сондай-ақ тазы итпен аң аулау түрлері таныстырылды. Айта кетейік, Қазақстанның мәдениет күндерінің төрт күндік бағдарламасы Қазақстан – Қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және елдің ұлттық мәдениетін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстанда Қатар Мемлекетінің мәдениет күндері өтеді.

Таңбалар: Аида БалаеваҚазақстанның мәдениет күндеріҚатар
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлттық архивке – 20 жыл
Жаңалықтар

Ұлттық архивке – 20 жыл

05.08.2026
Қатар елшілігіне барып көңіл айтты
Жаңалықтар

Қатар елшілігіне барып көңіл айтты

15.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Исламдағы сөз жауапкершілігі

Исламдағы сөз жауапкершілігі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мүфтият ғимаратының ауласына 440 арша ағашы отырғызылды

    Ағаш отырғызудың сауабы қандай?

    24
  • Исламда жалқаулықтың орны қандай?

    21
  • Әлеуметтік желіде біреудің айыбын ашу күнә ма?

    18
  • «Бауырын өзінен артық көргендер»

    15
  • Көне шаһардың келбеті өзгереді

    14

Соңғы жарияланымдар

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады
Жаңалықтар

Хуситтер әскери нысандарға соққы жасады

12.08.2026
Қоғам

Жалған ақпараттың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

12.08.2026
Сұрақ-жауап

Адамдардың бір-біріне мейірімсіз болу себебі неде?

12.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00