Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қайырымдылық эстафетасы

06.06.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
24
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жуырда «Microsoft» трансұлттық корпорациясының негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адамның бірі Билл Гейтс алдағы 20 жылда өзінің бүкіл дәулетінің 99 пайызын біртіндеп қайырымдылық жолына тара­татынын мәлімдеді. Оның бүгінгі бар байлығы – 200 млрд доллар шамасында.

«Мен өлгенде ел қалағанын айтсын. Бірақ «байлығын арғы дүниеге алып кетпеді, бәрі қалды» деп айтқанын қаламаймын. Бай болып өлу – масқара», деп жазды ол.

Б.Гейтстің жеке қоры кейінгі 25 жылдың ішінде жоқ-жітікке 100 млрд доллар шамасында көмек үлестірген екен. Бұл – көпке үлгі боларлық тамаша іс. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді халық даналығы. Біздің дінімізде де, ұлттық дүниетанымда да өзгеге қолұшын созу, қолдау мен көмек беру әрдайым сауапты амал саналған. Қолын­да бар дүниесін елмен бөлісіп, қаймана жұртқа қарайласуды парызы санаған Атымтай жомарттар аз емес. Ондай жарқын мысалдарды бүгінгі өмірімізден де көптеп келтіруге болады.

Қазіргі қоғамда жұртты алаңдатып отырған ең басты әлеуметтік мәселенің бірі – баспана. Он екі мүшесі сау, аяқ-қолы бүтін адамның еңбек етіп, талпынып, талаптанып жүріп үй алуына мүмкіндік бар-ау. Ал қоғамда асыраушысынан айырылған, аз қамтылған, мүгедектікке шалдыққан, жағдайы мүшкіл отбасылар да көп. Олар үшін бағасы күн санап көтеріліп бара жатқан пәтер алу мәселесі көбіне арман күйінде қала береді. Қалтасы қалың азаматтар қолұшын созып көмектеспесе, тағдыр тауқыметін тартып отырған кейбір жандардың үйге қол жеткізуі мүмкін емес.

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025

Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ елі ешуақытта жетімін жылатып, жесірін қайғыртпаған, жағдайы төмен адамын далада тастамаған. Бұл мейірбандықтың бүгінгі бір көрінісі халықтан жылу жинау арқылы мұқтаж жандарға баспана алып беріп жатқан түрлі қорлар мен жобаларды айтуға болады. Соның бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен 2018 жылы құрылған «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» атты бірегей жобасы.

Әлеуметтік желіден осы қор арқылы талай адамның баспаналы болып жатқанын көріп жүрміз. Қордың директоры Мақсатбек Қайырғалиевтің айтуынша, қайырымдылық акциясы басталғалы 7 жылдың ішінде қор 835 адамға баспана сыйлаған. Оның ішінде ұзақ жылдан бері пәтерден-пәтерге көшіп мезі болған, жертөледен айырмашылығы жоқ лашықтарда тұрып келгендер, асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасылар, т.б. қарапайым ел тұрғындары аз емес. «Ел үлесі – пәтерге» жобасының бір ерекше тұсы – қайырымдылық акция­сы қазақ халқының танымындағы асарға ұқсайды. Тек асар жасаушылар қол күшін емес, қаржылай әлеуетін қолданады. Кім қанша берем десе де өз еркі. Тиыннан теңге құралып, ол сосын мол қаржыға айналып, мұқтаж отбасыларға баспана болып қайтып жатыр», дейді «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері.

Былтыр көктемде еліміздің бірнеше өңірінде алапат су тасқыны болып, ауыл­дар суға кетіп, жалғыз үйінде жан бағып отырған қаншама қарапайым тұрғын баспанасыз қалды. Қысылтаяң шақта қор қызметкерлері де шетте қалмай, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен мұқтаждың мұңын бөлісіп, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бірнеше өңірде тұрғындарға пәтер үлестіргенін көзіқарақты оқырман жақсы бі­леді. Атап айтқанда, ҚМДБ төрағасы Ар­қалық қаласына арнайы барып, үйі суға кеткен 7 отбасына баспана кілтін табыстады. Сондай-ақ тағы бір пәтер Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында тұратын көпбалалы отбасына берілді.

«Ел үлесі – пәтерге» жобасының тағы бір мақсаты – ауыл-аймақтағы мешіттерде айлықсыз қызмет етіп жүрген дін қызметкерлерін қолдауға бағытталған. Осылайша, 2022 жылдан бері акция аясында баспанаға мұқтаж мешіт қызметкерлеріне үй алып беруге, мешіт жанынан салынған қызметтік пәтерге орналастыруға жол ашылды.

Бірнеше жылдан бері ел тұрғында­рына баспана сыйлап жүрген тағы бір ұжым – «Харекет» қайырымдылық қоры. Бұл қордың тарихы 2017 жылы Facebook әлеуметтік желісінде Гүлмира Мұханқызының «1000 теңгеге баспана» деген ұранымен басталған. Яғни «егер 1000 адам 1000 теңгеден жинаса, бір мұқтаж отбасы үшін кем дегенде бір үй сатып алуға болады» деген оймен алғашқы қайырымдылық жұмысы бастау алып, кейін ізгі іс жалғасын таба келе, «Харекет» қоры құрылады. Қорға «Өнер қырандары» театрының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Мадияр Серікбаевтың құрылтайшы ретінде қосылуы қайырымдылық жұмысына жаңа серпін берді. Бүгінде Гүлмира Мұханқызының ісін оның қызы, қордың қазіргі директоры Айдана Қалдыбекқызы жалғастырып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап келеді.

Осы күнге дейін қор арқылы 1095 отбасына баспана берілген. Бұл қор да халықтың көмегі арқылы жұмыс істейді. Белгілі банктің қосымшасы арқылы «Харекет» қорының есепшотына кез келген адам қалаған көмегін жолдауына, сол арқылы қайырымдылық ісіне атсалысуына мүмкіндігі бар.

«Бізге көбіне мұқтаж жандар өздері хабарласады. Кейде жанашыр азаматтар звондап, жағдайы мүшкіл отбасылардың мекенжайын береді. Қор өкілдері, еріктілер соларға арнайы барып, тексереді. Біздің өлшеміміз бойынша ең алдымен асыраушысынан айырылған жетім-жесірлер, 1–3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар немесе сондай баланы бағып отырған адамдар, кемінде 7 баласы бар отбасылар таңдап алынады. Олар біздің тексеруден өткеннен кейін кезекке қойылып, біртіндеп баспана беріледі», дейді қор өкілі Әлімжан Бекжанұлы.

Оның айтуынша, осыдан бірер ай бұрын қор тарапынан «200 күнде – 200 баспана» атты бірегей акция бастау алған. Оның мақсаты – күніне бір отбасыны баспанамен қуанту. Бүгінге дейін акция аясында 60-тан астам отбасына үй берілген. Ізгі бастама жалғасын тауып жатыр.

Айта кетсек, қазір қоғамда халықтан жылу жинайтын түрлі қорлар мен адамдарға деген сенімсіздік белең алғаны белгілі. Ол негізсіз де емес. Өйткені қайырымдылық жасаймыз деген желеумен халықтың қаражатын жеке бас пайдасына жұмсаған алаяқтар да баршылық. Оның кейбірі ұсталып, қылмысы әшкереленіп, ел алдында масқара болғанын көріп жүрміз.

Дегенмен халықтың да, Құдайдың да алғысына бөленейін деген мақсатпен шынайы ниет етіп, ел-жұртқа көмек қолын созып жүрген парасат иелері де арамызда аз емес. Біз айтып отырған «Зекет және қайырымдылық», «Харекет» қорлары солардың қатарын­да. Олар халықтан түскен әрбір тиынның есебін беріп, оны мұқтаждың мұңын тарқату жолында жұмсап жүр.

Бұл қайырымдылық эстафетасына әрбір жан атсалыса алады.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: "Харекет" қоры«Ел үлесі – пәтерге» жобасықайырымдылық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бейне бір уақыт сыйлағандай екенсіз…
Ғибратты әңгімелер

Бейне бір уақыт сыйлағандай екенсіз…

09.06.2025
Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды
Жаңалықтар

Екі күнде 60 мыңнан астам отбасыға құрбандық еті таратылды

08.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлтты ұйыстыратын ұлы күн

Ұлтты ұйыстыратын ұлы күн

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81014 бөлісті
    Бөлісу 32406 Твитерге 20254
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    22 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2539 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Сұрақ-жауап

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025
Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды
Жаңалықтар

Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00